Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Оқу-танысу практикасы
Эссе
Тақырыбы: «Менің таңдаған мамандығым»
Орындаған: Темірғалы Есбатыр Ерболұлы
Тобы: МиФ-21-3
Қабылдаған:Кервенев Қабылғазы Ержепұлы
Қарағанды-2022 жыл
Мектеп Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Ең қиын мамандық – адам болып қалу.
Хосе Хулиан Марти
Мамандық… «Мамандық» сөзінің өзі латын тілінен аударғанда: «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенді білдіреді екен. Бірақ болашағымызбен тікелей байланысты бұл сөздің бұлай аударылатынын қазіргі жастардың көбісі біле бермейді, тіпті менде енді ұға бастағандаймын. Бұрындары, яғни есте жоқ, ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмаған, әр адамның өз қолынан қандай жұмыс келеді сол жұмысты істеп, өмір сүрген. Ал қазір ше?
Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болып, қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыс, сәйкесінше, түрлі мамандық келе бастады, әлі де олардың шегі көрінер емес. Дегенмен саны бар, сапасы болмаса оның елімізге, өзімізге не пайдасы бар?!
Алға тарт деп жас жүрек бұлқынады, Балалықпен қоштасар күн туады. Он жылдықтан шыққандар оқу іздеп, Юрфакқа түсуге ұмтылады. Не демекпіз шөліркеп дала жатса, Не болмақшы теңіз, құм араласса? Жұмыс іздеп, уақытша келгендермен, Кешіп жатыр өз күнін балабақша. Бала бағу. Оны ешкім жаратпады, Заң маманы болуды қалап бәрі. Ақиқатқа құштар ма, мына ұрпақ, Армандап жүр кімдерді жауаптауды?..
Мамандық таңдау деген — өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Ат ық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл — өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек деп ойлаймын. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек.
Қазіргі мамандығым мұғалім... Математика және физика пәні мұғалімі. Елімнің биік болашағы. Сауатты ұрпақ. Ойлай берсең, ойлай бергің, қиялдай берсең әсте тоқтағың келмес. Сол әлемнің бір бөлшегі болып, өз қиялында қалқып жүре бергің келеді. Шындығында бұл асыл құндылықтар туралы, мен сияқты шынайы ойлайтындар өкінішке орай қазіргі таңда өте аз.
Алдымызға келген балалар - біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жал дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жал дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет.
Сөзден жыр кестесін өрген Ғафу Қайырбеков ұстаз деген сөздің анықтамасын дәл берген.
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – жүректің батырлығы. Ұстаз болу - мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның асылдығы.
Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет. Себебі мұғалім қай сабақта болмасын оқушысын еркіндікке баулиды. Сондықтан да ұстаздың міндеті талап пен еңбекті оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан тергізу. Оқушы сабағыңнан ешқашан жалықпау керек.