Тақырыбы «Қош келдің- Әз наурыз!»
Мақсаты:
Наурыз - жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата бабамыздың жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінік беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Барысы:
Ұйымдастыру.
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!
Осы бүгінгі көктем мезгіліндегі қазақтың ұлт мейрамы Наурыз - яғни Жаңа жыл! Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айтты есептемегенде, біздің қазақтың жалғыз - ақ мейрамы ол - Наурыз.
Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.
Армысыздар ағайын! Наурыз тойын жұп жазбай
Қошеметпен қарсы алайық!
Досқа құшақ ашайық,
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп тойға шашу шашайық
Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық(шашу шашылады)
Оқушылар өлең шумақтарын жатқа айтады.
Шашу шашу арқылы алған конфет түрлеріне қарай екі топқа бөлу. Әр топ өздеріне ат қояды.
Сайыстың кезеңдері
Сөз бәйгесі
Салт дәстүрден көрініс
Қыз қуу ойыны
Өнер сайысы
1-кезең
әр топқа сурет беріледі сол суретке қарап, көктем, наурыз мерекесін кірістіре отырып тоқтамай сөз өрбіту.
Әр топқа қошемет білдіріп, ұпай беріп отыру.
2- кезең
ата-аналар жасырылған қағаздардан салт дәстүр таңдап алып, көрініс кояды.
3-кезең
«Қыз қуу» ойыны
Ойынның шарты
Бір топтан бір қыз, екінші топтан ұл шығады. Қыз сұрақ қойып бір адым жасайды. Ұл жауап берсе ғана адым жасап қыздың жанына келеді. Осылай қайталана береді.
Сұрақтары наурыз мерекесі, көктем мезгіліне байланысты болуы керек.
1. Ең үлкен тағам. (нан)
2. Балалар ойыны. (айгөлек)
3. Төлдің алғашқы ауызданатын сүті. ( уыз)
4. Қазақша жыл басы. (наурыз)
5. Қойдың сүйегімен ойналатын ойын. (асық)
6. Жылқы сүтінен жасалған сусын. (қымыз)
7. Наурыз көже неден әзірленеді?
8.Ұзынсары деген не?
9. Тошала дегеніміз не?
10.Ұлттық ойындарды ата.
11.Қазақтың бидай ұнынан жасалған тағамдар. (нан, бауырсақ, шелпек, кеспе, көже)
12.Жылқы, сиыр, қой және түйе сүтінен жасалған тағамдар? ( қымыз, шұбат, айран, ірімшік, құрт, сүзбе)
Сұрақтар әрі қарай жалғаса береді.
4-кезең
Өнер сайысы әр топ өз өнерлерін көрсетеді.
Ұлтымыздың әр сөзі,
Асып жатыр кәдеге.
Отбасылардың жарысы,
Келіп жетті мәреге
- дей келе,ұпай санына қарай жеңімпаз топты анықтау.
- Мұсылман ұғымы бойынша 21 - наурыз күні түнгі сағат үште аспаннан Қыдыр ата түседі екен. Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен, Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой – арман ойласа, ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен.(Қыдыр ата келеді)
Хормен: Қош келдің Қыдыр ата!
Қыдыр ата бата береді. Әлижан келіп бата береді.
Ұрпақтардың бағы болсын,
Арайланған таңы болсын,
Ақ батамен қол жайғанның,
Тілегінің бәрі болсын,
Елдің іргесі берік болсын,
Ниеттеріңіз ақ болсын,
Наурыздың ақша қарындай.
Бастарыңа бақ қонсын
Шаштарыңның санындай.
Тыныш болсын даламыз,
Түгел болсын нуымыз.
Таза болсын ауамыз
Тұнық болсын суымыз.
Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Аумин
Наурыз-көктем әнімен аяқтау
Хор
1)
Наурыз-көктем акелді таңның шуағын
Наурыз-көктем акелді таудың бұлағын
Наурыз-көктем жайнайды далам гүлдері
Наурыз-көктем алмағаштары гүлдеді
Қайырмасы: 2-рет
Наурыз-көктем, шуағын төккен
Әкелді байлық еліме
Наурыз-көктем асығып жеткен
Әкелді бақыт жеріме
2)
Наурыз-көктем молшылық, байлық ,береке
Наурыз-көктем асығып жеткен мереке
Наурыз-көктем думанды тойда қалайық
Наурыз-көктем косылып әнге салайық
Осымен наурыз мейрамына арналған отбасылық жарысымыз аяқталды. Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |