Тақырыбы: Ментальды математика Мақсаты: Білімділік



бет1/7
Дата13.02.2017
өлшемі1,88 Mb.
#9179
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Тақырыбы: Ментальды математика

Мақсаты:

Білімділік: тура-кері санау, көп-аз, үлкен-кіші ұғымдарын салыстыру, геометриялық фигураларды ажырату дағдыларын меңгерту, жаттықтыру. Тәулік бөліктерінің, жыл мезгілдерінің ретін анықтай білу. Көп заттарды таңбаларды қолдана отырып, салыстыру. Логикалық ойлай білу.

Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын, ойын арқылы танымдық қабілеттерін, логикалық ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: ептілікке, жылдамдылыққа, ұғымталдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Заттың берілген саны мен жиынтығын сәйкестендіріп, салыстыра білу. Тура және кері санау. Тәулік бөліктерінің, жыл мезгілдерінің,апта күндерінін ретін білу. Көп заттарды таңбаларды қолдана отырып, салыстыра білу. Логикалық тапсырмаларды шеше білу.

Икемділік: сандарды жазу, есеп шығару, құрастыру, ойлау.

Дағды: берілген тапсырманы орындап, жеткізу, өз-өзін бақылау, бағалау

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: тәжірибелік, ізденушілік, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Материалдық құралдар: Әдістемелік кітаптар, ғаламтор желісі

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: интерактивті тақта, флипчарт, ноутбук, карточкалар

Пәнаралық байланыс: Математика, логика, ағылшын тілі.

Сабақ барысы:

Ұйымдастырылушылық-мотивациялық кезең:

Педагогтың кіріспе сөзі:

  • Балалар, бүгінгі күнге қараңдаршы, аспан ашық, күн жылы, көңіл күйіміз көтеріңкі, тамаша! Мен сендерге бүгінгі күнге жақсы көңіл – күй сыйлаймын. Барлығыңа бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін!

Психологиялық дайындық.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз!

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді біз білмейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Бүгінгі ерекше күнге!

Ағылшын тілінде салемдесу:

Hello, hello!

Hello, how are you?

Hello, hello,

I’m fine thank you?



  • Ұйымдастырушы-ізденушілік:

Ал,енді балалар бүгінгі тамаша күнімізді бастайық. Ол үшін сендер бірнеше тапсырмаларды орындауларың керек.

Олай болса мына сиқырлы сандарға назар аударайық. Бұл сандардың астында не бар екенін білу үшін, сендер бір санды таңдап аласыңдар. Сол санға байланысты сұраққа жауап бересіңдер. Тапсырма түсінікті ме? Ендеше интерактивті тақтаға назар аударайық! Кәне, кім бастайды?

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7.


  • Сұрақ – жауап, әдістері арқылы төмендегі сұрақтарға жауап алынады.

  1. Қазақстан Республикасының бас қаласы? ( Астана)

  2. Құрлықтағы ең ірі жануар? (Піл)

  3. Шашты немен тарайды? (Тарақ)

  4. « Январь» сөзінің аудармасы ( Қантар)

  5. Жыл мезгілі (Қыс)

  6. Қазақстан Республикасының президенті (Нұрсұлтан Назарбаев)

  7. Қазақ халқының ұлттық аспабы (Домбыра)

Жарайсындар ,балалар!

Жаңа сабақты пысықтау.

Апта деген атаның неше ұлы болыпты? (Балалар аптаның жеті күнін атайды). Шауып келе жатқан аттарыдың дыбысы. Тақтада аптаның жеті баласының суреті шығады.

Оның жеті ұлы бар екен. Сол ұлдары бізге бүгін қонаққа келіпті.

Бірінші ұлы – «Думанды дүйсенбі». Ол сендерге тапсырма бермекші.



1-тапсырма: Реті бойынша жыл мезгілдерін нөмірле:( интерактивті тақтамен жұмыс)













Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет