Тақырыбы: Математиканың басқа пәндермен байланысы немесе пәнаралық байланыс Мазмұны: кіріспе І бөлім Қазіргі кездегі математика ғылымының теориялық негіздері


Математика ғылымында пәнаралық байланыс арқылы жеке тұлғаны дамыту шарттары



бет6/8
Дата22.02.2023
өлшемі140 Kb.
#169756
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
пәнаралық байланыс

2.3. Математика ғылымында пәнаралық байланыс арқылы жеке тұлғаны дамыту шарттары

Қазіргі кезде пәнаралық байланыс байланыс мәселесін көптеген ғалымдар педагогикалық-психологиялық жағынан зерттеумен қатар философиялық тұрғыдан қарастырып отыр. Олардың қатарында В.Давыдов, И.Зверев, Р.Лемберг, В.Максимова, В.Малахов, т.б. ғылымдарды атауға болады.


Адамды биологиялық және әлеуметтік құбылыстардың бірлігі ретінде қарастырып оны тұлға деп түсінуі философия ұғымына жатады. Тарихтың барасында адам мен қоғамның арақатынасы елеулі өзгерістерге ұшырыпа отырады. Осыған байланысты адам тұлғасының нақты мазмұны да өзгереді. Тұлға – белгілі бір қоғамдық қатынастар тұсында өмір сүретін адамның негізгі үш жағы бірігуінің нәтижесі: биогенетикалық нышандар; әлеуметтік қатынастар; психоәлеуметтік қасиеттердің тұтаса бірігуі.
Қазіргі кезде тұлғаның мәні жайында екі негізгі тұжырымдамалық көзқарас бар:
1. Тұлғаның функциялық сипаттамасы;
2. Тұлғаның әлеуметтік мәніне қарай сипаттамасы.
Философия ғылымы тұлғаны атқаратын рөліне қарайц сипаттамай, мәнінен қарай сипаттау бұл ұғымның мазмұнын тереңірек ашып көрсетіп, адамның өзіндік санасын, мінез-құлқы мен ерік күшінің қайнар көзін, белсенді іс-әрекеттің субъектісі екенін анықтап берді.Тұлға адамның қоғамдық қатынастары мен қызметінің жеке адам шоғырлануының көрініс, дүниені танып, білудің және өзгертудің құқықы мен міндеттерінің эстетикалық, этикалық және басқа әлеуметтік нормалардың шоғырланған бөлігі. Тұлға әрдайым әлеуметтік тұрғыда жетілген адам болып табылады.
Ғылым мен техника дамыған сайын әлеуметтік өмір деңгейі өзгереді. Осының барлығы табиғат байлығын игерудегі адам миы мен күшінің жұмысы. Адам, табиғат, қоғам біртұтас дүние. Тұтас дүниені өз мәнінде бір-бірімен байланысты қабылдау таным үрдісі арқылы жүзеге асады.
Философия мен ғылымның танымдық мүмкіндіктеріне тарихи талдау жасап, адамның білім жүйесінде философияның алатын орнын анықтау ғылым мен философияның шыққан тегі, түп-тамыры бір екенін көрсетеді. Философия мен арнайы ғылыми білімнің арақатынасында үш негізгі тарихи кезеңді аңғаруға болады.
1. Ертедегілердің алғашқы біртұтас білімдердің жиыны барлық пәндерді қамтитын философия деп аталды, бұл алғашқы білім, ғылым бастамаларын да, философия бастамаларын да қамтыды.
2. Білімдердің мамандануы, яғнм жекеше нақты ғылымдардың қалыптасып, біртұтас жиынына бөлініп шыға бастауы. Бұл үрдіс көптеген ғасырлар бойы, әсіресе, ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда жылдамдата жүрді.
3. Бірқатар ғылымдардың теориялық тарауларының қалыптасып, олардың біртіндеп кірігіп бірігуі.
Адамның танымы білмеуден білуге, қарапайымнан күрделіге нақтылы шындықты түсіну кезінде көшті. Бұл тұста сұлулық, әдемілік, достық туралы дүниетаным қалыптасты. Адамгершілік, батырлық, байлық сияқты философиялық категориялар орныға бастады. Күнделікті өмір тіршілігіне негізделген дүниені тану сезіну мен түйсінуге сүйненіп, қоршаған орта заттарын көру, ауызша айту, эмоциялық бейнелі қабылдау тұрғысында жүзеге асты.
Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен –бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған білімдерде болатындығын өмір көрсетіп отыр. Негізінен, оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір-бірінен өз алдына оңашаланып, бөлектенбейді. Сондықтан ғылымының міндеті – дара байланыстылықты танып білу. Ең бастысы, қазіргі кезде өздігінен білім аолудың, оқытудың өзекті мақсаты – диалектикалық ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асыру. Бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілмейді. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді, нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоймай, пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеуі керек. Пәнаралық байланыс кезінде материалдық өзара байланысын, бір-біріне тигізетін ықпалын, негізгі тенденцияларын, әлеуметтік, экономикалық рухани ортақ белгілерін бір-бірімен сабақтатыру, ортақ заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс. Оқушылардың ол меңгерген білімдері сайып келгенде әрбір жеке тұлғаның көзқарасына, сеніміне, өмірлік құндылық бағдарына, мінез-құлқының қағидасына айналуы керек.
Қазіргі талап бойынша қоғам, табиғат, адам арасын пәнаралық байланыста оқытуды көздеген жөн. Бұл жерде ұлы педагог, ақындарымыздың еңбектерін молынан пайдалануға болады. Мәселен, философ М.Орынбеков Абай философияның негізі – адам екенін ашып көрсеткен. Абайдың уағыздағаны – адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, білімділік, өзін-өзі бақылау, ұяттылық, парасаттылық. Сондықтан Абай аңсаған адам тәрбиесі үнемі оқу-ағарту ісінің алдына қойған мақсаттарының бірі болуы шарт. Әсіресе, қазіргі таңда жеке тұлға тәрбиесін жоғары деңгейге көтеруде Абай шығармалары мен ой-пікірлеріне соқпай өту мүмкін емес. Бастауыш сынып оқушыларына білім мен тәрбие беруде Абай өлеңдерінің алатын орны үлкен. Осындай тәлім-тәрбиені мұғалімдер сабақ өту үрдісінде пәнаралық байланыс негізінде қалыптастырса ғана оны оқушыға жеткізе алады. Абай философиясы қазақ халқының мүліктік, дүниелік байлығынан гөрі рухани байлығын дәріптеген. Ғұлама ақын тұлға арасындағы қарым-қатынасты, тіл байлығын, ақылдылық пен тапқырлықты, әділеттілікті уағыздаған.
Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселерінің бірі – біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру болып табылады.
Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде пәнді оқыту әдістемесінің басты мәселесіне айналып отыр. Сондықтан пәнаралық байланыс – қазіргі заманғы ғылымдардың кірігу тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып отыр.
Қазіргі педагогика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының негізін құраушы құрылым бөлігі болып есептеледі. Сол себепті оқыту үрдісіндегі пәнаралық және әр пәннің пәнішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік маңызы бар.Жалпы білім беретін мектеп пән мұғалімдерінің пән бойынша пәнаралық білімдер мен іскерліктерді игеру – оқу ұрдісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру үшін алғы шарт.
Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділік пен дағдылары анағұрлым күшті дамитындығын педагог-ғалымдар дәлелдеген. Оқу үрдісі нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай оқушыларға түрлі икемділік пен дағды пайда болады. Профессор Т.Сабыров оларды бірнеше топқа бөледі:
1. Интелектік пен дағды (оқу, жазу, есептеу, кітап пен жұмыс істеу, т.б.)
2. Еңбекке икемділік пен дағды (сызба, оқи білу, еңбек құралдары мен істей білу, т.б.)
3. Спорттық икемділік пен дағды;
4. Өнерге деген икемділік пен дағдылар, т.б.
Оқу үрдісінің барысында оқушылар танымдық, тәжірибелік мақсатты-бағдарлы іс-әрекеттермен шұғылданады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде оқушыда пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасады.
А.Бейсенбаева «Пәнаралық іскерлік» ұғымын былай тұжырымдайды: «Пәнаралық іскерлік оқушылардың бір пәннен менгерген білім, іскерлік, ізеттілік, дағдыларын екінші пәндерді меңгеруде пайдалана, қолдана білу қабілетін анықтайды».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет