Тақырыбы: Мұрын және мұрын қойнаулары аурулары. Мұрынның анатомия топографиясы. Зерттеу әдістері. Аурулары. Емі



бет4/6
Дата08.02.2022
өлшемі327,05 Kb.
#119983
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мурын
0003e297-5b99ecef
Зерттеу әдістері
Қосалқы қойнаулардың ауруларының диагностикасында сырттан қарап тексеру керек. Пальпация мен перкуссия арқылы қойнаулар проекциясында ауыру сезімін анықтайды. Риноскопия арқылы мұрын жолдары мен қалқандарын қарау, қойнаулардың шырышты қабатына баға беру, кейде қойнау ішіндегі сұйықты Политцер баллоны арқылы сорып алады. Қойнаулардың тесіктерінің өтімділігін тексеру үшін зондтау жүргізіледі, ал жоғарғы жақ қойнауын мүлдем зондтамайды. Манипуляция алдында мұрынның шырышты қабатын үш рет жергілікті анестезиялаушы зат (1-2% дикаин ерітіндісі немесе 5% кокаин ерітіндісі) және тамыртарылтқыш затпен (3% эфедрин ерітіндісі немесе 0,1% адреналин ерітіндісі) сүртеді. Маңдай қойнауын зондтау үшін зонд-канюля (Лансберг) тиімді. Көруді қадағалай отырып, ортаңғы мұрын жолына енгізеді, зондтауды рентгенотелевизионды бақылаумен жасаған өте қолайлы.
Аурулары:
Лор ауруларының ішінен 20-30 % мұрын маңы қойнауларының қабыну аурулары болып табылады. Оған: фронтит, гайморит, ринит, сфеноидит, этмоидит, т.б аурулар жатады. Соның ішінде ең бірінші фронтитке тоқтала кетсек:
Фронтит (лат. frons, frontіs — маңдай және іtіs — қабыну) — маңдай қуысының қабынуы.
Ауру мұрын қуысындағы патогенді микроорганизмдер|дің маңдай қуысына енуі салдарынан пайда болады. Фронтиттің жедел және созылмалы түрлері болады. Жедел Фронтит ринит, тұмау, қызылша, т.б. жұқпалы аурулардың салдарынан дамиды.
Бұл кезде бастың маңдай тұсы қатты ауырып, адам еңкейгенде ауру сезімі үдей түседі. Мұрын бітеліп, мұрыннан іріңді сұйықтық ағады. Кейде ауру көзге беріліп, көзден жас ағады, адамның иіс сезу қабілеті нашарлайды, қабағы ісініп, ыстығы көтеріледі. Дерт асқынып кетсе, созылмалы түріне ауысады. Бұл жағдайда науқастың маңдайы ауырып, саусақпен басқанда ауырсынады. Ауру көздің медиалды ұшына беріліп, адам жарыққа қарай алмайды, көзден жас тоқтамайды. Дене қызуы алғашқыда 38 — 39°С-қа көтеріліп, содан кейін біртіндеп түседі. Риноскоптық тексеруден өткізгенде мұрынның ішкі, ортаңғы бөлігінің ісінуі, іріңді жолақтар, полиптер анық көрінеді. Фронтитті негізінен консервативті жолмен емдейді: аналгетиктер беріліп, мұрынға нафтизин, галазолин, назифин, назол, т.б. тамшыларын құяды, физиотерапия тағайындалады. Фронтиттің созылмалы түрі асқынып кетсе, антибиотиктер беріледі, егер мұрын қуысының ішінде полиптер қайта-қайта пайда бола берсе, хирургиялық операция жасап, оларды алып тастайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет