Тақырыбы: Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні Мақсаты



Дата12.04.2022
өлшемі16,25 Kb.
#139098
Байланысты:
Нұр себеле ұлыстың ұлы күні
квал тест

Тақырыбы: Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету
Көрнекілігі: слайд, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, суреттер.
1- жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз Мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
2- жүргізуші: Бүгінгі болғалы отырған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
1- жүргізуші:Сахналық көрініс
Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.
Күлгенің де той сенің,
Жүргенің де той сенің.
Қызықтасын халайық,
Тұсау кескен бұл күнің
Есте қалсын, жарқыным.

2-жүргізуші
Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.
Бүгінгі күні әжеміз өзінің немересінің тұсау кесер тойын қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесер» тойын өткізбекші.
Алия Әже:
Алғашқы немерем жер-Анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек, із тастамақ. Сол құлынымның тұсауын кесуге ауылдың сыйлы да құрметті Рахат атасына немеремнің тұсауын кестіремін.
Ал, келін балам, кішкентай немеремді ортаға әкел.
(Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады.)
Нұрғаным Келін бала:
(баланы көтеріп келе жатып айтатын өлеңі:)
Тәй-тәй балам, тәй балам,
Шақырып тұр айналаң,
Қаз-қаз тұрып талпындың,
Қуантасың, күлесің.
Аман болсаң аз-ақ күнде
Алшаң басып жүресің
Рахат ата:
Ала жіппен тұсайын
Әмренің аяғын
Тұсау жібін кесейік
Жасап баба ырымын.
Сағат сайын есейіп,
Шапқыласын құлыным
Аяқтары талмасын
Айналайын, алтыным.
(аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі.)

Бата берілуі:


Манас ата:
Құлыным үлкен жігіт болсын!
Ата-анасына қызық болсын
Жақсылармен қатар болсын,
Жамандармен қатал болсын,
Ата-дәстүр байлығын жалғастырар,
Берік бұтақ болсын.
Азина:
Әлия әжемнің немересінің «Тұсау кесер» тойының құрметіне Нұрсұлтан күй-шашу арнайды.
Есентаев Нұрсұлтан: «Ерке сылқым» күйі.


Әлия әже: Құрметі қонақтар үстел басына жайғасайық, астан дәм татыңыздар.
(қонақтар үстел басына отырып, ас әкелінеді.)


Қонақтар дәстүрлі қазақ әндерін шырқайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет