Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім Мақсаты



бет9/17
Дата06.02.2022
өлшемі67,73 Kb.
#54091
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Жәнібек
.«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы.
Көрініс. Нұрсұлтанның тақпақ жаттауы .Әкесі мен баласы
ГүлназымАстана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
Жәнібек. 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
14-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
(Әнұран айтылады)
Жәнібек
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Гүлназым
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
ЖәнібекТөле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)
Ән: «Жаса Қазақстан!»
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз — Н.Ә.Назарбаев атты стендтер, Елбасының портреті, оқушылар шығармасы.
1-оқушы:
біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
( Экранда 3-слайд «Ұлы достықта» .Онда Қазақстан Республикасының Президентінің шетелге сапарлары, әр түрлі елдердің басшылармен түскен суреттері орын алған. )
2-жүргізуші: Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Президент Н.Ә.Назарбаев туралы айтқан лебіздеріне құлақ түрейік.
«Замандастар көзімен»
Джордж Буш- АҚШ бұрынғы Президенті
-Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды тартпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. АҚШ, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін ризашылығымды білдіремін!
Ким Дэ Чжун- Корея Республикасының Президенті
— Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді.
Кофи Аннан- БҰҰ-ның Бас хатшысы
Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда- бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады.
11-оқушы: Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел — Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген:
«Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда».
2-жүргізуші: «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет