Зерттеу жұмысының тәжірибелік өзектілігі: Жиналған материалдар жалпы білім беретін мектептер мен өзге ұлт өкілдері оқытатын мектептердің математика, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің пән аралық байланысын арттырып, қызығушылығын оятады.
«Мемлекеттік рәміздердің сандық сипаттамасы» атты ғылыми жобада жас зерттеуші мемлекеттік нышандардың шығу тарихынан бастап, олардың қай мемлекетте қалай пайда болғандығына ерекше көңіл аударып, қазақ халқының сандарға қатысты киелі, қасиетті ұғымдарын мемлекеттік нышандар құрылымынан таба білген. Зерттеу барысында өзіндік көзқарасын білдіріп, ұтымды ұсыныстар жасаған
3
Кіріспе
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарының сандық сипаттамасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары - мемлекеттік белгілердің саяси статусы. Белгілер бұл – әр түрлі заттар мен түсініктерді біріктіреді. Біз белгілер әлемінде өмір сүреміз: бағдаршамның үш түсі қозғалыстың басталғанын және аяқталғанына назар аударады; троллейбус нөмірі айқын сапар желісін белгілейді. Сол сияқты жер бетінде көптеген мемлекеттердің өздерінің негізгі белгілері бар. Олар халықты біріктіріп, барлық азаматтарды өз елдерінің мақтаныштарына, олардың жарқын келешектеріне үміт пен сенім арту керек. Әрбір мемлекеттің бірінші қадамдарының бірі – ту, елтаңба, әнұран болып табылады. Олар елдің символдары болып табылатындығымен байланысты. Біздің еліміз Қазақстанның мемлекеттік елтаңба мен мемлекеттік туға деген құқығымыз дүниежүзілік ұйымның интеллектуалды меншігіне тіркелген. Қабылданған халықаралық нормаларға сәйкес енді бұл заң Париждік конвенцияға енген 130 елде қорғалатын болады. Мемлекеттік белгілер - тек қана көркем бейнелер ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік тәуелсіздікті жүзеге асырудың ой жаршылары. Олар адамдардың ойлары мен сезімдеріне осындай ойдың енуіне жағдай жасайды.
Геральдикада тәуелсіз мемлекеттің барлық атрибуттарының жиынтығын білдіретін мемлекеттік белгілердің қоры деген ұғым бар. Мемлекеттік белгілердің қорына Мемлекет басшылығының жеке стандарттары және елтаңба, әнұран, ту кіреді, сонымен қатар ұлттық валюта, мемлекеттік марапаттау, шекара және ел астанасы кіреді.
Мемлекеттік белгілердің ресми бекітілуі өзінің саяси тарихына ие болады. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев 4 маусымда 1992 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы туралы»және «Қазақстан Республикасының әнұран музыкалық редакциясы туралы» заңдарына қол қойды. Ал 6 маусымда Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрының ғимаратында мемлекеттік символдардың ұсынылуына арналған салтанатты рәсім болып өтті. Сол күні Президент резиденциясында және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің ғимаратында елтаңба анықталып, мемлекеттік ту көтерілді. 6 айдан соң, 11 желтоқсан 1992 жылы мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Мемлекеттік атрибуттар әрі қарай мемлекеттік суверенитеттің нығайуына халық үмітін кейіптейді. Қазақстандықтар үшін олар ел тәуелсіздігінің символдарына айналды.
2006 жылы 7 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік Гимннің жаңа мәтіні мен музыкалық өңдеуі бекітілді.