- мейірбикелік диагноз бірнеше болуы мүмкін, ал дәрігерлік тек қана біреу болады. Қазіргі уақытта мейірбикелік диагноздар ағзаның бұзылуына байланысты 14 топқа бөлінеді: - қозғалыс (қозғалыс белсенділігінің төмендеуі) - дем (демнің қиындауы, жөтелу, тұншығу) - қан айналу (ісіктер, аритмия т.б.) - ас қорыту (жұтынудың бұзылуы, құсу, жүрегі айну, дәретінің жүрмеуі) - зәр жолдарының өзгерістері (зәрдің тұрып қалуы, жиі шығуы) - гомеостаз (гипертермия, гипотермия, иммунитеттің төмендеуі) - мінезі (дәрілерді қабылдамау, әлеуметтік қорғаныш, суицид т.б.) - зеректік, түйсін сезімі (құлағының естімеуі, көзінің көрмеуі, дәм сезуінің бұзылуы) - назарлық (өз бетінше, еріксіз) - ес (гипоамнезия, амнезия, гиперамнезия) - ойлау (ақыл-есінің төмендеуі) - эмоционалдық, сезімдік өрісінің өзгеруі (қорқыныш, мазасыздық, апатия, эйфория т.б.) - гигиеналық қажеттілігінің өзгеруі (гигиеналық білімнің, дағдының аздығы, медициналық қызымет көрсетуіндегі мәселелер және т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: |