Тақырыбы: Мен әдепті баламын!
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа,
кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз
халқының салт-дәстүрін үйрене отырып жаман әдеттен
аулақ болуға тәрбиелеу.
Білімділігі: Адам бойындағы ұнамды ұнамсыз қылықтарды айыра
отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын,
таным белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Әдептілікке, сыпайылылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, нақыл сөздер, үн таспадағы әуен
«Не деу керек?», жүрекше, теледидар.
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері:
-Балалар, бізге бүгін көптеген қонақтар келген екен «Сәлем- сөздің анасы» деген. Келген қонақтарға сәлем берейік.
Балалар шеңберге тұрып
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз!
Жарайсыңдар балалар.
Бұл қай топ?
Бұл топқа қандай балалар келеді?
Олай болса, балалар біз ең алдымен әдептілік яғни жаман бала мен жақсы бала туралы «Балапан» бағдарламасы арқылы «Ғажайып әлеміне» саяхат жасайық.
( Теледидардан «Балапан» бағдарламасы арқылы «Ғажайып әлеміне» саяхат жасау арқылы «Жаман бала мен жақсы бала» туралы мултьфилмге кезек берейік. )
Әдепті бала әрдайым кездескендермен сәлемдеседі. Автобусқа мінгенде үлкен кісіге орын береді. Сөйлескен кезде сен демей, сіз деп сөйлескен жөн. Ол әдептіліктің белгісі болып табылады. Үйде әжелерің, аталарың "Үлкенді сыйла, әділ бол, өтірік айтпа, жалқау болма, кішкентайларға көмектес" деп үйретіп отырады.
«Суреттер сөйлейді» Бұл бөлімде балалар суретке қарап әңгіме құрастырады. Әдепті бала мен әдепсіз баланың айырмашылығын анықтайды.