Тақырыбы: Ой мен ойын (мұғалімдер арасында)
Мақсаты: Тарих және адам,қоғам пән бірлестіктерінің онкүндігіне орай өткізіліп отырған сайыс сабақ. Мұғалімдер өз ойларын еркін тілмен жеткізіп,сөздік қорларын дамыту.Білімдерін одан әрі шыңдай түседі.Әр бір бөлім бойынша жүйелі түрде сөйлеуге,оқуға,білім алуға деген қызығушылығын оята отырып ,ой-өрісін дамытады
Ұйымдастыру кезеңі:
1 – жүргізуші:
Құрметті әріптестер бүгінгі «Ой мен ойын » танымдық сайысымызға қош келдіңіздер! Бұл сайыста алғырлар білімділер күш сынаспақ. Ойынға 3 топ қатысқалы отыр.
Ойынға қатысушы сұрақтың тақырыбы мен ұпайын таңдайды.Ойынды қол көтерген ойыншы топ бастайды,егер дұрыс жауап берсе келесі сұрақты таңдайды,жауабы дұрыс болмаса немесе жауап бере алмаса келесі қол көтерген ойыншы топ жауап береді.
Сайыстың шарттары:
1. Қазақстан Республикасы.
2. Ұстаздарға оқытуға арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік кешеннің құрылымы.
3.Әдіс-тәсілдері.
1.Қазақстан Республикасы
А) 1920 жылы 26 тамызда Бүкіл Ресейлік “Қырғыз (Қазақ) автономиясында ” бекіткен Қазақстанның астанасы атанған қала? Орынбор
Ә) Қазақстан Республикасының Конституциясы екі рет қабылданды? 1993 28 қаңтар / 1995 ж. 30 тамыз
Б) Қазақстан Республикасының туының авторы? Шәкен Ниязымбетов
В) Батыс Қазақстанда болған Ұлт-азттық көтерілістерді ата? 1.1783-1797 С.Датұлы бастаған көтеріліс 2.1870 Иса және Досан бастаған көтеріліс 3.1989 ж Жаңа өзендегі көтеріліс. 4.2012 ж Мұнайшылар көтерілісі
Д) Қазақстан халқының саны? 2018 ж 1 маусымдағы еліміздегі халық саны 18 253,3
2.Білім саласында оқытуға арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік кешеннің құрылымы.
А) Оқу әдістемелік кешенге не жатады? Оқулық Мұғалім кітабы
Жұмыс дәптері Дидактикалық материал Лексикалық минимум
Ә) Сабақтың құрылымын атаңыз ? Сабақтың басы, Сабақтың ортасы,Сабақтың соңы
Б) Сөйлесім әрекеті қандай? Тыңдалым,айтылым,жазылым,оқылым
В) Оқулықтағы айдарлардың атаңыз? Жаңа сөздер,граматика,жаттайық,білгенге маржан
Д) Мұғалім кітабының құрылымын атаңыз? Бағалау өлшемдері сөйлесу әрекеті сабақ жоспары
3. Әдіс-тәсілдер
А) Оқушылардың шығармашылығн арттырудағы мұғалімдердің рөлі? Кеңесші,сарапшы.жобалаушы ,үйретуші бағытттаушы
Ә) Ақ қалпақ қандай мағына береді? Деректер мен шынайы ақпаратқа негізделген
бейтарап ұстаным
Б) Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөлінеді. А және Ә, Б және В. 1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады. 2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады. Қандай әдіс? Үш қадамдық сұхбат әдісі
В) «БББ кестесі» дегеніміз не? Білемін Білгім келеді Білдім
Д) «Бағдаршам» әдісі бойынша сары түс нені білдіреді? Сары – біршама алға жылжу бар, кейбір мәселелер бойынша табысқа қол жеткізілді, алайда сенімсіздік бар, кеңес, көмек сұрайды.
Ал енді қатысушылардың ұпай санын анықтап, жеңімпаз топты анықтайтын кез келді
Қорытынды: Тауды биік деме сен, Талаптансаң шығарсың. Қарсылас мықты деме сен, Білімді болсаң шығарсың- дей келе сайысымызды аяқтаймыз
Достарыңызбен бөлісу: |