Білім алып бүгін алтын ұяда, Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
Топпен таныстыру
ІІ топ.
Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз:
Асау тұлпар желдей ескен арынды, Оқу менен еңбекке сал барыңды.
Әр топқа қазақ тілі,математика пәндерінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 6 оқушы
1 сұраққа жауап береді.
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. 2.Азайғышты қалай табамыз? 3. Рахымда 7 асық, Уәлиде 3 асық кем. Асықтары тең болуы үшін Рахым Уәлиге қанша асық беруі керек? 4. Азайтқышты қалай табамыз? 5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. 6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? 2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? 3.Ауылдан қалаға дейін бір бала 2 сағат жүрген. Ал 5 бала қанша жүреді? 4. Азайтудың компоненттерін ата.
5. Үш қыз жаңа жылдық шыршаның ойыншықтарын жасады. Үшеуі 3 сағат жұмыс істесе, әр қыз бала қанша уақыт жұмыс істеген? 6. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін айт
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша,ағылшынша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
Бұл кезеңде «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін өз ойларымен әрі қарай өрбітеді.
« Қарлығаш пен дәуіт»ертегі
Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп қатты қорқып, қорғап қалатын жануарды іздейді . . .
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек.