Қызмет жолы
1960 жылы Днепроджерджинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
• 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
• 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
• 1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
• 1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
• 1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
• 1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
• 1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
• 1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
• 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
• 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
• 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
• 1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
• 2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы.
Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағыМәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.
Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі.
Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Президент Н.Ә.Назарбаев туралы айтқан лебіздеріне құлақ түрейік. «Замандастар көзімен»
Джордж Буш- АҚШ бұрынғы Президенті
-Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды тартпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. АҚШ, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін ризашылығымды білдіремін!
Ким Дэ Чжун- Корея Республикасының Президенті
- Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді.
Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел - Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.
Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген:
«Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда».
«Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!
Нұрсұлтан Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар қазақ қоғамын жиі шулатып жатады. Алайда Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін берген жоқ. Өз есімін білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Н.Назарбаев өз атындағы университеті пен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев Орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылады.
Кітапхана меңгерушісі: Сұрақ-жауап
Н.Ә.Назарбаевтың туған жылы? (1940ж, 6 шілде)
ҚР Президенті қай жерде дүниеге келді? (Алматы обл. Қаскелең ауданы Чемолган ауылы)
Елбасының ата анасы? (Әбіш пен Әлжан қай салада қызмет еткен, ауылшаруашылық саласында)
Призиденттің руы (Шапырашты, Ұлы жүз)
Қарағанды металлургия комбинатына қарасыты жоғарғы техникалық оқу орнын қай жылы бітірді? (1967ж)
Алғашқы еңбек жолын қай жерден бастады? (Қарағанды, Теміртау)
Қашан тұңғыш рет ҚР ПРезидентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті? (01.12.1991ж)
Н.Ә.Назарбаевтың қызметін 2020 жылға дейін ұзарту туралы ұсыныс қашан және қай жерде қаралды? (Өскемендегі форум 23.12.2010ж)
Назарбаевтың 8-ші атасы елге мәлім батыр болған атын атаңыз? (Қарасай)
Елбасының жұбайы? (Сара Алпысқызы Назарбаевна)
Н.Назарбаевтың «Тарих Толқынында» кітабы қашан жарық көрді? (1997ж)
Елбасының балаларының есімдері? (Дариға, Динара, Әлия)
«Балалық шағымның аспаны» фильмінде Призиденттің бала күніндегі рөлін сомдаған актер? (жас актер Елжас Әлпиев)
Призеденттің айналысатын спорт түрі (Теннис, тау шаңғысы, гольф)
Призеденттің ескерткіші қай жерде кездеседі? (Алматыда Призедент саябағында және Анкара қаласында)
2007 жылы Конституцияға өзгерістер енгізіліп, нәтижесінде Елбасы қандай міндеткерлікке ие болды? (Нұр Отан партиясының көшбасшысы)
2010ж 15 маусымда – Призедентке ресми түрде қандай атақ берілді? (Ұлт көшбасшысы)
1991ж бастап Елбасы АҚШ –тағы қай қаланың Құрметті азаматы болып саналады? (Дулут)
2004 ж 3 наурызда Сауд Аравиясының сұлтаны Абдалла Ибн Абдель Азиз призедентке қандай марапат ұсынды? («Ұлы Бадр» орденімен марапатталды)
Қай жылдан бастап призидент ҚР Жоғарғы Бас қолбасшы қызметіне кірісті? (1993)
Ән «Атамекен».
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
ЖәнібекТөле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
ЖәнібекТөле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Достарыңызбен бөлісу: |