1-ші: Жүргізуші: Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған – суретші Шәкен Ниязбеков.
«Гүлдер» тобының орындауында «Қазақстан» әні.
2-ші Жүргізуші: Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
1-ші: Жүргізуші: Нұрсұлтан бар деп, нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
2-ші Жүргізуші: «Көбелектер» тобының орындауында ән - «Ағатайым-ай!».
1-ші: Жүргізуші: Нұрсылтанға рух берген - кәрі тарих парағы.
Дара шыңы қазақтың,
Дана басып тудың, халық – алыптан.
Топырағы ол туған жердің киелі.
2-ші Жүргізуші: Тұратұғын болашақтың үні кеп,
Тартылар күй айтылатын жыры көп.
Ерекше бір еркіндік, бауырлар,
Басшымыздың бүгін туған күні деп.
Балалар, бүгінгі сабағымызды «Жаса, Қазақстан!» әнімен аяқтайық.
Ән: «Жаса, Қазақстан!»
1-ші: Жүргізуші: Балалар, Елбасы күніне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.