Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі.
-
Сыңар мүйіз – кең тараған ою-өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар мүйіздің» тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді.
-
Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек.
-
Қос қанатты - құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек.
-
Өсімдік тектес оюлар неге ұқсас?
-
Гүлге, жапыраққа, ағашқа ұқсас өрнектер.
-
Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек.
-
Көбелек – қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек.
-
Балалар, айға, жұлдызға, аспан денелеріне ұқсас оюларды қалай атаған?
-
Ғарыштық деп атаған.
-
Жұлдыз – бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.
-
Геометриялық – ромбылар, иректер, жұлдызшалар, үшбұрыштар және көпбұрыштар.
-
Ботакөз – сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек.
-
Қарға тұяқ – қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған өрнек.
-
Тұмарша – үшбұрыш үлгілес болып келетін өрнек.
-
Жарайсыңдар, балалар!
-
Әр ою–өрнектің астарында мағына болады.
-
Суреттер көрсетілген оюларды атап, мағынасы нені білдіретінін айтыңдар.
-
«Қошқар мүйіз» оюы - ... . (молшылық)
-
«Ағаш» оюы - ... . (ынтымақ, бірлікті)
-
«Ирек» оюы - ... . (адамның өмір жолы)
-
«Су», «шеңбер» оюы - ... . (жарық, өмір жолы дегенді білдіреді)
-
Түстедің де өз мағынасы бар.
-
Көк түс - ... . (аспанды, жасару, өмір, өсу деген мағынаны береді)
-
Қызыл түс - ... . (оттың, күннің белгісі)
-
Қара түс - ... . (жер, түнді бейнелейді)
-
Сары түс - ... . (ақыл, парасат, байлық, ақ түс-қуаныш, бақыт, тазалық)
-
Жасыл түс - ... . (жастық, көктем, белгісін білдіреді)
Достарыңызбен бөлісу: |