Тақырыбы: Натюрморт Мақсаты: натюрморт жайлы терең мағлұмат беру,сурет салу дағдысын қалыптастыру Міндеттері



Дата12.03.2018
өлшемі222,06 Kb.
#38784
түріСабақ
Тақырыбы: Натюрморт

Мақсаты: натюрморт жайлы терең мағлұмат беру,сурет салу дағдысын қалыптастыру

Міндеттері: Оқушылар қағаз бетіне тепе-теңдікті сақтай отырып, жарық-көлеңке арқылы натюрморт тақырыбына шығарма орындап үйренеді

Күтілетін нәтиже: Оқушылар қарындашты еркін пайдалана отырып үйлестіру заңдылықтарын меңгереді және олардың шығармашылық қабілеті артады.

Әдісі: СТО әдістері, сұрақ-жауап, диалог

Көрнекілігі: Слайд, акт арқылы иллюстрациялар,үлгілер

Сабақ барысы: топтық жұмыстар, қарындашпен жұмыс еркін тақырыпта

Натюрморт-француз сөзі. «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді, яғни жансыз заттарды бейнелеу. Натюрморт алғаш рет ХVІІ ғ Голландияда пайда болды. Натюрмортта жеміс-жидектер, ыдыс-аяқтар, оқу –құралдары т.б. заттар бейнеленеді.

Білу: сызықтар арқылы суреттеу,пропорциясын анықтау

штрих түрлерін меңгеру



Түсіну: жарық-көлеңке қолдану арқылы нәрсе бейнесін сомдау

Натюрморттың орындалу кезеңдері:

1.Салынатын натюрморттың нұсқасы қойылады.

2.Қағазға орналастыру жолдары түсіндіріледі.

3.Қойылған заттың сыртқы кескінін қағазға белгілеп аламыз.

4. Сурет қойылған заттардың суретінің симметриясы сызылған жүргізуден басталуы керек.

5.Әр заттың сыртқы орамасы қандай геометриялық денелердің сыртқы пішініне ұқсайтындығына талдау жүргіземіз.

6. Артық сызықтарды өшіреміз , суретті әр заттың түсіне сәйкестендіріп жарық көлеңкесін ажыратып боямыз. (Оқушылардың жұмыстарын аралап тексеріп, артық кемшіліктерін айту)

Білемін

Үйрендім

Білгім келеді.

 

 

 










 (стикерге жазылған ұсыныс-пікірлер жапсырылады)

Қолдану: оқушылардың жұмыстарын салыстыру



Талдау: түрлі жанрдағы слайдтардың айырмашылығы

Жинақтау: ( Cұрақтар қойылады )

-Живопись дегеніміз не?

-Живописьтің қандай жанрлары бар?

-Натюрморт дегеніміз не?

-Пейзажда не бейнеленеді?

-Портрет дегеніміз не?

-Тақырыптық картинада қандай суреттер салынады?

-Живописьтің орындалу техникасы қандай?


Бағалау: топтық бағалау, өзін-өзі бағалау

Үй тапсырмасы:

Қазақстанның пейзаж жанрымен айналысатын суретшілерін анықтау.



Кері байланыс: смайликтер

Живопись өнері

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №2 мектеп – гимназияның


бейнелеу пән мұғалімі Аминова Гүлдариға Аманғалиқызы

Сабақтың тақырыбы:  Живопись  өнері

Сабақтың  мақсаты:

Білімділігі:   Живопись  өнерімен  және  оның түрлерімен, мән-мағынасымен танысу.

Тәрбиелігі:   Бейнелі  көркем етіп сурет  салуға,  мазмұнына  көңіл  бөліп, тиянақты  сурет   салуға тәрбиелеу.

Дамытушылығы:  Живопись  жанрларын ажырата білу  қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі:   аралас  Типі:  жаңа сабақ

Әдісі: Сұрақ –жауап,  түсіндіру,  сарамандық жұмыс жасау

Көрнекілігі:  интерактивті тақтадан  живопись өнеріне  байланысты слайдтар

Құрал-жабдығы: бейнелеу құралдары

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

( Амандасу,  оқушыларды түгелдеу,  сабаққа даярлығын тексеру)

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар практикалық  жұмыстарын өз-өздерін бағалау арқылы мольбертке іледі.

«Сиқырлы сандық» ойыны.

Ойын мазмұны:  Сандық  ішіне  үй  тапсырмасы бойынша  сұрақтар жазылған суреттер салынады. Оқушылар  ретімен  алып жауап береді де,  тақтаға іліп қояды

  Сұрақтар: 

Бейнелеу өнерінің  түрлерін ата.

Қазақтың  тұңғыш суретшісі кім?

Графика  дегеніміз не?

Графика түрлерін ата.

Автопортрет дегеніміз не?

Қазақтың тұңғыш суретші қызы кім?

Линолеумге  салынған  сурет не деп аталады?

Литография  дегеніміз не ?

Белгілі бір әңгіме,  өлең, ертегі мазмұнына  салынған сурет?

Ксилография  дегеніміз не?

( Үй тапсырмасын сұрау  барысында  тақтадағы  суреттерден жаңа  сабақтың тақырыбын  ашу)



ІІІ .Жаңа сабақ

-Тақтада ненің суреттері ілінген?

-Портрет, пейзаж, натюрморт.

-Осы суреттер бейнелеу өнерінің қай түріне жатады?

-Живопись өнері түріне .

-Олай болса, балалар біздер бүгін бастауышта живопись өнерінен алыңған білімдерімізді әрі қарай жалғастырып ,живопись өнеріне тоқталамыз.

Живопись бейнелеу өнерінің кең дамыған  түрі болып саналады. Көркем шығармалар сан құбылмалы бояулардың үндестігі арқылы көз тартады. Живопистің графикадан айырмашылығы осында. Суретшілер өнердің ұшы -қиырсыз осы саласына өздері сүйген әуен тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портрет жазғанды ұнатады, екіншілері пейзажды, үшіншілері тарихи , соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар.

Живопись дегеніміз – орыстың «живой писать» деген сөзінен алынған,  яғни көріністермен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу. Қазақша живопись өнерін кескіндеме дейміз. Қазақстанда кескіндеме өнері 20 –жылдан бастап дами бастады. Бұл оған дейін Қазақстанда бейнелеу өнері болмады деген ұғымды туғызбау керек. Қазақ халқының қолөнер түрлері, оның ішінде мың құбылған ою-өрнек өнері , ши тоқу, алаша, сырмақ сыру және т.б. өнер түрлері ұлттық өнер мақсатына айналып басқа елдерге де танымал болған. Кескіндеме бейнелеу өнерінің негізгі түріне жатады. Кескіндеме өнерінің жанрларына тоқталатын болсақ, «жанр» -француз сөзі  «түр» немесе «тек» деген мағынаны білдіреді. Живопись мынадай жанрларға бөлінеді:



1.Натюрморт

2.Пейзаж

3.Портрет

4.Тақырыптық картина.

Натюрморт-француз сөзі. «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді, яғни жансыз заттарды бейнелеу. Натюрморт алғаш рет ХVІІ ғ басында Голландияда пайда болды. Натюрмортта жеміс-жидектер, ыдыс-аяқтар, оқу –құралдары т.б. заттар бейнеленеді.

Пейзаж- француз сөзі, «табиғатты бейнелеу» деген ұғымды білдіреді. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда , Жапонияда және басқа Шығыс елдерінде , сондай-ақ Европада дамыған. Пейзажда табиғаттың өмірде бар нақты көрінісі бейнеленсе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады.

Портрет- «адамдарды бейнелеу» .Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын дамыды. Портрет жанры ежелгі Египетте, Римде кеңінен дамыған. Қазақстан қылқалам шеберлері арасында портрет жанрында өзіндік қолтаңбасымен көзге түскен Ә.Қастеев. Ә.Қастеев «Ана» образын ерекше сомдаған. Келбеттік  бейнеде ана нұры ажарлана түседі. Алысқа қадалған көзжанарынан терең философиялық ойды байқауға болады.  Ә.Қастеевтің бұл туындысы Қазақстан бейнелеу өнері қорынан орын алған.

Тақырыптық картина –бұл белгілі бір тақырыпқа салынған сурет. Мысалы, «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз», «Мен Тәуелсіз елімді бейнелеймін», «1 маусым –Балаларды қорғау күні» , «Мен нашақорлықсыз өмірді таңдаймын» т.б. тақырыпқа салынған суреттер тақырыптық картинаға жатады.

Техникалық орындалу жағынан живопись мынадай бөлімдерге бөлінеді: майлы бояумен орындалатын живопись, темпера, фреска, мозайка, витраж, акварель, гуашь, пастель. Біздер көбінесе сабақта осы аталған техниканың ішінде гуашь, акварель, пастельді қолданамыз.

ІV. Сарамандық жұмыс.

Натюрморт жанрын бейнелеу.

(Вазадағы жеміс-жидектер салынады)

Натюрморттың орындалу кезеңдері:

1.Салынатын натюрморттың нұсқасы қойылады.

2.Қағазға орналастыру жолдары түсіндіріледі.

3.Қойылған заттың сыртқы кескінін қағазға белгілеп аламыз.

4. Сурет қойылған заттардың суретінің симметриясы сызылған жүргізуден басталуы керек.

5.Әр заттың сыртқы орамасы қандай геометриялық денелердің сыртқы пішініне ұқсайтындығына талдау жүргіземіз.

6. Артық сызықтарды өшіреміз , суретті әр заттың түсіне сәйкестендіріп жарық көлеңкесін ажыратып боямыз. (Оқушылардың жұмыстарын аралап тексеріп, артық кемшіліктерін айту)

V. Бекіту

Білемін

Үйрендім

Білгім келеді.

 

 

 

 

(Тақтаға балалар өздері жазады)



VІ. Бағалау. (Жаңа сабақ бойынша оқушыларды бағалау)

VІІ. Қорытынды.

-Живопись дегеніміз не?

-Живописьтің қандай жанрлары бар?

-Натюрморт дегеніміз не?

-Пейзажда не бейнеленеді?

-Портрет дегеніміз не?

-Тақырыптық картинада қандай суреттер салынады?

-Живописьтің орындалу техникасы қандай?



VІІІ. Үйге тапсырма:

Живопись жанрын оқу

Сынып тапсырмасын аяқтау

Қазақстанның пейзаж жанрымен айналысатын суретшілерін анықтау.



Өнер және бейнелеу
  Рухани мәдениетіміздің зерттелу тарихын дәл мына уақыттан басталды деп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты көне болса, оның зерттелу тарихы да соншалықты тереңге таратады. Сол сияқты рухани мұрамыздың жиналу, саралану, насихатталуы да тереңге тамыр созады.
  Мәдениет – қоғамның өмір сүруінің қозғаушы күші. Қазақстанның мемлекеттік басшысы Н.Ә. Назарбаев: «... бүгінгі таңда біздің төл мәдениетіміздің міндеттерін өзіміз айқындай алатын мүмкіндігіміз бар. Оны шешу мәдени санаткерлеріміздің еншісінде екенін атап көрсетті. Қазақ мәдениетінің үш мың жылдық тарихы ұрпақтарға жалғастық пен сабақтастық арқылы жетіп отыр. Мәдениеттің басты таратушылары болған көшпенді ата-бабаларымыз рухани қазынаны ең биік құндылыққа қоя алғандықтан және өздері сол рухани құндылықты бойына жинақтай да білді. Қазіргі бізге жеткен ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптардың қайсысын алып қарасақ та осыны аңғарамыз. Кешеге дейін өткеніміз бен бүгінгіміз жалғастырған нәзік жіп үзілмей, ұрпақ пен ұрпақты байланыстырып келеді. Сәби кезімізден анамыздың әлдиі мен әжеміздің  ертегісін тыңдадық. Демек, ұрпақтар сабақтастығы үзілген жоқ. Мәдениетіміз тірі, оған серпін мен ырғық керек. Ғасырлар бойы екшеленген мұраларды бір сәт те естен шығармаған абзал» - деген.
  Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол- өзара қарым-қатынас нәтидесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.
  Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.
  Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.
  Мәдениеттің тұрақты жағы – мәдени дәстүр, соның арқасында тарихтағы адамзаттық тәжірибесіне сүйеніп, оны кемелдендіреді, дамытады.
  Адамдар арасында келісім, ауызбіршілік, бірлік болмайынша, тұрақты дамуды бағдар тұтқан қоғамды қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан еліміз үшін басымдық танытушы идеяға айналған мәселе әлеуметтік-экономикалық қиындықтардан, әр түрлі тарихи кедергілерден мемлекетіміздің тұтастығын сақтай отырып, өркениетті елдер қатарына қосылу болып табылады. Бұл жерде мәдениеттің гуманистік –адамгершілік принциптеріне сүйену, рухани бағдарды ұстануы терең мағынаға ие болды. Өйткені мәдениеттің құлдырауы адамның  рухани дүниесін аздырады, оның шынайы даму жолынан ауытқуына әкеліп соқтырады. Бұл еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің түп негізіне әсер ететін құбылыс болып табылады.
  Өмірдің заңына сәйкес мәдениет үнемі жаңғыруды қажет етіп отырды. Өзен өзінің мөлдірлігін суы ағып жатқан кезде сақтайды, тазалығымен адамды тәнті етеді, әлемділігімен табиғатты құлпыра түседі. Сол сияқты кез келген мәдениет жаңа толқынға, жаңа мағынаға ұмтылады, оған зәрулік танытады. Әрине, бұл дегеніміз ғасырлар сынағынан өткен дәстүрлі құндылықтарды түбегейлі жоққа шығару дегне сөз емес. Өйткені, тарихи сабақтастықтың логикасына сәйкес мәдениеттің ілгері үлгілері болады, онсыз ұлттық мәдениеттің қабырғасы сөгіледі, іргесі шайқалады /1/. Міне, сондықтанжаңа үлгілерге жаппай бетбұрыс жасаудың өз қисыны, өз ырғағы, өзіндік келбеті бар. Сондықтан, өтпелі кезеңнің мәдени өзгерістерінен дәстүрлік пен жаңашылдықтың ерекше синтезін, симбиозын іздеуіміз қажет сияқты. Әрбір жаңа нәрсені ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып қабылдаған абзал.
  Мәдениеттің басқа салаларында жіктелген заттық және руханилық, объектілік және идеалдық, рационалдық жәнеэмоционалдық... – осылардың бәрі өнерде жігі бұзылмай, бірлесе, біте қайнасып жатыр.
 Өнер – қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі. Оның сананың басқа формаларынан, мәселен ғылым мен философиядан айырмашылығы сол, ғылым мен философия сыртқы дүниенің теориялық бейнесі, яғни олар теориялық ойлау болып табылса, өнер шындықтың көркем бейнесі болып табылады.
  Өнер өте ертеде шықты. Алғашқы адамдар кейінгі ұрпақтарға тас балталар мен сүйектен жасалған найзалар ғана қалдырған жоқ, сонымен қатар үңгірлердің қабырғаларына салынған түрлі суреттер, балшықтан, тастан жасалған мүсіндер де қалдырған.
  Өнер қалай пайда болды?
  Батыс социологтары мен өнер теоретиктері әдетте өнерді «адам жанының құпия қасиетінен» немесе адамның  туысынан бірге болатын «тамашалау сезімінен». Өнердің шығуы жөніндегі мұндай көзқарастың теориялық негізі философиялық идеализм екенін түсіну қиын емес.
  Кейбір батыс теоретиктері өнердің негізін жануарлар дүниесінен, атап айтқанда, құстардың шырылынан, олардың түлеуінен, хайуанаттардың ойынынан тағы басқаны іздейді. Сөйтіп, өнерді адамның табиғатқа еліктеуі деп түсіндіреді.
  Ал өнерді тудырған қоғамдық қажеттіліктер қандай?
  Адам еңбек процесінде айналадағы дүниені танып біледі. Бұл білім оған өте қажет, өйткені еңбек дегеніміз білімді қажет ететін мақсатты да саналы іс-әрекет. Алайда еңбек ету процесінде көздеген мақсатқа жету үшін білім ғана жеткіліксіз, ол үшін белгілі бір мінез-құлық сапалары, мысалы табандылық, ержүректілік, ынтымақтылық сезім және сондай-ақ қара күш сапалары – күш-қуат, төзімділік, ептілік тағы басқалары керек. Ал бұлардың бәрі адамға өздігінен келмейді, оларды тәрбиелеу қажет. Өнер сол сапаларды тәрбиелеудің маңызды бір құралы ретінде пайда болды. Қысқасы, өнерді тудырған қоғамдық өмір қажеттіліктері, біріншіден, дүниетану және, екіншіден, адамды тәрбиелеу.
  Өнердің мынадай үш негізгі ерекшелігін атап көрсету керек: біріншіден, өнер шындықты бейнелендіру формасы, яғни дүниетану формасы; екіншіден, өнер қоғамдық сананың адам эстетикалық сезім тудыратын формасы /2/.
  Өнердің шындықты бейнелендіру формасы ретіндегі ерекшелігі ең алдымен оның нені және қалай бейнелендіретінімен анықталады.
  Өнер дүниені адамның нақты сезімдік формада бейнелендіру қабілетіне негізделеді.
  Егер құбылыс пен мән бір-біріне сәйкес келсе, демек, адам сезім мүшелерімен құбылыстардың мәнін тікелей танып біліп отырса, онда ешқандай ғылымның керегі болмас еді. Бірақ құбылыстың мәнін тікелей сезіну арқылы білуге болмайды. Ғылым заттар мен құбылыстарға тән жалпы, маңызды қасиеттердің, қатынастардың бейнесі, демек мәннің бейнесі. Бұл жалпы мәнді ғылым жалпы ұғымдар мен категориялар, заңдылықтар формасында бейнелендіреді
  Өнер де жалпыны бейнелендіреді, бірақ оны абстракция формасында емес, жинақталған жеке образ формасында немесе, өнер тілімен айтқанда, типтік образ формасында бейнелендіріледі. Шындықта жалпы типтік образ жеке нәрселерде ғана өмір сүруде, демек, жеке нәрселер арқылы көрінеді. Сондықтан өнердегі типтік образ дегеніміз жинақталған, жалпыланған образ. Бірақ ол жалпыланған типтік образ жеке образ арқылы бейнелендіріп көрсетіледі.
  Өнердің шындықты бейнелеу формасының ерекшелігі сол, ол көркем образ болып табылады.
  Көркем образ дегеніміз ең маңызды, типтік образды жеке образ арқылы көрсету немесе өмірдің жалпы, маңызды типтік жақтарын жеке құбылыс формасында, яғни нақтылы сезімдік формада бейнелеп көрсету.
  Демек, көркемобразды (бейнені) ұғыммен де, түйсікпен де теңгеріп қарауға болмайды. Көркем образдың ерекшелігі сол, ол жалпыны жеке арқылы танып білу. Нағыз өнер шығармаларындағы көркем образдар шындықтың сырт белгілерін бейнелемей, маңызды жақтарын бейнелейді.
  Өнер – қоғамдық сананың идеологиялық формасы. Өнер идеологиямен екі тұрғыдан байланысты. Біріншіден, ол белгілі бір таптың мүддесіне қызмет етіп, оның саяси, моральдық, философиялық, эстетикалық және тағы басқалардың көзқарастарының насихатшысы және, екіншіден, ол адамдардың қоғамдық қатынастарымен тығыз байланысты, қоғамдық сананың басқа формалары сияқты, қоғам алдында тұрған әлеуметтік мәселелерді шешуге қызмет етеді.
  Өнердің келесі ерекшелігі сол, ол – қоғамдық сананың эстетикалық сезім тудыратын формасы /3/. Суретші, жазушы шындық құбылыстарына тән эстетикалық сапаларды ашып көрсетеді. Сондықтан көркем шығармаларда өмір белгілі бір эстетикалық идеяларға сәйкес бейнеленеді, яғни өнер шындық нәрселері мен құбылыстарын көрікті немесе көріксіз, көңілді немесе көңілсіз, қайғылы немесе күлкілі деген сияқты категориялар формасында бейнелеп, баға береді.
  Әдемілік, көркемділік адамның күнделікті өмірінде зор роль атқарады. Адамды қоршаған орта көркем болса, оның өзі адамды көңілдендіріп, еңбек пен өмір шабытын тудырады. Адам тек ғылым заңдарына сәйкес қана емес, «әдемілік заңы бойынша» да еңбек етеді деп атап көрсеткен болатын К.Маркс.
  Өнер арқылы мәдениет өзінің тұңғиық тереңінде болып жатқан құбылыстерын дәп бір айнаға қарап көргендей, байқап отырады. Сондықтан да өнерді «мәдениеттің айнасы» деп анықтауда негіз бар. Нақты тарихи жағдайлар шеңберінде белгілі бір ұлттың, этностың мәдениетінде өнер аоқылы сол мәдениеттің әлемді және әлемдегі адамды түсінуін көреміз.
  «Өнер» - мәдениеттің айнасы деп бекерде бекер айтылмаған. Ол мәдениеттің жаны, оның өзіндік танымының түрі. Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеру барысында әдеби мәтіндерге, мүсінге, сәулет туындыларына, суреттерге, әуенге, биге және тағы сол сияқты негізделген өнер түрлері қалыптасады.
  Өнер деп адамның рухани болмысына, сезіміне, эмоциясына әсер етіп, оны толғандыратын суреткер қолынан шыққан шығармашылық үлгісін айтамыз. Өнер – адами ақиқат, адамдандырылған «екінші әлем». Өнер, көркем бейне және жасампаздық тікелей әлеуметтік адам тұлғасымен байланысты категориялар.
  Өнерде үйлесімділік ретінде танылған кемелділік бейнесі жасалады. Өнер арқылы адамның әмбебаптылығы ашылады. Өнер адамның шексіз болмыстық сұрақтарына жауап табуға талпыныс барысында гуманистік принциптерді қалыптастырады. Нәтижесінде, өнер тек белгілі бір қоғамның даму нәтижелерін көрнекілеп қана қоймай, сонымен қатар, әлеуметтік-рухани өмірдің күйіне әсер ететіндігін білдіреді.
  Әсемдік, әдемілік, сұлулық сынды бірдеңгейлік ұғымдар мазмұнына негізделген өнер туындысы үшін адам мен қоғамнің еркіндік туралы түсінігінің мәні зор. Өнерді көп ойшылдар өз ләззаты, өз рахаты өзінде, ешнәрсеге тәуелсіз «мақсатсыз» мақсат көздегіштік деп анықтайды. Бірақ, бұл сипаттамалардан өнерді беталды, тізгінсіз әрекет деп түсінуге болмайды. Бұл тұста таза өнер мен кәсіп-өнерді ажырата білген абзал. Мысалы, неміс философы И.Кант таза өнер мен кәсіп-өнерді ажыратып қарастырды да, біріншісін – еркін өнері, екіншісін – табыс үшін жасалатын өнер дейді. Кант бұл жерде еркін өнер деп адамныңөзінің рухани болмысынан шыққан образды шешімдермен байланысты өнерді айтып отыр. Ал табыс үшін, сауда-саттық мақсатында жасалған өнер өзіне емес, өзгеге ұнау үшін, сатып алушы талғамына, сұранысына аңғайластырып жасалынады.
  Өнердің жекелеген түрлерін және олардың бір-бірінен ерекшеліктерін білу, ажырату адамзатты көнеден бері толғандырып келеді.
  Бейнелеу өнері – дүниені көзбен көріп түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы.
  Бейнелеу өнері негізінен кескіндеме, мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы тиіс. Сондықтан шартты түрде оларды да бейнелеу өнері қатарына жатқызамыз. Сондай-ақ, театр, кино, теледидарға безендіруді, көркем дизайнды да бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болды. Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары түптік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке композициясы, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс пән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түсті бояуды, графика түрі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтық астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемдікті пайдаланады.
Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді – сәндік және қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді мүсін архитектура кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ /4/.

Бейнелеу өнері скачать

30.03.2010, 15:37 КІРІСПЕ


«Өнерлі өрге жүзеді» деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Қолыңдағы «Бейнелеу өнері» оқулығы сенің онер жолындағы талпы-ныс, ізденісіңе жол көрсетіп, үйреншікті нөрседен әсемдікті таба бі-луге, коргенді есте сақтауга және қиялдау қабілетіңді дамытып, шы-гармашылықпен жүмыс жасау жолына жетелейді.
Оқулық 6 бөлімнен түрады: кескіндеме, графика, композиция және перспект^ива, мүсін онері, сәндік қолданбалы онер, сөулет өнері.
Өрбір бөлім жеке-жеке қарастырылганымен барлығының білім беру міндеті ортақ бір мүддені көздейді.
Өрбір тарауда оқытылатын оқу материалы жеке бір тапсырма-ның ғана емес, көптеген тапсырмаларды шешуге қатысады. Тақы-рыптық немесе композициялық сурет салу барысында әрбір тарауда-ғы әр түрлі тапсырмалардан алған білім, білік дағдыларды есте сақ-тау қажет. Оқулықтағы тараулар арқылы ондағы жаңа бейнелеу, безендіру, қүрастыру іс-өрекеттерімен біртіндеп таныс боласыңдар.
Суретші, мүсінші, зергерлер сурет салғанда, мүсін, әшекей бүй-ым жасағанда және т. б. керкемдік іс-әрекеттерде өзінің өмір жайлы білімі мен түсінігін көрсетеді, шығармашылық іс-әрекеттері арқылы әр түрлі қүбылыстарға деген көзқарасын білдіреді.
Сурет сала білу сенің рухани өміріңде де елеулі із қалдырары сөзсіз. Жаңа қоғам дамуы мен жаңа технологиялық өзгерістер бола-шақ жастардан асқан шеберлік пен іскерлікті талап етеді.
Оқулықта өздеріңнің кәріп-қабылдау қабілеттеріңді шыңдайтын әнер шеберлерінің әр түрлі саладағы, жанрдағы туындылары бе-рілген, олардың мән-мағынасы шағын мәтіндермен баяндалған. Ес-керте кететін бір жайт - оқулықта берілген суреттерді көшіріп салу-ға әсте болмайды. Олар тек көріп әсерлену үшін қажет.
Кітаптағы суретшілер және олардың тамаша шығармашылық туындылары жайлы мәліметтер арқылы мүғалімнің көмегімен де, ез бетіңмен де кәркемдік біліміңді жетілдіре аласың.
Сендерге шығармашылық кабілеттілік пен рухани бай әмір ті-леуші автор.

Дала көрінісі.


зықтық бетінен түскен жарық каншалықты күшті болса, суреттегі шагылысу да соншалықты ашық болады.
Күннің табиғи сәулесіне қарағанда жасанды жарық күші әлде-қайда темен. Сондықтан да ай сәулесінің жарығы мен жасанды жа-рық коздерінен түскен сәуледен жазықтық шағылысулар көрінбейді десе де болғандай.
Шырақ немесе электр шамы жарықтанушы объектіден жақын жерде түрғандықтан олардан шыққан сәулелер жарық нүктесінен тіке шашырап түседі.
Шағылысудың өзі көлеңкелер категориясына жататынын үмыт-паған жөн, олар әркашан жарық түскен жазықтық бетіндегі жарты-лай көлеңкеден қаралау болады. Егер де бүйымның айналасында қара түсті заттар түрса, онда шағылысу онша білінбейді.
*?! 1. Шағылысу дегеніміз не?
2. Суретші шырармасын талдап, ондағы шағылысудың орын алған тұстарын көрсет.
3. Күннің табиги сөулесіне караганда жасанды жарық күші өлдекайда төмен болатындығын дөлелде.
4. Не себептен шағылысудың өзі көлеңкелер категориясына жатады?
22

Натюрморт жанры


Натюрморт туындыларымен сендер өткен сыныптарда тані | болдыңдар. Суретші бейнелеген заттар адамның өмірі, талғам і үйреншікті әдеттері жайында кеп сыр аңғарта алады. Түрлі тү<
маталар, ыдыс-аяқ, гүлдер, жеміс-жидектер, теңіз байлығы мен т I қүстары сияқты әр қилы көріністер үйлесімі қоршаған ортаның бе \ лығы мен сүлулығын дәріптеп қана қоймай, біздің көңілімізді I мүңға, не шаттыққа бөлейді. Қай заманның суретшілері де графиі ! мүсін, бейнелеу өнерінде талай-талай натюрморттар қалдырған. I Солардың ішінде XVII ғасырдағы фламанд, голланд суретшіл( ! Ф. Снейдерс, В. Хедтлердің натюрморттары айрықша орын алар | Өз шығармаларында олар табиғаттың адамға сыйлайтын мол риз 1 ғын, адам қолынан шыккан бүйымдардың сүлулығын жырға косал Сурецгші И. Э. Грабарь, М. С. Сарьян, П. П. Кондальский, И. ! Машков, т.б. натюрморт жанрының тамаша шеберлері болды.
Қазақтың үлттық тағамдарының кейбір түрлерін белгілі сурет ( А. Ғалымбаева өзінің «Дастарқан» атты натюрмортында өсерлі б( ; ген. Мүндағы күрең бауырсақ пен ақ қүрт, ағаш тегенедегі са; : қымыз, шақпақ қант пен үгіліп кеткелі түрған кеудірлек нан, дастг
қан шетіндегі торғын сүлгі, бүлардың түсындағы аяққап осынл
бір-бірімен жараса астасып, ел байлығының, казақ дастарканын:
бір көрінісін тартымды бейнелегендігін көреміз.
Күн сайын көріп жүрген қарапайым бүйымдар біздің көз алл ! мызда бүрын-соңды байқалмай келген ерекше жарастық тауып ■
ғысқан.
Суретшінің негізінен жеміс-жидектерден түратын бүл шығарт
сында олардың әсемдігі мен қазір ғана үзілген жемістің таза қан
1. Заттар бір-бірінен алшаң орналаскан.
бояулары асқан шеберлікпен берілген. Өр түрлі заттардың, бүйь

2. Кейбір заттар бір-біріне жақындасып, кейбірі жекеленген оқшау қалыпта орналасқан.


дардың тобын бейнелеу барысында олардың бір-біріне катысты мөлшерін дүрыс бере білу керек. Ол үшін бүйымдардың жеке-жеке пропорциялық ерекшеліктерін айқындау қажет.
^ Салынған суреттерді мүқият қарап шықсақ, барлық жерде бір-і дей бүйымдар, заттар немесе жемістер бейнеленген. Барлық суретте сол заттар, бірақ топтамалар жинагы әр түрлі бейнеленген. 1-суретте заттар бір-бірінен алшақ орналасқан, 2-суретте кейбір заттар бір-біріне жақындасып, кейбірі жекеленген, оқшау қалыпта, 3-суретте барлық заттар мен бүйымдар бір жерге жиналған.
Бүл суреттерден бүйымдар тобының ерекшелігі тек оның пішіні,! көлемі, фактурасына ғана байланысты емес, сондай-ақ олардың өзара| орналасу жағдайына да байланысты екендігін байқаймыз.
Сурет салғанда суретші осыған байланысты қағазды тік немесеі көлденең қалпында пайдалану керектігін шешеді.

3. Барлық заттар мен бұйымдар бір жерге топталған.


Жаз айында кең далада жайқалған жасыл шоптермен бірге алі қызыл, сары, аппақ дала гүлдері де жайнап, мың күлпырады. Алыс-тан қарағанда дала бейне бір қүлпырған түкті кілемге үқсайды, жа-І

қындаған сайын гүлдер айқындалып, әрбір гүл өзінің бір-біріне үі майтын әсемдігімен, жүпар иісімен көңіліңнің ажарын ашып еі ше қуанышқа бөлейді.


Сол сияқты бақтағы өздерің әсіріп, баптаған гүлдер де сенде жағымды әсер етіп, сурет салуға, өлең жазуға шабыттандырары сөс Жаңадан үзілген гүлдердің, кейбірінің әлі де болса қауызы агш қоймаған. Ақ, қызыл, сары, күлгін, қызғылт, сарғыш күлгін т1 гүлдер тобын үйге алып келіп, терезе алдына қойсаң, бөлме іші өзг< сала береді.
Енді осы гүлдерден натюрморт салып кәрелік. Сурет салу ба сында әрбір гүлдің қүрылысына, жапырақтарының пішіні мен сіне назар аударып, көңіл бөлген жөн. Сонымен қатар гүл еальив күмыраның пішіні, түсі, ондағы жапырақтан түскен шағылысу және гүл терезе алдында түрса, оның бізге көрінетін түстары да зардан 'тыс қалмауы керек.
9 Т 1 • Натюрморт жанрын кеп бейнелеген қандай суретшілерді білесің?
2. Натюрморт салу үшін бұйымдар тобының тік қағаз бетіне орналасатын: позициялық шешімін тап.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет