Ерекше балаларды оқытып, тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері. Дамуында ауытқулары бар балаларда дені сау балалар дамитын заңдармен дамиды, бірақ қоршаған ортада да бейімделу үшін компенсаторлық мүмкіндіктері біршама аз болады. Сондықтан мұндай бала ұзақ, дұрыс ұйымдастырылған түзету тәрбиесін қажет етеді, ол қазіргі уақытта бар бұзылуларды компенсациялау, жеңуге, болашақта олардың пайда болу мүмкіндігінің алдын алуға бағытталған.
Дамуында ерекшелігі бар баланың қарапайым санитарлық- гигиеналық және еңбек дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын игергені, қоршаған дүние туралы түсініктерінің болуы, мүмкіндігінше дене бітімдік даярлығының болуы өте маңызды. Баланың психомоторикалық дамуының жағымды динамикасының тәуелді шешуші факторлары бұл жанұяда тәрбиелеудің пара-пар жағдайлары және комплексті реабилитацияны ерте бастау. Сондықтан ата-аналар мамандармен тығыз қатынаста жұмыс істеуі керек (әлеуметтік педагогтар, психологтар және т.б.) Олардың ұсыныстары ата-аналарға өз баласын жақсы түсінуге көмектесуді, онымен өз қарым-қатынасын кұруды үйретеді және оған қоршаған өмірде толық бейімделуіне көмектеседі. Өмірінің алғашқы айынан бала нені өзі істей алса соны өзі істеуі керек, тілеген ойыншығын өзі алуы, өзі отыруға, тамақтануға, тұруға, киімімен әрекет етуге тырысады. Еш жағдайда балаға тым қамқорлық жасауға болмайды, керісінше баланы өзі алатын әрекет жасайтын жағдайларға көп қалдыру керек.Арнайы психология және педагогика сұрақтарына үлкен көңіл аударған А.В.Запорожец ауытқуды білу баланың дұрыс даму заңдылықтарын жақсы түсінуге мүмкіндік береді деген. Осының негізінде ерекше балаларды, ең алдымен мектепке дейінгі жаста баланың әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдай жасауға көмектесу үшін оқытудың тиімді әдістемелерін жасау қажеттілігі туды. Ақыл –ойдың дамуы әлеуметтенудің құрамдас бөлігі болып табылады. Бала өмірінің алғашқы жеті жылын оның «адамзаттану» кезеңі деп атап, А.Н.Леонтьев адам жеке бас дамуындағы мектепке дейінгі жастық маңыздылығын ерекше атап көрсетті. Осы кезеңде бала адамзатқа қажетті қасиеттерді игереді, анықтап сөйлейді, мінез-құлықтың ерекше формалары мен нәтижелі іс-әрекет түрлеріне қабілеттілігі, ойлауы қалыптасады. Л.С.Выготский әлеуметтенуді «адамзат мәдениетіне өсу процесі» ретінде қарастырады, оның негізі әр түрлі белгілік жүйелерді игеру: вербалды (сөздік), ымдық (бейнелі ымдық), графикалық (бейнелі графикалық) және т.б.
Мектепке дейінгі жаста баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін ең алдымен сөздік, бейнелі –ымдық және бейнелі – графикалық белгі түрлерін меңгеру керек. Әлеуметтену мен адамзатқа тән ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеру үшін ролдік ойын, сөйлесу, сурет салу, құрастыру, яғни белгілі моделдеу іс -әрекет түрлері маңызды болмақ.
Ерекше балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі міндеттер бес бағытқа бөлінеді:
- өзін -өзі тануға қабілеттілік;
- өзіне қамқорлыққа алу қабілеттілігі;
- заттың дүниеде бағдарлану қабілеттілігі;
- қоршаған дүниеде өзін танып, анықтауға қабілеттілігі;
- қоғамда өмір сүру қабілеттілігі;
Ата –аналар мен мамандар арасындағы тығыз бірлескен жұмыс педагогикалық іс-әрекеттің негізгі жақтарының бірі болып табылады. Мұнда барлық шаралар баланың жеке қызметтерін жаттықтыруға емес тұлғаның толық дамуына негізделуі керек.
Дамуында ауытқуы бар баламен жұмысты бастауда, ата-аналар келесі ережелерді есте ұстағандары дұрыс.
- сабақты мүмкіндігінше ерте бастаған дұрыс.
Бала кіші болса, жұмыс тиімділігімен нәтижелілігі сонша жоғары.
- егер бала үшін қызықты болса, сабақ жемісті болады.
- бала өзін ыңғайлы және тыныш сезінуі керек.
- бала жетістігін жиі мадақтау, жол болмаған жағдайларда ұрыспау.
- балаға қойылатын талаптар жүйелі және жанұяның барлық мүшелеріне бірдей болуы керек.
- баланы оқыту практикалық бағыттылықта болуы керек.
- міндетті сөзін әрекетпен байланыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |