Степногорск қаласың Ақмола облысының комуналдық мемлекеттік мекемесінің дарынды балаларға арналған №4 “Болашақ” мектеп-интернаты
Тақырыбы:Мағжан Жұмабаевтың позсиясындағы бейнешілдік
Секция:Қазақ әдебиеті
Аннотация
Қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мұғалімі:Енсебаева У.С.
Орындаған:Рашадинова Назерке
9 “Ә” сынып оқушысы
Мазмұны
Кіріспе.................................................................................................
Ұлтымыздың ұлы ақыны ....................................................4-5
Шығырмашылығы....................................................................7-9
Негізгі бөлім
“Мен жастарға сенемін” атты өлеңінің маңызы..........................10-11
“Түркістан ер түріктің бесігі ғой”маңыздылығы.............................12
Мағжан Ж.Ескерткіштері мен Мұражайы.....................................13-18
Қорытынды...........................................................................................19
Қолданылған әдебиеттер........................................................20
Кіріспе
Мақсаты: халқының қамын ойлауы,еліне адал қызмет етуі.Поэзиядағы бейнешілдікті көрсету
Міндеті:келер болашақ жастардың қолында екеніне сеніп,қазақ әдебиетіне өзінің шығармаларымен,жасаған қызметтерімен елге қызмет етуі.
Тақырыптың өзектілігі: Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдык өмірге белсене араласады. Соларга ақындық ун қосып отырады. Мерзiмдi баспасез беттерінде өлеңдерi мен мақалалары жиi жарық көреді. Бірнеше өлең жинақтары да шығады.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын бірнеше мәселеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің болжамы:Ақынның жасаған істері - тұнық тазалығымен, өміршеңдігімен, асқақ арманымен, нәзіктігімен, сұлулығымен халқымыздың аса қымбат, аса асыл мұрасы.
Зерттеу пәні:Қазақ әдебиеті
Зерттеу әдіс-тәсілдері:Қосымша ақпараттарды ізденіп,жобада қолдана білу
Зерттеудің объектісі:Қазақ әдебиетіне көп үлес қосқан көрнекті өкілінің бірі.
Жобаның ұсыну формасы:Зерттеушілік,Оқырманға ұсыну.
Мағжан қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бiрi әрі бірегейі. Ол артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгiлiк ескерткiш қалдырып кетті. Тәуелсiз елiмiздiң Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында:
«Құрманғазының ғажайып күйлерi, Мағжанның мөп-мөлдір асыл лирикасы, Мұхтардың эпикалық көркем прозасы, Шоқанның барша әлемді таңғалдырган жаңалықтары, ұлы Абайдың философиялық толғаулары ынта-ықылас қойған әрбір адамның ішкі жан дүниесін байыта түсері анық», деп жазып, ұлтымыздың дара жаратылған дана тулғаларынын халқымызга қалдырған баға жеткісіз бай мұраларына айрықша мән-маңыз бергені мәлім.
Елбасымыз есiмдерiн ерекше ықыласпен атаған асқан дарын иелерінің арасынан бiз, солтүстік қазақстандықтар, әрине, өзіміздің Қызылжар өңірінен шыққан қос арыс - Шоқан мен Мағжанды елiмiздiң даңқын асырған ұлы жерлестеріміз ретінде айрықша мақтан тұтуга хақылымыз.
Осы орайда үстіміздегі жылдың арқалайтын жүгi де айтарлықтай. Өйткені, биыл жазда қазақ поэзиясынын мәңгі өшпес жарық жұлдызы - Мағжан бабамыздың туғанына 115 жыл толғалы отыр.
Небары 45 жылға да толмайтын қысқа ғұмыр кешіп, кеңес заманындағы саяси қуғын-сүргіннің кінәсіз құрбаны болған Мағжан бабамыз ақыры тарихтағы «хрущевтік жылымык» келiп жеткен 1960 жылы әрең ақталды. Бірақ, өкінішке қарай, ұлы акынның артында қалған, баға жеткiсiз, мол рухани мұрасын жарыққа шығаруға мүлдем тыйым салынды. Бірен-саран адамдар онын жалынды жырларын ұмытпай жадында сақтап, жұрттан жасырынып, жатқа оқығандары болмаса, Мағжан есiмiн айтуға да қаймығып, қорқып тұратын қаһарлы заман тағы 28 жылға созылды.
Көзі тірісінде ақын атағы жалғыз Қазақстан емес, Өзбекстан Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстанга түгел жайылып, сол тұс тағы татар Ғалымжан Ибрагимов, өзбек Фитрат, Шолпан, қырғыз Касым Тыныстанов Мағжан ақындығының дария ағысты, терең тұңғиығына назар аударса, қазақ топырағында сан алуан, кереғар пікірлер айтылды. Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» (1926) кітабында қазақ өлеңі табиғатын, құрылысын түсiндiру үшін Мағжан шығармаларынан көптеген мысалдар алады Жүсiпбек Аймауытов арнайы «Мағжанның ақындығы туралы» деген зерттеу жазды. Мұхтар Әуезов Мағжанды Абайдан кейінгі ең үздік, жүйрік ақын санайды. Ғаббас Тоғжанов «Мағжанның ақындыгы, Жүсіпбектiң сыны», Сәбит Мұқанов «ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті>> еңбектерінде Мағжан поэзиясынын тереңiне бойлай алмай дерекi социологиялык өлшемдермен кетiп қалып, кей тұстарда дәлелсіз саяси айып тағуға дейін барғандығын жасыруға болмайды.
Шығармашылығы
Мағжан - ұлы ақын. Қазақтың кемеңгер жазушысы Мұхтар Әуезов: “Абайдан кейін Мағжанды сүйемін... Мағжан культурасы зор ақын... Сыртқы кестенің келiсiмi мен күйшілігіне қарағанда, бұл бар заманның шегiнен асқандай... бүгінгі күннiң бар жазушының iшiнен келешекке бойұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз-Мағжанның сөзі", деп, онын ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнын да деп басып айтқан. Мағжан лирик ақын, сыршыл ақын. Ақын поэзия сынын ең қомақты жағы - осы лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жан тербетеді, адамды нәзік сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары сан алуан: туған жер, атамекен, халық тағдыры, ар-адамгершілік, шынайы махаббат, т.б. Мағжан-эпик акын. Оның қаламынан "Батыр Баян","Қорқыт", "Жүсіпхан" сияқты поэмалар туған. "Батыр Баян" поэмасында өзінің халқына деген суымас перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Еліміздің, жеріміздің бүтіндiгi жолында жанын пида еткен халқынын кемеңгер ел басшысын:
...Желекті найза қолға алып,
Желкiлдетіп ту ұстап, -деп, жауға атой берер ержүрек батырларын, акылгөй, данагөй ақын-бабаларымызды жыр арқауына енгізіп, асқан ілтипатпен бейнелеген.
Халқымыздың сондай ержүрек перзенттерінің бірі батыр Баян. "Батыр Баян" поэмасы "алашым" деп еңіреп, "майданда жолбарыстай" ерлік көрсеткен осы аруақты кекжал батырға арналған.
Баян Абылай ханның талай қанды шайкақтарда ересен ерлік көрсеткен сүйікті батыры, калың жауға қаймықпай Барар жолбарысы еді. Поэмада ханның оған деген құрметі нақтылы айшықталған.
Дастанда батыр Баян ерен ерлігімен ғана емес, жан тазалығымен, ізгілігімен көрінген. Оның сол адамгершiлiк, азаматтық қасиеті інісі Ноянның қалмақ қызы үшін елiне де, өзіне де жасаған опасыздығы үстінде ашылады. Екі жастың бұл қылықтары біріне аға, біріне көке болған батырдың намысына қатты тиеді. Ақын батырдың сондағы жан арпалысын былайша суреттейді:...Өлді акыл, атып тұрып батыр Баян, Боз уйлен оқ жыландай шыга келді.Батырды ақылынан адастырған не? Ол, бiрiншiден,батырдың қалмақ қызына деген ыстық махаббаты:
...Сол сұлу, сұлу екен атқан таңдай.
Бiр соған бар сұлулық жиылғандай.
Лебiзi, жiбек лебi, жұмсақ желi
Кәусардан татқан адам қалар қанбай.
Осы періштедей сулу қызға батыр қалайша ынтық болмасын. Екіншіден, ең бастысы, туған інісі Ноянның калмак кызынын арбауына түсіп, ел намысын, алаш намысын таптап кеткені.
...Құл болып бiр қыз болдырғаны,
Алашқа бұдан да ауыр шер болар ма?..
Поэманың екінші тарауы Баянның ерлік істеріне арналған. Дастандағы батыр Баянның қанды шайқастағы көзсіз ерліктерін бейнелеген тұстары оқушыны толғандырмай тұрмайды, бейтарап қалдырмайды. Ақынның батыл кимылдары мен жан әлеміндегі арпалыстары суреттелген жерлерде сөз маржандары буыркана, бұлкы на төгіледі. Айқас сөзге, сөз айқасқа айналгандай, аскан ерліктің тұтас бітімін тұрғызғандай, кайғы-қасірет күйін сөз өрнегімен шынына жеткізгендей. Баян соңғы демі біткенше жалгыз өзі шабысады.
...Екі көз екi қызыл шок боп кеткен, Аузынан көбік болып бұрқырап қан. Оң-солға алдаспанды сілтегенде,
Бұлактай қалмақ қанын бурқыраткан...
Есiл ер жаумен бiтiмсiз шайқаста дүние салады. Жау масайрайды. Мейірімсіз қанiшерлер батырдың елiгiн де корлайды. Жау мейірімі түспесе де, табигат -ана өзiнiң асыл перзентін жас теге ыстык кұшағына алады.
Алаштың ардагері батыр Баян
Бiр қиырда кала берді топырақ қауып.
Жаудан да мейiрiмдi боп жылады жел,
Күніренді ер денесін кұммен жауып, деп, табиғатты да батыр қазасына ортақтастырып бейнелейді.
Ақын поэманы:
...Арқаның селі, желі, шөлі, белі, Ерлердi ұмытпаса, ел де ұмытпас...
деген жолдармен тамамдайды. "Мағжанның ақындық күші, сөзге еркіндігі, суретшілігі, - деп жазады қазақтың аскан сөз зергері Жүсіпбек Аймауытов, "Баянда" толық көрінеді. Абай айтқан сөз патшасы "Баянда" бар. Адамдардың мінезін дұрыс келтіру, махаббатты, батырды, соғысты, өлімді суреттеуі өмірді түйе білгендігін көрсетеді. "Баян" - қазақ әдебиетінде бола бермеген табыс".
Мен жастарға сенемiн!
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемiн!
Тау суындай гүрiлдер,
Айбынды алаш елiм дер,
Алтын Арқа жерiм дер,
Мен жастарға сенемiн!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн!...
Алаш айбынды ұраны,
Қасиеттi құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемiн!
Мен сенемiн жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бiр таңда,
Мен жастарға сенемiн
Бұл өлеңінде болашақ жастардың қолында екені,бізге келер ұрпаққа сенуі.Жастарды мақтап,оларға нық сенімін артып отырған, елге пайдалы іс-әрекеттерді күтетін,қоғамға өз үлесімізді қоса алатыынмызға сеніп,қолдау білдіруі.Еңсесі түсіп,өзіне сенімділігін жоғалтып,еріншектенген жастарға үлкен ой салып отыр.Ерекше бір жігерлетіп, өзімізге сенімділігімізді одан есе жақсарытып,рухтандырып тастағандай.Арыстандай айбатты,Жолбарыстай қайратты деп біздің арыстан сияқты күшті,жігерлі,ел басқара алатын,халықтың қамын ойлатынымызды,жолбарыстай мықты,қайратты,қуатты,күшті отанымызға деген сүйіспеншілікпен қарауымыз жайлы айтылған.
"Түркістан Ер Түріктің бесігі ғой". Мағжанның "Түркістан" деген өлеңі - "елім", "елім", "жерім" деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырларын шынайы да шебер үлгісі. Ақынның мына бiр жолда рына үңілейікші:
Түркістан - екі дүние есігі гой,
Түркістан - ер түріктін бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктін Тәңірі берген несібі ғой...
Тұранга жержузiнде жер жеткен бе?
Түрiкке адамзатта ер жеткен бе?
Кен акыл, отты кайрат, жуйрiк киял
Тұраннын ерлерiне ер жеткен бе?
Ақынның еліне, еріне, жеріне деген патриоттық шынайы перзенттік сезімін бұл жолдардан айқын аңғарсақ керек. Ақын Түркістанына, Тұранына оқушыны ынталандыру үшін дыбыстарды қалай ойнатқан, дыбыстардан керемет өрнек, сурет жасаған.
Ақын алашын еш алаламаған. Түркістан, Тұран - біртұтас ұғым. Бәрі — түркі жері, қазақ жерi. Бұл жердi мекендеген халықтар бiр кiндiктен жаралған деп бiлген, таныған.
Мағжан өзінің осы шығармасында тарих қойнауына тереңдей ене, елiмдеп еміренген ер-азаматтарын, ел зиялыларын асқан сүйіспеншілікпен жыр етеді. Ол "тумайды адамзатта Шыңғыстай ер", "бiлгiш аз жеткен жүйрік Ұлыкбекке", "асыл қан - қасиеттi түрiк қаны, сол қаннан Ибн Сина Әбугали", "түрiктiң кiм кемiткен музыкасын, Фараби тоғыз шектi домбырасын", "қазақтын қасқа жолды Қасым ханы", "Тәукедей данышпан хан кұрған екен, басында Күлтөбенің Құрылтайын", "Алаштын арыстаны Абылай ерi" деп, түркінің улы перзенттерін, даналарын сүйсiне еске алып, ұрпағына үлгі етедi.
Солтүстiк Қазақстан облысы, М. Жұмабаев ауданы, Сарытомар ауылындағы мұражай
Солтүстiк Қазақстан облысы, М. Жұмабаев ауданы, Сарытомар ауылындағы.
Мағжан Жұмабаев атындағы мұражай 1993 жылы, ақынның туғанына жүз жыл толуына орай елi М.Жұмабаев ауданындағы Сарытомар ауылында ашылды.
2008 жылдың шiлдесiнде, ақынның 115 жылдығына арнап.
2008–2009 жылдардағы «Мәдени мұра» аумақтық бағдарлама аясында мұражайда толыққанды жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.
Ғимарат аумағы жөндеуден кейiн 60 ш.м. құрады, экспозициялық аумағы 55 ш.м. Ақынның өмiрлiк және әдеби-шығармашылық жолына арналған экспозиция 3 залда орналасқан. Бұл мұражайдың экспозициялық залдары жоғары эстетикалық деңгейде қазiргi заман талаптарына сәйкес «Дара» фирмасымен рәсiмделген.
2008 жылы мұражайға мемлекеттiк мәртебесi берiлдi.
Мұражайда, ақындармен, жазушылармен кездесулер, дөңгелек үстелдер, және-де мемлекеттiк, ұлттық мейрамдарға арналған iс-шаралар жүргiзiледi.
Мағжан поэзиясындағы көкжал толқын, көгала ағыстың бірі – өмір мен өлім, тіршілік пен ажал шайқасы екеуінің бетпе бет келуі.
Мағжан – ұлтжанды ақын. Ол бүкіл ақындық талантын ұлтына, Алашына бағыштаған. Ол осы бағытта әсте таймаған.
Ақын тоталитарлық қызыл империяның шовинистік саясаты түсында да азаматтық ерлікке барған. Райынан қайтпаған, халқының адал перзенті болды. Мағжан жырлары өзінің сезім шыныйылғымен оқушысын баурап әкетеді.Ол тек өз махаббатын, өз сезімін ғана емес, жалапы жұмыр жер пендесіне тән әйел затына деген сөнбес,таусылмас,іңкәр сезімдерін дөп басып жырлай білді.Мағжанның өлеңдерінде табиғатқа, ғашық жарға деген ыстық сезім өріле жүреді.Екеуінеде де емірінеді,бүкіл жан-тәнімен сүйеді.
Мағжан поэзиясы - жан, жүрек, сезім поэзиясы. Ол оның бүкіл қан тамырынан жаралған. Ақын кандай тақырыпты жыр өзегі етпесін, бәрi "мен-Мағжанмын" деп мұндалап тұрады. Оның жырларынан бейжайлыкты кездестірмейсің. Жілігі татымас жасық жолдарды ұшыратпайсың. Онда отты жүректің соғысы, ізгі де сұлу, елжіре ген, еміренген жан лүпілі естіледі, онан өмiр азабын, мехнатын тартқан жанның қайғы-мұңы, зары, шерi құлағына шалынады, онан акынның озбырлыққа, өктемдікке, өзiмшiлдiкке деген ыза-кектi, каһарлы ерлiк үні естiледi. Арман-мұраты мен халқына деген сүйіспеншілігі барынша сезіледі.
Мағжан жырларында реализм, романтизм, символизм өріле жүреді. Оның лирикалық жырларында да, эпикалық поэмаларында да реализм, романтизм, психологизм шынайы өрнек тапкан.Өшпес, сөнбес, өлмес жырлар-тек алып та улы жүректiң берер сыйы. Мағжанға азаматтық та, ақындық та, ұлылық та дарыған. Сонан да болар-Мағжан поэзиясы оқырмандарының қойын кітабындай боп кеткен.
Қорытынды
Барлығын қорытындылай келе Мағжан тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түрік жұртының мүдде-мақсатына ортақтас болған. Ақынның осындай елiне, халқына, бүкіл түрік нәсiлдес, кандас халықтарға деген сүйіспеншілігін тоталитаризм заманы айыптап, оған "ұлтшыл", "түрікшіл” деген таңба тағып, талай қуғын-сүргінге ұшыратқан, абақтыға жапқан. Ақынды ақыры айдауда азаппен өлтірген.
Мағжан табиғатты сондай жақсы көреді. Табиғатты жазса, айнымас анаға, нәресте балаға, сүйген жарға теңеп жазады. Мұны біз ақын жырынан анық танимыз.Мағжанның патша отаршылығынан, қызыл империяның қиянатынан қалың жұрты - қазағының мүшкіл хал кешіріп отырғанына қайғырып, қамығып, мұн-шерге батқан кезде жан тынысын махаббаттан тапқан. Сонымен өзін әлдилеген, сонан шәрбаттанған. Шынайы махаббат оның кәусары, жан азығы болған.Мағжан өз шығармаларында мөлдiр де таза махаббатты өмір мәні деңгейіне көтерген. Мағжан поэзиясы - тұнық тазалығымен, өміршеңдігі мен, аскақ арманымен, нәзіктігімен, сұлулығымен халқымыздың аса қымбат, аса асыл мұрасы.Мағжан халқының болашағына сенген, келешектен зор үміт күткен. Халқына жарық таң атып, Ай мен Күн шапағы тиiп, нұрлы өмір туарына сеніп кеткен. Кейінгі ұрпағы шуақты өмір құшағына беленеріне барынша үміттенген. Халқының құлдық өмірге бойсұн бай, жолбарыстай айбат шегіп, жауына каһар шаша аттанар шағы да туар деп білген.
Ең бастысы - Мағжан жырлары бірнеше мәрте, әрі томдаған кітаптар болып, қайтадан басылып, ұлы ақын армандаған азаттыққа қолы жеткен халқымыздың аса қымбат рухани қазынасына ай налды. Осы игілікті іске кейінгі кезде Қызылжар өңірiн төрт жылдай басқарған облысымыздың құрметті азаматы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, дипломат, бүгінде Еуразиялық экономикалық коғамдастықтын Бас хатшысы мәртебелі қызметін атқарып жүрген Тайыр Аймұхаметұлы Мансұров пен оның зайыбы Сәуле Әмірханқызы айрықша зор үлес қосып, Мағжан шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде жинақ қылып, Мәскеу ден шығарып, Қазақстан мен Ресейге таратты. Бұл ретте Мағжан мұрасын насихаттауға жерлес қаламгер. Парламент Мәжілісінің депутаты Жарасбай Сулейменов пен белгілі ақын Мүтәллап Қанғожи де елеулі еңбек сіңіргенін айта кеткен абзал.
Қолданылған әдебиеттер
Қазақ әдебиеті 9 сынып «мектеп» баспасы
Қазақ совет әдебиеті «Мектеп» баспасы,1989
Мағжан Жұмабаев Туған жер Петоропавл қ. 2008
Достарыңызбен бөлісу: |