Тақырыбы: Науырыз асыл айым. Мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі101,59 Kb.
#34082
Тақырыбы: Науырыз асыл айым.

Мақсаты: Қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту; сөйлеу шеберліктерін жетілдіру , мәнерлеп оқуға дағдыландыру , сахналау өнеріне баулау; балаларды ұлттық салт – дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сахна мерекеге сай безендіріледі, қабырға гәзеттері , нақыл сөздер т.б.

Мұғәлім: Жер әлемді жайнатып , әнші құстарды сайратып , Науырыз тойын тойлатып , Ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын ! Ақ мол болсын !

Хормен: Науырыз келсе , құт келгені халайық !

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық.

Мұғалім: Бүгіңгі тойға алыстан ат терлеріп аса қадірлі қонақтарымыз да келіп қалыпты. Қәне , балалар оларды қошеметпен қарсы алайық.

Қызыр баба: Оу ,аман ба , жарандар,

Алтын таңға қараңдар.

Ерте жайнап атты таң,

Естіліп тұр шаттық ән.

Жұрағатым қуанып,

Рахатын тапты жан.

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз,

Жас балаша нүрланып,

Жадырайды күніміз,

Күннің жаңа нұры бар.

Мұның ғажап сыры бар

Халық сүйген мейрам бұл,

Қарсы алайық тұрыңдар.



Күн: Мөлдір

Сәлем, ата – аналар,

Айналайын, балалар,

Қызыр баба , аман ба,

Жасы жайлы заманда.

Уақыт үдеп келдім мен

Бақыт тілеп адамға

Наурыз: Сәлем,анам алтын күн !

Сәлем , қарты халқымның

Уақытыма риза боп,

Бақытыма шалқыдым ,

Ашық болсын күніміз,

Ашылады нұрымыз.

Бай тұлғаны өңірде,

Айтылады жырымыз.



Жиренше: Нұрұлан

Той әкелген ғаламға

Күн мен науырыз , аман ба!

Бас иеді бабамыз,

Бас иемін саған да.

Барша жұртым аман ба ?



Күн: Мың жасай бер, жиренше !

Қожанасыр: Азамат

Амансың ба, Күн Ана,

Алаулай бер , Құлама !

Өлме Қожанасырмын,

Келмес ойда жасырғым

Қабілетке шорқақпын ,

Әділетке бас ұрдым.

Күн: Қожанасыр мың жаса !

Алдар: Олжас

Сәлем ай мен күніміз,

Мейрам парқын біліңіз,

Қыруар істі бастаймыз

Қуанышты үніміз.

Қайтқан емес талайым

Той болсын деп толайын

Айналайын ағайын.



Тасша бала: Рахман

Күн мен айға әлемнің

Берем ыстық сәлемін !

Қарттарыма сүйіне

Сәлем берем иіле.

Орындалсын ойларың ,

Құтты болсын тойларың !

Би: Қазақ биі Қамажай.

Мүғалім: Науырыз қазақша жыл басы Науырыз парсы тілінде « жаңа күн » деген сөзді білдіреді. Халқымыздың түсінігі бойынша Науырыздың 21 – күні даланы Қыдыр ата аралайды екен. Сол себепті бұл түн «Қыдыр түні » деп те аталады. Ол Науырыздың 21 – нен 22 – не қараған түні яғни , түңгі сағат 3 – ке тұспа –тұс келеді. Күн мен түн теңеледі. Науырызды Қазақстаннан басқа Үндістан , Иран , Ауған , Бұхар , Кавказ,Түркістан халықтары да тойлайды. Қыдыр түні жаңа жыл табалдырықты аттап , үйге енгенде « жалғыз шала сәуле болмас » деп төрге қос шырақ жағып қойылады.

Мұғалім: Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулығы сәлемдесу арқау болып жатады . Бір – бірін көріп білмеген адамдар арасында да игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді. Имандылық шариғатында сәлемдесуді тілмен айту – парыз Наурыз күні адамдар бір – бірімен төс қағыстырып амандасады.

Рахман: Ассалаумағалейкум ! « Мен адамның, адамдығымды білдіремін »

«Алланың нұры жаусын»

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын !



Бейбіт: Уағалейкумассалам !« Мен де адамның, адамдығымды білдіремін »

«Сізге де. Алланың нұры жаусын»

Ұлыс оң болсын ,

Пәле – жала жерге енсін !

( Екі бала төс қағыстырып амандасады )

Жазира: Күреп алтын күрекпен

Қарды еріткен Наурыз !

Жатыр көктем түлетіп,

Бүрлеп бақша - бауымыз

Ұлы күні ұлыстың

Күн мен түнді теңеген

Тәтті дәмін ырыстың

Таттық Наурыз көжеден



Айгерім Жас қосатын жасыңа,

Жыл басы бұл - Наурыз!

Әр кіргізген асыңа

Бал татыған сары уыз.

Наурызбенен құттықтап,

Алыс жақын қауышты,

Көктемдегі жарқын сәт

Көңілдерге ауысты.



Диана: Күнғой бүгін жарылған

Ақ түйенің қарыны.

Ақ дастарқан жайылған

Лаулап ошақ жалыны.

Қуант таныс – құрбыны,

Бақыт тілеп қол ал да

Не тілесең бұл күні

Орындалар сол алда.



Марта: Өлең өрлеп, жыр самғай

Үйлесті әсем сәніміз.

Болады екен жыл сондай

Қандай болса Науырыз !

Жан қалмасын жай тұрған

Мәз болсын жас кәріміз.

Күй шертілсін, ән айтып,

Би билейік бәріміз.



Хормен: Жәйна көктем, жасара бер !

Би: Бипыл.

Мұғалім: - Жаңа жыл мұнтаздай таза Кірсе, ол үй пәле - жаладан аман болады, деген сеніммен Наурызға шейін үй ішіндегі мүліктер тазартылады. « Береке басынан басталады » демегі, жыл жақсы басталса, жақсы аяқталады. Жыл бойы ақ мол, дән тасқын – тасқын , жауын – шашын көп болсын деп, бидай, тары, арпа, сұлы, жүгері, аққа толсын деп , сүт, айран, шұбат, шалап, уыз және кәусар бұлақ суына толтырады.

Алпамыс: Қош келдіңіз, Наурызым, ардақты,

Халық саған бар үмітін арнапты.

Жылда осылай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.



Жандос: Келді Наурыз жар салып,

Би билеиік ән салып

Жылда келсін Ұлыс күн,

Тұрайық есен қарсы алып.



Нұрлыбек: Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса, Наурыз дәстүрлі!

Бақытыма шалқыдым,

Ашылады нұрымыз

Осының байтақ елімде

Айтылады жырымыз.



Дана: Армысың, Наурыз

Қуаныш боп кір төрлет

Ел болып саған

Көрсетіп жатыр сый құрмет.



Назерке: Наурыз келді, Наурыз келді, ағайын

Құшырлана құшағымды жазайын

Көктем шыға күлімсіреп көк аспан

Әнге толды, күйге толды маңайым.



Ұлболсын: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн өткен

Жарығыңмен, шуағыңмен, Күн Ана

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.



Альмира: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке

Қастерледің қадіріңді білдің де

Құтты болсын, Ұлыс күні жұмылдыр

Бәрімізді ынтымақ пен Бірлікке !



Нұртас: Әнім де саған биім де

Құт қонақ өзің үйімде

Қуаныш сылап еліме

Күлімде, Наурыз күлімде

Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді

Соны тойлар ел енді.

Ән: Бала тілегі.

Көрініс: ( Күн мен түн ортаға шығады )

Күн: Сәулесі мол күнмін

Түн: Жұлдызы көп түнмін

Екеуі: Бірдей болып біздер Теңелеміз бүгін.

Түн: Ал ертең күн ұзақ.

Күн: Түн қысқарар бірақ

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып Жүрмеңдер тек жылап.

Мүғалім: Наурыз күні ертемен ерлер қолдарына кетпен, күрек, ал қыздар – келіншектер құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады. «Бұлақ көрсең – көзін аш» деп айналадағы бастаудың көзін ашса, «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деп бұлақ басына тал егеді. Ал әйелдер «Жер анаға тәу етіп, құт дарып, «жарылқа» деп жаңа ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағашқа ақ бүркеді.

Мұғалім: Енді айтыс өнерін тамашалаңыздар.

Екеуі бірге: Оу, халайық, халайық.

Әсем әнеге салайық.

Наурыз тойын көңілді.

Бірге қарсы алайық.



Ұл бала: Менімен айтысар,

Қыз құрбылар қайсың бар.

Қолдан келсе әзілдеп.

Маған сынды айтыңдар.



Қыз бала: Айтысуға өзіңмен,

Шығып тұрмын алдыңа.

Күн аттырын білмеуші ең,

Жаттап оны алдыңба.



Ұл бала: Құрбым кімге күлесің,

Өзің нені білесің ?

Онға дейін қиналып

Санай алмай жұресің.



Қыз бала: Бәтеңкеңнің бауын да,

Байлай алмай жүруші ең.

Үйрендің бе, жидеңді,

Теріс қарап киюші ең



Ұл бала: Олпы - солпы кигенің

Ойыңда не түйгенің,

Намысыма құрбыжан

Наурыз күні тимегің.



Екеуі: Ұлы Наурыз бәріңді,

Татулыққа шақырған.

Тоқтатайық айтысты,

Сөз қалғанба ақыннан.



Көрініс: 1.Тұсау кесу рәсімі.

2.Баланы бесікке салу.



Ән: Топ – топ балақан.

Би: Қара жорға.

Көрермендерге арналған сұрақтар:

1.Наурыз сөзі қандай ұғымды білдіреді? «Жаңа күн»

2.21 – наурыз күні қалай аталады? «Қыдыр түні»

3.Жылқы аты? «Қамбар Ата»

4.Ұлыс күні жасалатын тағам? «Наурыз көже»

5.киіз үй бөліктері? «Есік, шаңырақ, кереге, уық»

6.Қазақта 16 – 17 жас аралығын қалай атайды? «Бозбала мен бойжеткен»

7.Наурыз күні бойжеткендер ұнатқан жігіттеріне арнап соғымның етінен уыз салып ерекше дәм береді екен. Оны не деп атайды? «Ұйқы ашар»

8.Келді өмірге бір бөбек

Кеудесіне гүл алып

Бүгін айтар жыр бөлек

Осы өлең қандай рәсімге байланысты айтылған? «Шілдехана»

9.көшіп қонуға қлдайлы қазақ баспанасы? «Киіз ұй»

10.Наурыз мерекесі қай жылдан бастап қайта тойлана бастады? «1988 жылы»

11.Наурыз мерекесінде қандай тілектер айтылады? «Ақ мол болсын»

«Төрт түлік ақты болсын» «ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» т.б.



Хор: Қазақы дастарханы.

Мұғалім: Біздің халқымыз үлкенді сыйлап, оларды тыңдай білген.Біз кезекті әжеге береміз.

Әже: Оу, айналайын балалар,

Жеп – ішсіндеп тамсанып

Жеті түрлі дәм салып

Наурыз көже пісірдім

Тойға қазан түсірдім

Құйдым алты табаққа

Мол қызыққа батыңдар

Көктем наурыз тойында

Көжеге жас кәріңді

Шақырамын бәріңді.



Ата: Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын

Қайда барса жол болсын

Ұлыс бақты болсын

Ұлыс берекелі болсын

Төрт түлік ақты болсын



Бәле жала жерге енсін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет