Мейірбикелік үрдістің үшінші кезеңі - Мейірбикелік кірісу жоспарын енгізу
Жоспардың жұмыс істеуіне мынадай қызметтердің жүйелі орындалуын талап етеді:
1. Көзделген іс- әрекеттерді орындау, және оларды тіркеу, үйлестіру.
2. Жоспарланған, бірақ күтім жасалынбағаны туралы тіркеу.
3. Пациентті және оның отбасы мүшелерін көмек көрсету процессіне қатыстыру
4. Емдеу процессіне мейірбикелік күтім жоспарын іске асыру, үйлестіру және интеграциялау. Бұл жұмыстарды жоғары деңгелі білімі бар немесе жоғарғы білімді мейірбикелер орындайды.
4-кезең
Медбикелік іс- әрекет 3 түрлі қатысуды жоспарлайды:
тәуелді
тәуелсіз
өзара тәуелді
Тәуелді – дәрігердің нұсқауымен орындалатын медбикенің іс-әрекеті, мысалы әр 4 сағат сайын антибиотиктер инъекциясын салу, таңғышты ауыстыру, асқазанды жуу т.б.
Тәуелсіз – дәрігердің нұсқауынсыз өз ойымен қабылдаған және өз ықыласымен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер.
Өзара тәуелді қатысу – дәрігер немесе денсаулық сақтау жүйесінің басқа маманымен бірлесіп қызмет ету. Мысалы: физиотерапевт, емдік дене шынықтыру маманы т.б.
5-кезең
Медбике қойылған мақсаттарға жетіп, мәселе шешілген болса, бұл мақсаттың астына қолын қойып, күнін белгілеп растайды, егер мақсат орындалмаса, мейірбике оның себебін іздестіреді. Кеткен қателікті табу үшін медбикелік процесс қайталанады.
Мейірбикелік процесс – медбикелік істің ғылым ретінде дамып, өсуін қамтамасыз етеді, медбикелік істі дербес мамандық ретінде қалыптастырады емделушілерге сапалы күтім ұсынады