7 сурет. Әдепсіз бала 8 сурет. Әдепті бала
Жарайсыңдар, балалар. Сендер әдепті бала мен әдепсіз баланы ажырата алады екенсіңдер. Енді осы суреттерімізді әдепті бала мен әдепсіз баланың талына іліп қоямыз. Ал балалар, бізде әдепті бала мен әдепсіз баланың суреттері бірдей болып тұр ғой. Олай болса, біз өзіміздің тобымыздың тәртібін көрсету арқылы әдепті не болмаса әдепсіз балаға тағы да сурет қоса алады екенбіз.
Келесі кезекте «Кім тапқыр?» ойынын ойнайық. Бұл ойында арнайы дайындалған өлең шумақтарын балалар жатқа айтады, ал қалған балалар қандай бала екенін анықтап айту керек.
Пай – пай, бұл бала, қай бала?
Қараша үстіне мұнтаздай тап – таза.
Мадақтай, жарайсың,
Балақай дейміз біз
Пай – пай, бұл бала, қай бала?
Әдепті бала
Пай – пай, бұл бала, қай бала?
Қараша үстіне киімі кір – сатпақ.
Бет – аузы кір айғыз, бес батпан,
Мойыны – күс қатқан, тырнағы сояудай
Пай – пай, бұл бала, қай бала?
әдепсіз бала
Пай – пай, бұл бала, қай бала?
Қараша өзіне, мөп – мөлдір бұлақтай.
Қарасаң өзіне тоймайсың көзіне
Үлкенді сыйлайтын, ұрсуға қимайтын,
Пай – пай, бұл бала, қай бала?
Әдепті бала
4. Пай – пай, бұл бала, қай бала?
Аяқ – қол жарылған, батпаққа малынған.
Бай! Бай! киімі кір сатпақ.
Ұят – ай! Балақай! – дейміз біз.
Пай – пай, бұл бала, қай бала?
әдепсіз бала
Ойын. "Сиқырлы сөздер әлемі" Бұл "Сиқырлы сөздер әлемінде" өлең шумақтарының сиқырлы сөздері жасырынып тұр. Осы сөздерге байланысты «Не деу керек?» логикалық ойынын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Арнайы дайындалған әуенді асықпай тыңдап, сиқырлы сөзді табу.
( Көгілдір экраннан әуен қойылып, балалар мұқият тыңдап, жауаптары тыңдалады.)
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді
-Не деп барып жеу керек?
Рахмет!
Балалар жүр көшеде
Естіледі айқай-шу
Сенде шықтың көршіңді,
Қағып кеттің байқамай
-Мұндайда не деу керек?
Кешіріңіз?
Осы келген бетінде
Допты қудың жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың
Ұмыттың сен не деуді?
Сәлеметсіз бе.
Қорытынды. Релаксация:
Балалар әдепті бала дегеніміз қандай бала екен?
Бұл топқа қандай балалар келеді?
Біздің топта әдепсіз бала бар ма?
Жарайсыңдар, балалар. Біз әдепті, ақылды, жақсы балалармыз. Сондықтан біздің топқа қонақтар келеді.
Жүректен – жүрекке.
Балалар шеңбер болып, өздерінің үлкенгдерді қалай сыйлайтынын, ал кішкентай балаларға қалай көмек көрсететінін жұмсақ жүрекше арқылы айтып өтеді.
Мен үлкендермен сәлемдесемін.
Мен үлкендерге орын беремін
Мен қыздарды сыйлаймын
Мен өзімнен кішілерге қамқор боламын
Мен қыздарға жол беремін
Мен үнемі достарыма көмектесемін.
Жарайсыңдар балалар. Сендер өздеріңнің қандай әдепті бала екендеріңді көрсете білдіңдер. Олай болса, балалар «
Мен әдепті баламын» әнін бірге орындайық.
Мен әдепті баламын
Сөзі – У. Бекетовтікі
Әні – И. Нүсіпбаевтікі
Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,
Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.
Қайырмасы: Айтқан тілді аламын,
Айтқан жерге барамын,
Мен әдепті, мен әдепті баламын.
Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,
Қашанда мен үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса біреу сүрініп,
Сол заматта сүйеніш боп қол берем.
Қайырмасы: Айтқан тілді аламын,
Айтқан жерге барамын,
Мен әдепті, мен әдепті баламын.
Тренер: Әдепті балалармен келесі кездескенше қош, сау болыңдар.