Тақырыбы: Мен елімнің кішкентай азаматымын. Мақсаты: «Отан»құндылығының маңыздылығын түсіндіру. Міндеттері: «Отан», «атамекен»



Дата12.09.2020
өлшемі21,61 Kb.
#63824

Технологиялық карта.

Күні: 30.12.2016 жыл

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы: Мен елімнің кішкентай азаматымын.

Мақсаты: «Отан»құндылығының маңыздылығын түсіндіру.

Міндеттері: 1. «Отан», «атамекен» туралы түсініктері кеңейту.

2.Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

3.Ота-нын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.


Кезең



Тәрбиешінің іс-әрекеті


Баланың іс-әрекеті




Мотивациялық-ізденушілік

1. Шаттық шеңбері:

Е.Өтетілуұлының «Отан» атты өлең жолдарын бірге айту.

-Балалар,Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?


-Шеңберге тұрады.

-қимылмен көрсетеді.

-жауап береді.

.



Ұйымдасырушылық- ізденістік



2.Әңгімелесу

-Анамызды біз неліктен құрметтейміз,қадірлейміз?

-Отанды неліктен «анамыздай» қастерлейміз?

-Отанды нелітен «Атамекен» деп аялап айтамыз?

-Атамекен деген сөзді біздің үйдегі үлкендеріміз қалай түсінеді екен?

3.Бейнематериалдар көру: «Отан», «Қазақстан», «Атамекен» тақырыптары.

4Дәйексөз: «Отанды сүю отбасынан басталады».


-балалар алған әсер-лерін ортаға салады.
-әңгімені тыңдайды.
-сұрақтарға жауап береді.
-бейнематериал қарайды.


Ұйымдастырушылық- ізденістік


5.Әңгімелесу: «Кішкентай ханзада» әңгімесін оқу.

-Ханның ұлдары Отанына қандай қызмет көрсетті?

-Қиыншылық туғанда жауды жеңу үшін халыққа кім қалай көмектесті?

6.Сахналау

Мақсаты:өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.

7.Шығармашылық жұмыс:«Менің Отаным Қазақстан» атты тақырыпқа сурет салу.

8.Ғажайып сөздер:

-Отан-ана,отбасы,туған жер,атамекен.

-Отан-Қазақстан.

-Мен Отанымды сүйемін!

9.Сергіту сәті:

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз,күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне,біздер қандаймыз!


-әңгіме тыңдайды.

-сұрақ-жауап арқылы әңгімені талдайды.


-өздік жұмыс.

-өнегелі сөздерді қай-талап айтады.

-қимыл жасайды.




Рефлекстік-түзетушілік

10.Қортындылау

-Бүгін біз әр адам өзінің Отанына, туған өлкесіне ыстық сезімін, сүйіспеншілігін түрлі жолдармен жеткізетінін білдік.

-Білім алып,болашақта Отан үшін қызмет етеміз.

11.Жүректен жүрекке

Ата-бабам жанын қойып қорғаған,

Ақ тілегін ұрпағына арнаған.

Қазақстан-алтын ұя Отаным,

Жайнай берші,мәңгі гүлдеп әрқашан.


-естерінде қалғанды, білгендерін ортаға са-лады.



-өлең жолдарын қай-талап айтады.


Біледі: «Отан,атамекен» туралы түсінікті;

Игереді: «Отан»құндылығының маңыздылығын;

Меңгереді: жаңа сөздерді;

Толтырған: Есжанова А.С.

Тексерген: Апбасова Г.Қ.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет