ІІ жұп – көру нерві. Сырқаттың айтуынша:жанары әлсіреген, көзінің алды тұманданған, көз алды ұшқындап, шыбын-шіркей ұшып жүргендей түрлі түстер елес береді. Көздің көргіштік мөлшерін Сивцев кестесінің көмегімен тексереді. Қалыпты жағдайда (1,0), көргіштігі төмендеген (амблиопия), мулде көрмейді (амовроз).
Көз аясының кеңдігін периметрмен өлшеп, нәтижесі сызба турінде жазылады. Егер көру нерві зақымданған болса, көз аясы тарылады, көз аясының кейбір тұстары көрінбейтін болса-скотома, көз аясының жарты бөлігі көрінбейтін болса-гемианопсия (гомонимдік және гетеронимдік).
Көздің жарық сезгіштігі, түс айырғыштығы түрлі түсті арнайы кестенің көмегімен тексеріледі. Түстерді мүлде айыра алмаса- ахроматопсия, жекелеген тустерді айыра алмаса- дисхромотопсия, қызыл және жасыл түстерді айыра алмаса-дальтонизм болғаны.
Көздің түбін офтальмоскоптың көмегімен зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |