Сыртқы мұрын: Мұрын түбірінен;
Ұшынан;
Танаудан тұрады;
Мұрын қуысы: Кіреберіс бөлігінен;
Меншікті мұрын қуысынан тұрады
Мұрын жанындағы қойнаулар ауаны желдетуде қосымша қызмет атқарады, оларда мұрынның шырышты қабатының тікелей жалғасы болып табылады.Ауамен қамтамасыз ететін қосалқы қуыстар-жақ,маңдай,торлы және сына тәрізді сүйектердің қалың жерлерінде орналасады.Барлық қуыстар жұп болып келеді және мұрын қуысынан сүйекті пластинкалар арқылы бөлініп тұрады.Тек жіңішке тесіктер арқылы ғана мұрын қуысымен жалғасады.Оларда шырышты бездер жоқ және тамырлармен аз ғана жабдықталған.Кірпікшелі эпителийлері бар жұқа шырышты қабықпен қапталған.
Мұрын қуысында жанында жалпы 4 қойнау болады:
Жоғарғы жақсүйек қойнауы;
Маңдай қойнауы;
Торлы сүйек ұяшықтары;
Сына тәрізді қойнау.