ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі заманда ғылымның дамуына байланысты мектепте оқушыларға білім беру процесі өз дәрежесінде болуы керек. Өйткені жалпы білімнің мазмұны әртұрлі саладағы ғылымның өзара әрекеті, даму процесінің жаңа тұрғыда жетілуінее ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі уақытта мектепте математиканы оқыту үрдісінде пәнаралық сипат алуы тиіс.
Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселерінің бірі – математикада біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру болып табылады.
Сондықтан пәнаралық байланыс – қазіргі заманғы ғылымдардың кірігу тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып отыр.
Кез келген пәнді зерделеудегі мақсат-нақтылы болмысты көрсететін ғылыми білімдер жүйесімен оқушыларды қаруландыру және қоршаған ортаға адамның қатынасы негізінде жатқан жеке тұлғаның әртүрлі сапалық қасиеттерін, дүниетанымын, этикалық және эстетикалық нормаларын қалыатастыруға қабілетті ету. Білімді игеру мен оларды тәжірибелік іс-әрекетте қолдануда ғана адам өзбетінше талқылау және әрекет ету іскерлігі мен дағдысын игереді.
Пәнаралық байланыс мәселесін шешуде оқу-тәрбие үрдісіндегі пәнаралық байланыстарды айқындау әдістері мен жүзеге асыру жолдарын іздеуі керек етеді. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың объективті және субъективті екі жағын бөліп көрсетуге болады. Объективті жағы оқыту мазмұнын анықтау кезінде көрініс табады және оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын және т.б. әзірлеу кезінде ескеріледі. Субъективті жағы тікелей оқыту үрдісінде көрініс табады, яғни оқушыларға қатысты пәнаралық байланысты жүзеге асырудың негізгі тәсілдері мен әдістері қарастырылады.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі бағыттарында: пән бойынша оқулықтарды; оқу құралдарын жазу кезінде; оқу жоспарларын және бағдарламаларды даярлауда; жеке әдістемелерді және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді жазуда; оқу орындарының түріне байланысты әдістемелік және оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізуде бұларды басты назарда ұстаған жөн. Сондай-ақ педагогика ғылымында белгіленген пәнаралық байланыстарды оқу материалдарының уақыт критерийі ( алдын ала, сәйкес және кейінгі); жекеленген пәндердегі оқу материалының фактілік, ұғымдық, теориялық ақпараттық мәні; оқу пәндердегі білімдер мен іс-әрекет түрлері; мазмұндық – ақпараттық, операциялық іс-әрекеттік, ұйымдастыру-әдістемелік сипатына тән талдап қорытындыланған түрі бойынша жүзеге асырғанымыз абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |