Тақырыбы: Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын! Мақсаты



бет1/2
Дата31.12.2019
өлшемі0,96 Mb.
#54238
  1   2
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаратөбе ауылы,

"Б.Тамабаев атындағы орта мектебі" KMM,

бастауыш сынып мұғалімі Жалгасова Лаура Сайлаубаевна
Тақырыбы: Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!

Мақсаты:


  • Оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну, желтоқсан құрбандарының ерлігі туралы көрініс арқылы жеткізе білу.

  • Өз ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқуы мен дикциясын дамыту.

  • Өз елін құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, Отанын қастерлейтін, қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: желтоқсан қаһармандарының суреттері, ҚР рәміздері, тақырып желісі бойынша суреттер, нақыл сөздер.
Барысы:

Жүргізуші: Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға – бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

16-желтоқсан – тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік ел жадында қалған күн.

Үміті боп елімнің жасай берсін ұлы күн

Ақ күні боп баланың, шаттығы боп үлкеннің.

Сол желтоқсан оқиғасында қайтыс болған адамдарды 1 минуттік үнсіздікпен еске алайық. (1 минуттық үнсіздік)



  • Балалар, Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

  • Дұрыс, ал елбасымыздың өмірі мен қызметі туралы не білесіңдер?

Досхан: Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.

Ерлан: 1960-69 жж. – Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

Бәкір: 1969-73 жж. – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

Арнай: 1990 жылы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

Диана: 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады

  • Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана қаласы)

  • Балалар, Қазақстанның ең алғашқы астанасы қай қала болған? (Орынбор қаласы)

  • Қазақстанның екінші астанасы қай қала болған? (Қызылорда қаласы)

  • Қазақстанның үшінші астанасы қай қала? (Алматы қаласы)

  • Қазақстанның төртінші астанасы қай қала? (Астана қаласы)

  • Астананың бұрынғы атауы қалай аталған? (Ақмола қаласы)

  • Астанамыз Алматыдан Ақмолаға қай жылы көшті?

Арнай: 1998ж 20 қазан ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы” Жарлығы шықты.

  • Ақмола атауы Астана болып қай жылы өзгертілді?

Диана: Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың “ҚР астанасы – Ақмола қаласының ҚР астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы” Жарлығы шықты. 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

  • Балалар, біздің еліміз қандай мемлекет? (Тәуелсіз мемлекет)

  • Біз тәуелсіздігімізді қашан алдық?

Бәкір: 1991ж 16 желтоқсан ҚР Жоғары Кенесінің жетінші сессиясында “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы” Коституциялық Заңы қабылданды.

  • Биыл тәуелсіздігімізге қанша жыл? (25 жыл)

  • Балалар Тәуелсіздік бізге оңай келді ме? (жоқ)

1986 жылы 17-желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылығын білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.



Елдос: Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шекккен күн,

Қасқалдақ ұшіп көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қырандар қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.



Аянат: Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

Тәуелсіздік билігі қолға қонған-

Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.



Бәкір: Желтоқсан – жадымызда жаралы күн

Жастарым жапа шеккен жаралы мұң

Еркіндік, егемендік, елдігімді

Емірене аңсады саналы ұғым.



  • Тәуелсіздік құрбандарынан кімдерді білеміз? (Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова өмірбаянымен таныстыру)

Арнай: Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Өскемен жиналысында Сабираны айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған.

Аян: Лаззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық училищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Лаззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры арта үзілді.

Әділ: Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік ауылында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады.

Жүргізуші: Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.
Хор. «Желтоқсан желі»


  • «Таңбасыз ел болмайды ,

Найзасыз ер болмайды» – демекші егемен ел болу үшін Қазақстан Республикасының ұлттық белгілері болу керек.

Ерлан: 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Гимн бекітілді.

Азамат: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды болып келеді. Елтаңбаның орталық бөлігінің көк-көгілдір астарында шаңырақтың алтын бейнесі орналасқан, ал одан барлық жағына күн сәулесін шашқан сияқты уықтар тарайды. Шаңырақтың оң және сол жағында алтын мифтік қанатты аттардың бейнелері орналасқан. Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шота-Аман Уәлиханов.

Елдос: Мемлекеттік Ту – 1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы – 2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

Әділ: 1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді.

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет, 

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, 

Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, 

Құт-береке болшы бір елге келген.

Өз туы, елтаңба, әнұраны бар

Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?


Санжар: 1995 жылы 28 қаңтарында тәуелсіз ҚР-ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды. «Ата Заң»

Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді, 

Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.

Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз, 

Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.

Аянат: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды

Егемен елім әнұраны жанарды, 

“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
Хор. «Елім менің»
Досхан: Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілеймін  әр адамға бақыт қонсын,

Елімнің ел ағасы, елбасшысы

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!.



Аян: М.Мақатаев «Отан туралы»

Санжар: Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.



Аянат: Міне осындай егеменді еліміз,

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін,

Біз қазақтың ұланымыз еріміз.



Каталог: uploads -> doc -> 08a4
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08a4 -> Сабақтын тақырыбы: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»
08a4 -> Біз қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Жарқыраған күндейміз
08a4 -> Сабақтың атауы ц дыбысы мен әрпі Сілтеме


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет