Нені оқыту керек?
Оқыту реттілігін қалай құрылымдау керек?
Балалар қалай оқиды?
Табысты бола білгеніңізді қалай бағалау керек?
Метасана
Метасана- (Флейвелл-1979) «тұлғаның өзін-өзі тануы
және өз танымдық үдерістері мен стратегиясын қарастыру»
У.Джеймс-(1890) - интроспективті бақылау
Выготский(1962)- білімді дамытудың 2 факторы:
1.Автоматты түрде білім алу
2.Саналы түрде, ұғынып алу
Флейвелл(1995)- Метасана қабілеті жасқа байланысты өзгереді
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттер - негізінде қоғамдық сананы жаңғырту тұрғысынан қарастыруға арналады. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, әрі ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек.
Егер, осы ретте қарастырлып отырған рухани сана мәселелерінің пайда болу себептері ретінде жаңа сыни ойлау мен қоғамдық санада әлі де болса орын алып отырған ескі стереотиптер арасындағы келіспеушілікті жою деп алып қарастырсақ, онда бірінші кезекте бізге ойлау жүйесін жаңғырту қажет. Себебі, өмір сүру үшін өзгере білуіміз керек.
Америкалық саясаттанушы Карл Дойч ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының өзінде «Жаңғырудың сыни мәселесі – бұл экономикадағы құрылымдық өзгерістер емес, құндылықтар жүйесіндегі өзгерістер» деген болатын.
Біздің барлық қорқыныштарымыз, шектеулеріміз, тілемейтін ойларымыз тек өз басымызда ғана екені сөзсіз анық. Сондықтан, жеке мақсаттарды іске асыруымыз тек біздің өзімізге, алдағы міндеттерді қалай сезініп, түсінетімізге, табысқа жетуге қаншалықты ынталы екенімізге, әрқайсымыздың өз өмірімізде оң өзгерістер болуы үшін қандай әрекеттер жасауымызға байланысты. Аталған өзгерістердің өзекті бағыттары Елбасының мақаласында айқын баяндалып, ұсынылған. Мәселен, Махатма Ганди: «Егер сен әлемнің өзгергенін қаласаң, өзің сол өзгеріс бол» деген екен.
Қоғамдық сананы модернизациялау ол Рухани жаңғыру
«Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп көрсетілген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында. Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру ел болашағы-жас ұрпақты жаңа инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет. Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т.б.
Мақсаты-мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді,педагогикалық шеберлікті, бабалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Елбасымыз бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың нақты алты бағытына жеке-жеке тоқталады: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы. Сананы жаңғырту арқылы әрбір қазақстандықты қазіргі жылдам өзгеріске ұшырап жатқан заманда өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге, өзін заманауи бәсекеге қабілетті адам ретінде қалыптастыруға толық болады.
Достарыңызбен бөлісу: |