Форма шебері (Мастер форм) арқылы «Авто6» формасын құраймыз «КодАвто», «Номер», «Марка», «Стоимость», «Мощность», «КодЗавода» өрістерін енгіземіз. Конструктор режимінде редакциялап алып, «Макет» парақшасында қасиеттерді Қаріп (Шрифт) – Arial Cyr, Қаріп мөлшері (Размер шрифта) – 10, Қоюлығы (Насыщенность) – қалыңдатылған деп аламыз, ал өрістер үшін Қаріп (Шрифт) – MS Sans Serif, Қаріп мөлшері (Размер шрифта) – 10, Қоюлығы (Насыщенность) – қарайтылған. Өрістердегі мәтін түсін жанама меню көмегімен қара етіп тағайындаймыз. Форманың тақырып аймағына “Информация о заводах” мәтінін орналастырамыз. Тақырып үшін жанама меню арқылы фон түсін, Қаріп мөлшерін (Размер шрифта) – 14, Қоюлығын (Насыщенность)– қарайтылған, Туралау (Выравнивание) – ортаға етіп тағайындаймыз. Осы тәсілмен жасалған “Авто6” формасы 44-суретте көру режимінде берілген. Бұл форма ”Завод1” негізгі формасындағы ФормаАвто батырмасына басқанда пайда болады. ”Завод1” негізгі формасы 31-суретте көрсетілген. Конструктор режимінде осы формаға енгізілген өзгертулер нәтижесін 45-суретте көруге болады.
46-суретте мәліметтерді іріктеу үшін шарт жасауға негізделген Өрнек құрастырғыш (Построитель выражений) терезесі көрсетілген. Жасалған шарт өзара байланысқан «Завод» және «Авто» кестелерінің мәндері бойынша сәйкес (синхронды) қозғалуға мүмкіндік береді. ФормаАвто батырмасы үшін Форманы ашу (Открыть форму) макросы жасалған. Макрокоманданы аргументтері ретінде: форма аты – “Авто6”, режимі – “Форма”, іріктеу шарты – [авто]![КодЗавода]=[Forms}![завод1]![КодЗавода] берілген. “Авто6” формасы үшін “Завод1” формасындағы “КодЗавода” өрісінің сәйкес жазбалар ғана іріктеліп алынады. Бұл мысалда бірге қарастырылып отырған кестелердің “КодЗавода” өрісінің мәні 1-ге тең.
44-сурет. «Завод1» және шақырылған «Авто6» формалары
45-сурет. «Завод1» формасының өзгерген түрі
46-сурет. Макрос4 үшін іріктеу шартын жасау.
Көпкестелік форма жасаудың үшінші тәсілі – бағынышты кестенің жазбалары бір немесе бірнеше негізгі кестелердің өрістерімен толықтырылып көрсетіледі. Формада байланысқан кестелердің тек сәйкес келген (совпадающие) өрістері біріктіліледі. Жаңа форма Форма шебері (Мастер форм) режимінде жасалады. Негізі ретінде “Авто” кестесі алып, формаға оның «Номер», «Марка», «Стоимость» өрістерін, «Завод» кестесінің: «НаименЗавода», «Город» өрістерін енгіземіз. Форма жасаудың бұл қадамдары 47-суретте көрсетілген. Сонан кейін формаға «ВладелецАвто» кестесінің: «Фамилия», «Телефон» өрістерін енгіземіз. Форма шебері (Мастер форм) режимінде форма жасалып болғаннан кейін Конструктор режиміне ауысып оны редакциялаймыз. Барлық өрістер мен жазбалар үшін: Қаріп мөлшері (Размер шрифта) – 14, Қоюлығы (Насыщенность) – қарайтылған, мәтін түсі – қара. 48-суретте “Авто7” көпкестелі формасы көру режимінде көрсетілген.
47-сурет. «Авто7» көпкестелі формасы үшін өрістерді таңдау.
48–сурет. «Авто7» көпкестелі формасы.
Көпкестелі форма жасаудың 4-ші тәсілі – сұраныс бойынша форма жасау, сұрастар жасау тарауында қарастырылады.
Көпкестелі формаларды редакциялау барысында жаңа өріс қосуға немесе өрістерді жоюға, бағынышты форма қосуға, алып тастауға, тізімді өрістер қосуға, сурет, диаграмма және т.б. OLE-объектілерін енгізуге болады.
Форманы сақтау үшін Файл – Сақтау (Файл – Сохранить) командасын орындау керек немесе саймандар тақтасындағы Сақта (Сохранить) батырмасына шерту керек. Сонымен бірге форманы Файл – Жабу (Файл – Закрыть) командасы арқылы немесе форма терезесіндегі Жабу (Закрыть) батырмасы арқылы жабу кезінде де сақтауға болады.
Форма жасауға жаттығулар
Лабораториялық жұмысты орындау үшін:
әртүрлі кестелер үшін біркестелік форманың бірнеше вариантын жасап, формаға кіретін өрістерді, тақырыптарын және басқа да элементтерді анықтау керек;
формаларды форма жасаудың түрлі режимдерін пайдаланып жасау;
Конструктор режимін пайдаланып жасаған формаларды редакциялау. Редакциялау кезінде саймандар тақтасының мүмкіндігін толығымен (максималды) қолдану;
байланысқан кестелер үшін көпкестелі форманың бірнеше вариантын жасау;
бұл формаларды Шебер (Мастер) және Конструктор режимдерінде жасау;
барлық жасалған формаларға мәндер енгізіп, енгізілген мәндерді түзетіп жұмыс жасау.
Лабораториялық жұмыс 6-8 сабаққа есептелген. Access мүмкіндіктерін игеру барысында жоғарыда айтылған форма жасаудың барлық тәсілдерін жасап шығу керек.
1 жаттығу.
МБ терезесінің Форма парақшасына кіріңіз.
Жасау (Создать) батырмасына шертіп Конструктор режимін таңдаңыз.
Формаға аспаптар тақтасындағы Жазба (Надпись) батырмасының көмегімен мәтін орналастырыңыз (мысалы, «Бағдарлама кешенін жасаған 10-шы сынып оқушысы Ахметов К.»).
Жанама меню көмегімен форманың фон түсін өзгертіңіз.
Формаға орналастырған мәтін үшін оның қарпін, қаріп мөлшерін, қоюлығын, мәтін түсін, фон түсін қалауыңызша тағайындаңыз.
Формаға форманы жабатын “Шығу”батырмасын орналастырыңыз (41-сурет).
Жасаған форманы сақтаңыз.
Формалармен көру режимінде жұмыс жасаңыз.
2 жаттығу.
МБ терезесінің Форма парақшасына кіріңіз.
Жасау (Создать) батырмасына шертіп Конструктор режимін таңдаңыз.
Формаға бағдарламалық жабдық жайлы мәтін орналастырып, “Шығу” және “Автор жайлы” деген екі батырма жасаңыз. “Автор жайлы“ батырмасы жаңа форманы ашу керек.
Форманы және формадағы объектілерді қалауыңызша редакциялаңыз.
Форма жасаушы жайлы мәліметтері және “Шығу” батырмасы бар форма жасап, оны редакциялаңыз.
Формалармен көру режимінде жұмыс жасаңыз.
3 жаттығу.
МБ терезесінің Форма парақшасына кіріп, Жасау (Создать) батырмасына шертіп Форма шебері (Мастер форм) режимін таңдаңыз.
Жасалған кестелердің бірінің негізінде 23-27-суреттерде берілген сұхбаттарды пайдаланып форма жасаңыз.
Форманы сақтап, онымен көру режимінде жұмыс жасаңыз.
Форманы Конструктор режимінде редакциялаңыз.
Форманы сақтап, мәліметтер базасының жазбаларын қозғалу (навигация) батырмаларының көмегімен қарап шығыңыз.
Форманың түрін өзгертіңіз. Сұхбат терезесінің 2-ші қадамында: Бір бағаналық, Таспалық, Кестелік, Тураланған түрлерінің барлығын кезекпен таңдап, оларды жеке форма түрінде сақтаңыз.
Форманы Конструктор режимінде редакциялаңыз.
Формаларды сақтап, мәліметтер базасының жазбаларын қозғалу (навигация) батырмаларының көмегімен қарап шығыңыз.
4 жаттығу.
МБ терезесінің Форма парақшасына кіріп, Жасау (Создать) батырмасына шертіп Автоформа: бір бағаналық (в столбец) режимін таңдаңыз.
Өзіңіздің бір кестеңіздің негізінде 4.2. тарауда (31-33-суреттер) жазылған тәсіл бойынша форма жасаңыз.
Форманы сақтап, онымен көру режимінде жұмыс жасаңыз.
Форманы Конструктора режимінде редакциялаңыз.
Форманы сақтап, мәліметтер базасының жазбаларын қозғалу (навигация) батырмаларының көмегімен қарап шығыңыз.
Осы тәсілмен Автоформа режимінде: таспалық және кестелік форма түрлерін жасаңыз.
Форманы Конструктора режимінде редакциялаңыз.
Формаларды сақтап, мәліметтер базасының жазбаларын қозғалу (навигация) батырмаларының көмегімен қарап шығыңыз.
5 жаттығу.
МБ терезесінің Форма парақшасына кіріп, Жасау (Создать) батырмасына шертіп Конструктор режимін таңдаңыз.
Өзіңіздің бір кестеңіздің негізінде 4.3. тарауда жазылған тәсіл бойынша бірнеше өрістерден тұратын форма жасаңыз.
Әр өріс үшін жазба жасаңыз (надпись).
Форманы және ондағы объектлердің қасиеттерін өзгертіп қалауыңызша редакциялаңыз.
Формада 4.3. тарауда (38-40-суреттер) көрсетілгендей “Жазбалармен қозғалу” категориясынан: Бірінші жазба, Соңғы жазба, Келесі жазба, Алдыңғы жазба батырмаларын жасаңыз.
Форманы сақтап, мәліметтер базасының жазбаларын қозғалу (навигация) батырмаларының көмегімен қарап шығыңыз.
6 жаттығу.
МБ терезесінің Форма парақшасына кіріп, Жасау (Создать) батырмасына шертіп Конструктор режимін таңдаңыз.
Өзіңіздің бір кестеңіздің негізінде 4.3. тарауда (37-сурет) жазылған тәсіл бойынша бірнеше өрістерден тұратын, арасында тізімді өрісі бар, форма жасаңыз.
Әр өріс үшін жазба жасаңыз (надпись).
Форманы және ондағы объектлердің қасиеттерін өзгертіп қалауыңызша редакциялаңыз.
Формада “Жазбаларды өңдеу” категориясынан: Жазба қосу, Жазбны қайталау, Жазбны өшіру батырмаларын жасаңыз.
Форманы сақтап, мәліметтер базасының жазбаларын қозғалу (навигация) батырмаларының көмегімен қарап шығыңыз.
7 жаттығу.
МБ терезесінің Форма парақшасына кіріп, Жасау (Создать) батырмасына шертіп Конструктор режимін таңдаңыз.
Сурет батырмасының көмегімен формада сурет аймағын жасап, онда C:\Program files\Microsoft Office97\Clipart\Popular бумасының ішінен кез келген суретті орналастырыңыз.
Түр – Тақырып – Форма ескертпесі (Вид – Заголовок – Примечание формы) командаларын орындап, тақырып аймағын жасап, ол жерге жазба орналастырыңыз (34-сурет).
Форманы және ондағы объектлердің қасиеттерін өзгертіп қалауыңызша редакциялаңыз.
Форманы сақтап, онымен көру режимінде жұмыс жасаңыз.
8 жаттығу.
МБ терезесінің Форма парақшасына кіріп, Жасау (Создать) батырмасына шертіп Конструктор режимін таңдаңыз.
Түр – Тақырып – Форма ескертпесі (Вид – Заголовок – Примечание формы) командаларын орындап, тақырып аймағын жасап, ол жерге жазба орналастырыңыз (34-сурет).
Формаға бірнеше батырма орналастырыңыз, мысалы, бірінші жазбаға ауысу, форма ашу, форманы жабу, жазба қосу.
Форманы және ондағы объектлердің қасиеттерін өзгертіп қалауыңызша редакциялаңыз.
Форманы сақтап, онымен көру режимінде жұмыс жасаңыз.
9 жаттығу.
Бұрын жасалған кестелер ішінен 1:М байланысы бар кестелерді таңдап алыңыз.
Кестелердің қайсысының негізгі, қайсы бағынышты екенін анықтаңыз.
Бұрын жасалған формалардың қайсын көпкестелік форма жасау үшін пайдалануға болатынын анықтаңыз. Негізгі кесте үшін форманың бағаналық түрін таңдаңыз, бағынышты кесте үшін таспалық немесе кестелік түрді таңдаңыз (4.4 тарауды қараңыз).
Негізгі кесте үшін форманы Конструктор режимінде ашыңыз.
Бағынышты форма/басылым (Подчиненная форма/отчет) батырмасының көмегімен бағынышты форма орналастыратын аймақты жасап, бағынышты форма ретінде қай форманы алатындығыңызды көрсетіңіз (42-сурет).
Форманы және ондағы объектлердің қасиеттерін өзгертіп қалауыңызша редакциялаңыз.
Форманы сақтап, онымен көру режимінде жұмыс жасаңыз.
10 жаттығу.
Бұрын жасалған кестелер ішінен 1:М байланысы бар кестелерді таңдап, кестелердің қайсысының негізгі, қайсы бағынышты екенін анықтаңыз.
Бұрын жасалған формалардың қайсын көпкестелік форма жасау үшін пайдалануға болатынын анықтаңыз. Негізгі кесте үшін форманың бағаналық түрін таңдаңыз, бағынышты кесте үшін таспалық немесе кестелік түрді таңдаңыз (4.4 тарауды қараңыз).
Негізгі кесте үшін форманы Конструктор режимінде ашыңыз.
Формада бағынышты кесте үшін жасалған форманы шақыратын батырма жасаңыз (44-сурет).
4.4. тарауда айтылғандай (45-46-суреттер) форманы шақыратын, негізгі және бағынышты кестелердегі жазбаларды көруді синхрондайтын макрос жасаңыз.
Форманы және ондағы объектлердің қасиеттерін өзгертіп қалауыңызша редакциялаңыз.
Форманы сақтап, онымен көру режимінде жұмыс жасаңыз.
11 жаттығу.
Бұрын жасалған кестелер ішінен 1:М байланысы бар кестелерді таңдап, кестелердің қайсысының негізгі, қайсы бағынышты екенін анықтаңыз.
Форма шебері (Мастера форм) режимінде, бір немесе бірнеше негізгі кестелердің өрістерімен толықтырлған бағынышты кестенің жазбаларын көрсететін көпкестелі форма жасаңыз (47-48-суреттер).
Форманы және ондағы объектлердің қасиеттерін өзгертіп қалауыңызша редакциялаңыз.
Форманы сақтап, онымен көру режимінде жұмыс жасаңыз.
Бақылау сұрақтары:
Форма не үшін керек?
Форма жасаудың қандай режимдері бар?
Форма шебері (Мастера форм) режимінде өрістерді таңдаудың қандай мүмкіндіктері бар?
Формаға қандай элементтерді орналастыруға болады?
Форма шебері (Мастера форм) режимінде форманың қандай түрлерін таңдауға болады?
Форма үшін қасиеттер терезесін қалай шақыруға болады?
Формада орналасқан кез келген элемент үшін қасиеттер терезесін қалай шақыруға болады?
Қасиеттер терезесінде қандай парақшалар бар?
Формада өріс үшін тізімнен мәндерді таңдауды қалай жасауға болады?
Автоформа: бір бағаналық (в столбец) режимі форма жасаудың қандай мүмкіндіктерін береді?
Автоформа: таспалық (ленточная) режимі форма жасаудың қандай мүмкіндіктерін береді?
Автоформа: кестелік (табличная) режимі форма жасаудың қандай мүмкіндіктерін береді?
Автоформа: кестелік (табличная), Автоформа: таспалық (ленточная), Автоформа: бір бағаналық режимдерінің айырмашылығы неде?
Форма жасаудың Конструктор режимі не үшін керек?
Форма жасауда Конструктор режиміне қалай кіреміз?
Форманы редакциялауда Конструктор режимі қандай мүмкіндіктер береді?
Формадағы жазбаның (надпись) фон түсі мен мәтін түсін қалай өзгертеміз?
Өрістің қаріп, қаріп мөлшері, қоюлығы және т.б. қасиеттері үшін жаңа параметрлерді қалай таңдаймыз?
Формаға суретті қалай ендіреміз?
Формадағы батырма не үшін керек?
ә) Өткен сабақта біз сіздермен Microsoft Access редакторында кесте мен форма құрып, формаға батырмалар енгізуді үйренген болатынбыз. Осы өтілген тақырып бойынша менің сіздерге қоятын мынадай сұрақтарым бар:
Пішін дегеніміз не? (Пішін дегеніміз -кестенің деректерін енгізу және бір жазуды көру үшін қолданылатын экранның арнайы форматы болып табылады.)
Пішін құру тәсілдерін атап беріңіздер.
(Пішін құру Құру тәсілдері: автоматты түрде -Автоформа, шебер арқылы-Мастер форм, өз қолымен – Конструктор.)
Пішінді көрсету режимдері қандай? (конструктор режимі, форма режимі, кесте режимі).
Режимдер арасында ауысу қалай іске асады? (Режимдер арасында ауысу Вид менюі арқылы іске асады.)
«Конструктор режимінде» пішіннің 3 бөлімі қарастырылған. Оларды атап беріңіздер.
(1. форманың тақырып жолы-бұл бөлім форманың 1-ші бетінің ең басында орналасады және тақырыптың атауын орналастыруға арналған;
2. форманың ескерту бөлімі – соңғы беттің ең соныңда орналасқан, пайдаланушыға арналған кеңестер және басқада қажет ақпаратты орналастыруға пайдаланады.
3. деректер аумағы – деректердің жазулары орналасқан.)
Енді балалар әркім өздерінің компьютерлеріне отырып, өткен тақырып бойынша жұмыс жасаймыз, тапсырма барлықтарыңа ортақ, яғни алдын-ала дайын кестелеріңе пішін құрып, оларға батырмалар енгізу жолдарын көрсетесіздер, балалар уақытымыз шектеулі, компьютерде барынша шапшаң қимылдауға тырысайық!
Достарыңызбен бөлісу: |