СҚО Тайынша ауданы
Тайынша қаласы №5ОМ
Тарих пәні мұғалімі
Тілеутай Қанат Мағжанұлы.
Тақырыбы: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
Мақсаты :
а) ХІІІ ғ. басында монғол империясының құрылуы, қоғамдық құрылысы, империяның басқыншылық саясатының зардаптары, жаулап алушыларға қарсы халықтар күресі жайлы жан-жақты түсінік беру.
ә) Елжандылыққа тәрбиелеу. Тәуелсіздікті құрметпен
сезінуге баулу.
б) Өзіндік жұмыстарды жүргіздіру дағдысын жетілдіру,
ой-өрістерін дамыту.
Көрнекілігі: Карта.Техникалық құрал(компютер,интерактивті тақта,)оқулық, т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
-оқушылармен амандасу,түгендеу,зейінін сабаққ аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(Зымыран сұрақтар)
1. Қожа Ахмет Иасауи қай қалада дүниеге келген. (Сайрам)
2. Дүние жүзіне белгілі ғалым Әл-Фараби қай жылдары өмір сүрген.
(870 -950)
3. Түрік тілін алғаш зерттеген ғалым кім. (Махмуд Қашқари)
4. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілі, Қарахан мемлекеті кезінде өмір сүрген ақын кім. (Ахмет Игүнеки)
5. Қожа Ахмет Иасауидің қандай шығармаларын білесіңдер.
(«Диуани – и хикмет »)
6.Ахмет Иүгнекидің кітабы: (Ақиқат сыйы”)
7.Ахмет Яссауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынды? (Әмір Темірдің)
8.Жүсіп Баласағұнның қандай еңбегін білесіңдер?(Құдатғу білік)
б)Тарау бойынша қорытындылау.
Ой қозғау стратегиясы бойынша сауалдар.
1.Қолөнердің қандай түрлерін білесіңдер?(Ұсталық,зергерлік,тас өңдеу,құмырашы көзешілік)
2 Зергерлер не жасаумен айналысады?(Сән-салтанатты,әсем зергерлік бұйымдарды жасаумен)
3.Егіншіліктің дамуына не әсер етті?(Қала санының өсуі және оның тұрғындарының сұраныстарына
байланысты дамыды.)
4.Ортағасырлық дамыған қалаларды ата? (Отырар,Тараз,ТалғарБаба-ата,Құйрықтөбе)
5.Ислам дініне дейін Қазақстанда қандай діни нанымдар болды?(Қойға табыну салты,отқа табыну дәстүрі)
6.Мешіт дегеніміз не?(Мұсылман дінінің әдет-ғұрып,салт-дәстүрі орындалатын қасиетті ғимарат.
III. Жаңа сабақты меңгерту.(Жаңа сабақтың жоспары слайдттың көмегімен интерактивті тақтадан
көрсетіледі)
Жоспары:
1.Монғол империясының құрылуы
2.Монғол империясының қоғамдық құрылысы.
3.Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы.
4.Жаулап алудың зардаптары.
5.Ұлыстардың құрылуы.
1. Кендітау аймағы.Онон жағасы. Болдоң жері
әкесі-бөржігін руынан Есукей батыр, анасы-қоңырат руынан-Ұлын-Еке
1206ж Монғол құрылтайы
(Онон –Керулен жағасы) 1155ж. ақпан- Темучин
“Шыңғысхан”
3)
1207-1208жж -үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздары мен теріскей Сібір халықтарын басып алды.
1207-1209жж—Шыңғысхан танғұттар мемлекетін ,Тұрфан кінәздіктерін,ұйғырларды бағындырды.
1211-1215жж- Қытай жерін басып алып,олардың дуалдарын құлатып өрт шығаратынсоғыс техникаларын қолға түсірді.
1217ж- Шыңғыс хан Күшіліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе нояенды жіберді
1218ж- Монғолдар Жетісу жеріне енеді.Мұнан соң Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін
Қазақстанның Оңтүстігі мен Орта Азияға жол ашылады. «Отырар опаты» болады.
1219ж- Шыңғысханның ұзын саны 150 мыңға жуық қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды
1219-1224жж- Қазақстан мен Орта Азияны монғолдар толық жаулап алады?
4)Жаулап алудың зардаптары
Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІV ғасырларда 20-жуық елді-мекендер қалған;
Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;
Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;
Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды;
Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;
Мәдениеттің дамуына кедергі болды
5) Ұлыстардың құрылуы.
IV Жаңа сабақты бекіту сәті.
1.Шыңғыс хан туралы аңыз-деректер
а)Жеңісхан,Темучин туралы қандай аңыз деректерді жөнінде не білеміз?
ә).Империяның қоғамдық құрылысы қандай болды?
б)Шыңғыс хан әскерінің жетістікке жетуінің сыры неде деп ойлайсыңдар?
б).Жасақ (Яса)дегеніміз не?
2.Жылдар сөйлейді.
Рахметова Арайлым Мұхтар Шахановтың «Отырар» өлеңі оқытылады.
3.Жаулап алудың зардаптары.
4.Картамен жұмыс.Ұлыстардың құрылуы(картадан территориясын көрсету)
5. «Монғол шапқыншылығының қазақ жеріне тигізген зардаптары»атты кластерді толтыру.
6.Ұғымдардың мәнін табу.
7.Математикалық ойын.Шарты есеп шығарамыз,шыққан жауабы
нда қандай оқиға болды соны айтамыз.
1. (532·2)+142= 1206 2. 55+(200·5 ) =1155 3. (30· 40)+27= 1227
1206ж Монғол мемлекетінің құрылуы.Темучиннің Шыңғыс хан атануы
1155ж Темүжін 1155 жылы Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде дүниеге келген.
1227ж Шыңғыс хан мен оның ұлы Жошының қайтыс болуы.
8. Сөйлемдерді толықтыру.
1. XIII ғасырда монғолдар ........, .............., ...................., хандықтарымен
шекаралас жатты.
2. Шыңғыс ханның шын аты............. болатын.
3. “Жасақ” бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы.............болды.
1217ж Шыңғыс хан Күшіліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға .................жіберді.
Шапқыншылық әсерінен ................ қаласы жойылып кетті
9. Тарихи диктант
Әл-Фараби, Айша, Торы, Әл Бируни, Жеңісхан, Гауһар-Шахназ, Жошы, Арыстан баб, Темүжін, Сүлеймен Бақырғани, Жебе, Жүсіп-Зылиқа, Шағатай, Әли ,Жүсіп Баласағұн, Әл-Максиди, Ахмет, Төле, Хамиадани, Мөңке, Ибрахим, Үгідей
10.Сәйкестендіру кестесі.
Мұғалім сөзі:
Монғол жаулаушылары Қазақ жеріне енуі 2 бағытта жүрді:
Шапқыншылық, басқыншылық бағытта;
Шыңғыс хан ұрпақтары Қазақ хандығындағы хандар тарихының бастауы болды.
Монғолдардар Қазақ жерін жаулап алғаннан кейін, түркіленіп, Қазақ хандығының түп негізі болғаны сөзсіз. Бұл сабақтың жалғасы келесі сабақтарда жалғасын табады. Бүгінгі сабақтың басы осыменен аяқтай отырып, сабақты қорытындылау бөліміне көшеміз.
10. Сабақты пысықтау
1. Монғол мемлекетінің құрамында қандай тайпалар болды.
2. «Жасақ» (Яса) заңы неше бөлімнен тұрады
3. Шыңғысханның әкесі кімдердің қолынан қаза тапты.
1218 ж. қай қала монғолдарға соғыссыз берілді
6 ай берілмеген қала?
Монғол мемлекеті қанша түмен әкімшілікке билікке бөлінді.
7. Монғол мемлекетінің орталығы болған қала.
8. Шыңғысхан Қазақстан жерін неше ұлысқа бөлінді
Қорытынды сөз.
Дегенмен ,балалар,монғол шапқыншылығының тұсында жасаған ата-бабаларымыздың ерлігін,Отан қорғау жолындағы қанкешті іс-әрекеттерін ұғынып,бағалау біздің парызымыз естен шығармағанымыз абзал.
.V. Үйге тапсырма.
§22. оқу, Шыңғысханға мінездеме жазу. Материал жинау.
VI. Оқушыларды мадақтап бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |