2.5.Жергілікті елді мекендерде нышандарды қолдануы
Мемлекеттік жалаудың орналасуы
Мемлекеттік символдар республикалық комиссиясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауының қолданылуына байланысты келесі шарттарды белгілеген:
Зх6м – Қазақстан Республикасының президентінің резиденциясы ғимаратында, Қазақстан Республикасының Үкіметінде, Қазақстан Республикасының парламентінде, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында;
2х4м – Қазақстан Республикасының Президентінің қарамағындағы бөлімдер және министрліктер ғимараттарында, облыс әкімшіліктерінде, Астана және Алматы қалаларында,
1,5хЗм – облыстық департаменттердің және бөлімдер ғимараттарында, аудан әкімшіліктерінде, 1х2м – бөлмедегі жалау.
Барлық мемлекеттік органдар мемлекеттік жалауды ілуде оның ілінетін орны, көлемі және т. б. жөнінде арнайы рұқсат алуы керек.
Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.
Ел өңірлерінде мемлекеттік рәміздерге арналған мемориалдық кешендер көп. Астанадағы «Атамекен» этномемориалдық кешенінде (биіктігі- 111 м), Ақөбедегі орталық саябақта (биіктігі-91 м), Ақтаудағы рәміздер алаңында (биіктігі- 50 м), Тараздағы саябақта (биіктігі- 47 м), Қызылордадағы рәміздер алаңында (биіктігі- 35 м) көк байрағымыз желбіріп тұр.
Ал Өскемендегі «Қазақстан» тауындағы Мемлекеттік рәміздер монументіндегі ту тұғырының биіктігі- 40 метр. Ол 2011 жылы салынған және еліміздің тұғыры ең биік тулардың бестігіне енеді.
Тау етегінде биіктігі 6 метрлік әріптермен «Қазақстан» сөзі жазылған. Тауда 12*24 көлеміндегі Қазақстан туы желбірейді. Ол – көлемі жағынан еліміздегі екінші ірі Ту.
Бұл кешен Шығыс Қазақстандағы 25 ғажайып орын тізіміне енгізілген. Көк байрақ қаланың қай шетінен де көзге оттай басылып, елдігіміздің айғағы ретінді шың басында менмұндалап тұр.
15
Математика пәнінен осы деректерді диаграммалар тақырыбын өтуде қолданып, мемлекеттік рәміздердің жергілікті жерде қолданысын да көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |