Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық- педагогикалық көмек көрсету Орындаған: Алпысбай Мағжан Курс: 3 Тобы: 114-81


Әлеуметтік – тұрмыстық бейімдеудің жаңарған мақсаттары



бет10/14
Дата12.12.2021
өлшемі58,98 Kb.
#99731
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Инклюзив кейс Алпысбай Мағжан
1 апта
2.2 Әлеуметтік – тұрмыстық бейімдеудің жаңарған мақсаттары

Әлеуметтік – экономикалық жағдайдың жылдам өзгеріп отыруына байланысты, бұл пәнді оқыту мазмұнын қазіргі заманғы қоғамдық құрылыстың талаптарына сәйкес құру қажет.

* Өмірдің әр түрлі жақтарына байланысты оқушылардың икемділіктерін қалыптастыру.

* Адамның жан – дүниесін және экономикалық білім түсініктерін зерттеуге арналған тараулардың мазмұнын жетілдіру.

Бағдарлама оқушылардың төменгі сыныптардағы тіл дамыту сабақтары мен түзімді орындау кезеңінде алған білімі мен икемділіктерінің деңгейін, жасы мен психологиялық – физиологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылған. Бұл пәннің мақсаты Қазақстанда өмір сүретін ақыл – ойы дамымаған балалардың, өздерін осы елдің азаматы ретінде сезінуге, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тұрмысы мен ұлттық тағамдарының ерекшеліктерін білуге көмектеседі.

Жүйелік және дәйекшілік қағидаларын сақтай отырып, бағдарламадағы шектеуліктерді алдын ала ескереді. Бағдарламада балалардың жалпы дамуы үшін қандай мағлұматтарды хабарлау, қандай білім мен икемділіктерді қалыптастыру және тәжірибе жұмыстары мен жаттығуларды орындау арқылы қандай дағдыларды бекіту қажеттілігі көрсетілген. Сондықтан, әрбір оқушы өзінің зерде және дене мүмкіншіліктеріне қарамай, өзіне - өзі қызмет етудің негізгі дағдыларын, өз тұрмысын, бос уақытын ұйымдастыра білу икемділіктерін меңгеруге міндетті.

Белсенділік және сапалық қағидаралын іс жүзіне асыру үшін, ӘТБ мұғалімі балалардың оқуға деген қызығушылығымен талабын үнемі қолдап отыруға міндетті. Сондықтан да сабақты оқытудың негізгі тәсілдері әңгіме, іс ойындары, құрастырылған проблемалы жағдайлар, тәжірибе жұмыстары мен серуендер болып келеді.

Әлеуметтік - тұрмыстық бағдарлауды оқыту 5-сыныптан басталып 10-сыныпта аяқталады. Бұл курс бағдарламасы 12 тараудан тұрады, оны шартты түрде екі топқа бөлуге болады (олар-өзара байланыста тұрып, бірін-бірі толықтырады).

І-топ ІІ-топ

Адам технологиясы Тұрмыстық және өзі-өзіне

қызмет көрсету

Денсаулық және қоршаған орта. Тамақтану.

Өзін-өзі ұстау мәдениеті. Тұрғын үй.

Жеке бас және отбасындағы Киім.

ара-қатынас. Сауда.

Бос уақыт және әуестену . Транспорт (көлік).

Мереке, салтанат, әдет-ғұрып. Байланыс құралы.

Жұмысқа орналасу, жұмыс Отбасы экономикасы.

бабымен қарым қатынас.

Тіпті білікті мамандардың арасындағы бәсекелестік жоғары болып отырған қоғамда, мүмкіншіліктері шектелген оқушылардың өнеркәсіпте өз орнын табулары өте қиын.

Егер бағдарламаның «Адам технологиясы» тобындағы тарауларды оқу барысында ӘТБ мұғалімі оқушылар бойында төмендегідей икемділік пен дағдыларды қалыптастыра білсе, олар қызмет көрсету және мамандандырылған еңбек салалаларында жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік алады:



  • әңгімеге қатысу, әңгімені жүргізу, сұхбаттасушының көңіл-күйін сезіну;

  • ескертпені дұрыс қабылдау, өз көңіл-күйін (ашу-ыза, қуану) және тәртібін реттеу;

  • өзін-өзі заңға сәйкес ұстау;

  • достық, махаббат сезімдерін мәдениетті түрде жеткізе білу.

Балаларда сезу, биязылық, бір-бірін түсіну және келісімге ұмтылу сезімдерін үнемі тәрбиелеп отыру қажет.

Балалар үшін «Тұрмыстық және өзіне-өзі қызмет көрсету» бағытындағы дағдыларды игерудің маңызы мен қажеттілігі туралы ӘТБ мұғалімі әрқашанда есте сақтау керек. Бұл икемділіктер мен дағдылар сабақтарда қалыптасып, өмірдегі шынайы жағдайлар кезінде бекітіледі.

Олар:


  • қоғамдық транспорт және қоғамдық орында (кітапхана, мұражай, театр, кинотеатр, саяжай, демалыс аймағы) көрсетілетін қызметті пайдалана білуі;

  • заттарды сатып алу және әр түрлі қызмет орындарының ( пошта, телеграф, банк, өнеркәсіп, қызмет көрсету орындары) жұмысын пайдалана білу;

  • жеке бас гигиенасын сақтау және киімді ұқыпты ұстау ережесін сақтау;

  • шаруашылықты жүргізе білу, өзінің және басқаның дүниесін ұқыптылықпен ұстау, үйде қауіпсіздік және санитарлық – гигиеналық ережелерді сақтау;

  • өзіне тамақ дайындай білу, оны әдемі және дұрыс жеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет