Тақырыбы: Мұрын және мұрын қойнаулары аурулары. Мұрынның анатомия топографиясы. Зерттеу әдістері. Аурулары. Емі



бет1/6
Дата08.02.2022
өлшемі327,05 Kb.
#119983
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мурын


Тақырыбы:
Мұрын және мұрын қойнаулары аурулары. Мұрынның анатомия топографиясы. Зерттеу әдістері. Аурулары. Емі
Кіріспе:
1.
1. Кіріспе;
2. Мұрын анатомиясы
3. Мұрын топографиясы;
4. Мұрын қойнаулары;
5. Мұрын қойнауларының топографиясы;
6. Зерттеу әдістері;
7. Аурулары;
8. Емі
9. Қорытынды.
1. Мұрын анатомиялық құрылысы жағынан сыртқы мұрынға және мұрын қуысына бөлінеді.
Сыртқы мұрын мұрын сүйектерінен, жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсіндісінен тұрады. Мұрын сүйектері сырт жағынан жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсіндісімен қосылып мұрынның бүйір бетін құрайды, ал мұрын сүйектерінің өзара орталық байланысы мұрын қабырғасын құрайды. Мұрынның шеміршек бөлігі қос үшкіл, үлкен және кіші қырлы қосымша шеміршектерден құралған. Мұрынның сыртын май бездері бар тері жауып тұрады.
Сыртқы мұрын бет және көз артериясы арқылы қоректенеді. Сыртқы мұрын венасы мұрын қуысы венасымен жалғасып (анастомоз) бет венасына келіп құяды. Лимфа тамырлары лимфаны жақасты лимфа түйіндеріне әкеледі.
1. Мұрын анатомиялық құрылысы жағынан сыртқы мұрынға және мұрын қуысына бөлінеді.
Сыртқы мұрын мұрын сүйектерінен, жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсіндісінен тұрады. Мұрын сүйектері сырт жағынан жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсіндісімен қосылып мұрынның бүйір бетін құрайды, ал мұрын сүйектерінің өзара орталық байланысы мұрын қабырғасын құрайды. Мұрынның шеміршек бөлігі қос үшкіл, үлкен және кіші қырлы қосымша шеміршектерден құралған. Мұрынның сыртын май бездері бар тері жауып тұрады.
Сыртқы мұрын бет және көз артериясы арқылы қоректенеді. Сыртқы мұрын венасы мұрын қуысы венасымен жалғасып (анастомоз) бет венасына келіп құяды. Лимфа тамырлары лимфаны жақасты лимфа түйіндеріне әкеледі.
Мұрын қуысы жоғарғы жағынан алдыңғы бас сүйек ойығымен, төменгі жағынан ауыз қуысымен, ал сырт жағынан көз ұяларымен жалғасады және оны мұрынның қосалқы қуыстары қоршап тұрады.
Алдыңғы жағында ішкі тыныс алатын – танау (ноздри), артқы жағында сыртқа тыныс шығаратын – хоаналар бар. Бұлар мұрын қуысын мұрын-жұтқыншақ қуысымен жалғастырады. Мұрын пердесі мұрын қуысын екі жартыға бөліп, оның медиальды қабырғасын құрайды. 
Мұрын пердесі үстіңгі жағынан перпендикуляр пластикадан, артқы және төменгі жағынан желбезек (сошник) сүйекшесімен, ал алдыңғы жағынан мұрын пердесі шеміршегімен жалғасады. Мұрын пердесінің алдыңғы үсті 4 бұрышты шеміршектен құралған.
2. Мұрын қуысының жоғарғы қабырғасы алдыңғы жағынан мұрын сүйектерінен, ортасында торлы сүйектен (елек тәріздес) артқы жағынан – сына тәрізді қуыстың алдыңғы қабырғасынан құралған. Торлы пластиканың көптеген тесіктері арқылы иіс сезу нервінің тармақтары өтеді.
Мұрын қуысының түбі жоғарғы жақ сүйегінің таңдай өсінділерінен және артқы жағынан таңдай сүйегінің көлденең (горизонталь) пластинкасынан құралған.
Сыртқы қабырғаның құрылысы бұдан күрделірек. Ол мұрын сүйектерінің ішкі бетінен, жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсіндісінен, қаңырақ сүйектен; торлы сүйектің клеткаларынан, таңдай сүйектің тік пластикасынан және артқы жағынан – сына сүйектің қырлы өсіндісінің ішкі пластикасынан құралған. Сыртқы қабырғасында үш кеуілжір орналасқан – төменгі, ортаңғы және жоғарғы.
Бұлардың астында үш мұрын жолы бар. Олардан басқа мұрынның жалпы жолы бар. Төменгі кеуілжір күмбезі (свод) астында жас-мұрын каналының тесігі орналасқан. Мұрынның ортаңғы жолының бүйір қабырғасында жарты ай тәрізді саңылау бар. Оны бірінші рет Н. И. Пирогов анықтаған. Мұрынның ортаңғы жолына қарай гаймор қуысы, торлы лабиринттің алдыңғы және ортаңғы клеткалары, маңдай қуысы ашылады. Мұрынның жоғарғы жолына қарай торлы лабиринттің артқы клеткалары мен сына тәрізді қуыс ашылады.
Мұрынның кіреберіс бөлігі май бездері мен түктері бар терімен жабылған. Ол онан кейін аралық белдеуге, одан әрі шырышты қабыққа айналады. Дем алу және иіс сезу зоналары мұрын қуысында орналасқан. Иіс сезу зонасы мұрын қуысының жоғарғы 3-ші бөлімінде, онда демеуші клеткалардан тұратын арнайы рецепторлық нейроэпителийлер орналасқан. Иіс сезу клеткаларының негізінен (қатты) талшықтар – аксондар басталып, ол горизонтальды пластинка тесіктері арқылы бас сүйектің қуысына өтеді де, иіс сезу нерв буылтығын (луковица) құрайды (І нейроном).
ЛОР ағзаларына қатысты біз 3 қуысты қарастырамыз. Олар: маңдай қуысы, Гаймор қуысы, торлы лабиринт.
Мұрын топограпиялық орналасуына қарай:
Сыртқы мұрыннан;
Мұрын қуысынан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет