І. Кіріспе бөлім. Әңгімелесу. «Ертегіні еске түсірейік» (тақтаға «Шалқан» ертегісінің суреті ілінеді)
- Ертегідегі кейіпкерлерді атайықшы? Ата, әже, қыз.
- Олар қайда тұрады? –Үйде.
- Шалқанды кім отырғызды? Ол қандай боп өседі? Ертегі қалай аталады?
- Үлкен шалқанды қалай жұлды? «Кім кімге көмектесті?
Ата, әже және немерені бір сөзбен қалай атайды?
- (Отбасы)
Бір-бірін жақсы көріп, сыйлап, өзара көмектесетін адамдардың отбасын тату отбасы деп атайды.
ІІ. Негізгі бөлім. -Балалар, бүгін біз «Менің отбасым» тақырыбында әңгімелесіп, танысатын боламыз.
«Ойлан, тап» тапсырмасын орындау (Тақтаға отбасы мүшелерінің жеке суреттері ілінеді, сұрақтар қоя отырып, балалар жауаптарына қарай суреттерді ажыратып, ретімен тақтаға іліп шығады)
-Балалар, менің айтқандарымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып табыңдар.
- Қатал көрінгенмен өте мейірімді. Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды біледі. Ол әжеге көмектеседі, дүкенге және базарға барады, зейнетақы алады, немерелеріне қарайласады.
- Кім бұл? (ата)
- Ал сендердің аталарың қандай? (балалардың жауаптары).
- Ол өте мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, дәмді тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді.
-Бұл кім? (әже)
- Оны қалай білдіңдер?
- Ал сендердің әжелерің не істей алады? (балалардың жауаптары, тәрбиеші толық жауап беруін талап етеді )
-Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын сендермен өткізеді, сендерді циркке апарады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады.
-Бұл кім? (әке)
-Дұрыс. Ал әке не істей алады? (ағаш жарады, футбол ойнайды, т.б.).
- Ал сендердің әкелерің қандай? Толықтыру: (күшті, батыл, мықты,...)
-Оны жер бетіндегі ең бірінші, ең әдемі сөзбен атайды. Ол сен үшін ең қымбат адам?
-Бұл жұмбақ кім туралы? (ана туралы)
-Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар? (Анашым, анатайым).
-Аналарың сендерді қалай еркелетеді? (балалардың жауаптары)
- Сенің өзіңнен үлкен, сабағыңды орындауға көмек беретін, сені серуенге бірге алып шығатын ер бала немесе қыз баланы кім деп атаймыз?
-Аға, апке.
- Сенің аға, апкең бар ма? (балалардың жауабы)
- Саған апкешім , ұлдарға ағатайым деп еркелейтін, балабақшаға баратын өзіңнен кішкентай ұл бала немесе қыз баланы кім деп атаймыз?
- Іні, қарындас.
-Сен оларға қандай қамқор көрсетесің? (балалардың жауабы)
-Балалар, бұл суреттердегі адамдарды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Отбасы .
Әр адамның өз отбасы болады. Отбасы бірнеше адамнан тұрады: ата, апа, әке, шеше, аға, іні, қарындас, апке. т.б.
Олар кез келген істі бірігіп атқарады, бір – біріне көмектеседі. Отбасында біз үлкендерді сыйлауға, кішілерге көмек көрсетуге, қамқор болуға үйренеміз.