Тақырыбы: Ойын тарихы,ережесі және мақсаты Мақсаты



бет4/13
Дата06.02.2022
өлшемі130,77 Kb.
#81784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Екінші есептеу жолы. Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай отауға барып түсетінін анықтау үшін отаудың рет санына сол отауда жатқан құмалақтар санын (3-ші отауда 17 құмалақ бар, яғни – 3+17=20) қосамыз да:
а) Егер қосынды 10 немесе 10-нан кем болса, қосындыдан 1-ді аламыз.
ә) Егер қосынды 10-нан артық болса, қосындыдан 10-ды алып тастаймыз.
б) Егер қосынды мөлшері 20 немесе20-дан артық болса, қосындыдан 19 аламыз.
в) Егер қосынды мөлшері 29-дан 37-ге дейін болса, қосындыдан 28 аламыз.
д) Егер қосынды 38 немесе одан да көп болса, қосындыдан 37-ні аламыз.
Бұл пікірлеріміз түсінікті болу үшін, жоғарыдағы бірінші есептеу жолында келтірілген мысалдарды қайта қарап өтелік (№ 12 – диаграмма). Ақ жағының 3-отауында жатқан 15 құмалақтың соңғысы (315=3+15=18-10=8). Қара жағының 8-отауына түскенін дәлелдеу үшін отаудың рет саны мен құмалақ санын қоссақ – 18. Бұл қосынды 10-нан артық болған соң 10-ды шегердік. Сонда қалдық 8, яғни соңғы құмалақ қара жақтың 8-ші отауына түскен.
Тағы бір мысал, 7-отаудағы 5 құмалақтың соңғысы (75=7+5=12-10=2) қара жағының 2-отауына түседі (бұл да сол сияқты), ақ жағының 8-отауындағы 14 құмалақтың соңғысы (814=8+14=22-19=3) өзінің 3-отауына (енді қосынды 19-дан көп болғандықтан қосындыдан бұл жерде 19-ды шегердік) дәл барып түсіп жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет