Түрлі-түсті қағаздан мүйіз тектес ою-өрнек түрлерін қиып композиция жасау.
(Балалардың жасаған жұмыстарын тақтаға ілу)
V. Қорытынды Сұрақ-жауап Ою-өрнектерді қай жерлерде көрдіңдер?
Қандай ұлттық бұйымдарда көрдіңдер?
Ою-өрнек орысша қалай айтылады?
Тәрбие сағатынан алған әсерлерің қандай?
Сендер бүгін ашық тәрбие сағатында не үйрендіңдер?
Балалар, оюдың адам баласына тигізер әсері көп. Ол адамның ойын бір жүйеге келтіреді, денсаулыққа пайдалы жағы да бар. Ол жүйке қызметін ретке келтіруге, ашуды, қайғыны басуға ықпал етеді.
Сонымен, балалар, қазақ халқының салт-дәстүрін ұмытпай, жалғастыруға өз үлестеріңді қосады деген оймен бүгінгі ашық тәрбиелі сағатымызды аяқтаймыз.