«Мен достарыммен біргемін» топпен жұмыс Бір сыныптас ұлға немесе қызға қысқаша, оның жағымды және жағымсыз қасиеттерін көрсетіп атын атамай мінездеме бер. Оның кім екенін өзге оқушылар табады.
Өмірдегі ең қажетті 3 нәрсені ата.
Аяқталмаған ой: «Егер мен осы алдымызда тұрған мұғалім болсам. ...»
«Міне мен қандаймын?» тақырыпқа сәйкес өз қабілетін ортаға көрсету.
Жағдаяттар шешу. *Саған досың өкпелі.Неге екенін білмейсің.2күн болды сені көрсе қашқақтайды.Сен не істейсің?
*Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды Қандай шешім қабылдар едің?
*Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді. Не істейсің?
*Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды.Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің?
*Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?
*Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувеиріңді ұнатып қалды.Қайта-қайта оны қызықтаумен болжы.Қимас досың сұраса берер ме едің?