Жұмабеков Ербол Ерғабылұлы
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Аудандық оқушылар үйінің үйірме жетекшісі
Байланыс тел: 87059152954, 87076179612
Тақырыбы: «Отбасы –тәрбие бастауы» ата-аналар жиналысы.
Мақсаты: Ата –аналар мен үйірме жетекшісі және оқушылардың арасында тығыз байланыс қалыптастыру. Ата –аналарды қосымша білім беру ұйымдарымен тұрақты қарым –қатынас жасауға дағдыландыру. Ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңірту, жас жеткіншектерді ата-ананың қадірін, қасиетін білуге, бала тәрбиесінде ата-ана орнының ерекше екендігін түсіндіру.
Мұғалім:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар! Киелі білім мен өнердің ордасы Қармақшы аудандық оқушылар үйіне хош келіпсіздер! «Отан отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Ендеше қоғамда отбасының алатын орны ерекше. Елімізге қажетті иманды ұл мен ибалы қыз отбасынан өсіп өнеді, тәлім –тәрбие алып, болашаққа қанат қағады. Олай болса ақ сүтін беріп әлпештеп, мәпелеп өсірген ардақты аналар үшін, әрбір сөзін салмақтап, тәрбиеліліктің үлгісін көрсеткен қамқор әкелер үшін үлкен қошемет көрсетіп қойсақ.
«Танысу» жаттығуы
Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру. Әр ата-ана өзінің есімін айтып және есімінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту керек. Әр ата-ана мен баласының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |