Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім Мақсаты



бет17/17
Дата06.02.2022
өлшемі67,73 Kb.
#54091
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

• 1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
• 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
• 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
• 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
• 1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
• 2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы.
Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағыМәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.
Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі.

Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Президент Н.Ә.Назарбаев туралы айтқан лебіздеріне құлақ түрейік. «Замандастар көзімен»


Джордж Буш- АҚШ бұрынғы Президенті
-Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды тартпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. АҚШ, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін ризашылығымды білдіремін!
Ким Дэ Чжун- Корея Республикасының Президенті
- Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді.
Кофи Аннан- БҰҰ-ның Бас хатшысы
Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда- бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады.
Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел - Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.
Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген:
«Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда».
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет