Тақырыбы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту Астана қаласы №53 мектеп-лицейі Сихынбекова Меруерт Орынбасарқызы жоғарғы санатты математика пәнінің мұғалімі



бет1/2
Дата08.06.2018
өлшемі1,2 Mb.
#42112
  1   2
Тақырыбы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту

Астана қаласы №53 мектеп-лицейі

Сихынбекова Меруерт Орынбасарқызы

жоғарғы санатты математика пәнінің мұғалімі



«Қазақстан ұлы держава болуы

үшін бізге күш-қуаты, қажыр-қайраты мол,

ақылды да ойлы, дарынды жастар керек»

Н.Назарбаев.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Дамыта оқыту технологиясының элементтерін сабаққа қолданатын әрбір ұстаздың басты мақсаты-оқушылардың шығармашылық және интелектуалдық мүмкіндіктер ашу арқылы жас ұрпақтың бойына өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіріп отыруын қалыптастыруға жағдай жасау.

Оқытудағы басты мақсат:

  1. Білім алуларын жалғастыра отырып, болашақ өмірлерінде алған білімдерін қолдана білу мақсатында математикалық білімді нақтылы меңгерту.

  2. Оқушылардың өмірі мен қоғамына аса қажетті математика ғылымына тән оқушылардың ойлау сапасы мен олардың жан-жақты қалыптасуын интелектуалды дамыту.

  3. Нақтылы тану әдісі мен суреттеудің формасы математика туралы математиканың әдісі мен идеясын түсінуін қалыптастыру.

  4. Қоғамдық прогрестің дамуы үшін жалпыадамзат мәдениетінің бір бөлігі математиканың маңызын түсінулерін қалыптастыру.

Математикалық дифференцияалды оқыту біріншіден математиканы оқытуда қойылатын мақсаттың орналасуымен байланысты болады.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Оқытудың дамыту функциясы арқылы оқушы тұлғасын жетілдіру.

  • Сабақта оқушылардың даму қабілеттеріне сәйкес жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

  • Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау.

  • Логикалық тапсырмаларды, олимпиадалық есептерді шығаратын дарынды балаларды анықтау, қолдау және дамыту.

Математика сабағында өзіме қоятын талаптарыма келетін болсам. Біріншіден математика пәні мұғалімінде мынандай қабілеттер болуы керек деп есептеймін.

1. Мұғалімнің ұйымдастырушылық қабілеті: оқушылардың танымдық қызметін оқу материалы олардың белсенді әрекет жасайтын нәрсесіне айналатындай етіп ұйымдастыру.

2. Мұғалімнің диагностикалық іскерлігі; оның білім және білік дағдылардың сапасына диагноз қоя білу, олардың қабілетін ескере білу іскерлігі.

3. Танымдық бағдарланушылық негіздерін жасау: мұнда әрбір оқушы нені және қалай оқып үйрену керек екенін, нені және кайдан іздеуі керек, қандай қөрсеткіштер бойынша пайдалануы керек екенін біледі.

4. Сабақтағы адамгершілік-психологиялық ахуал, мұғалімнің оқушыларға және оқушылардың бір-бірімен қатынасының стилі мен сөйлеу мәнері.

5. Оқушылардың сабақтағы ізденімпаздығы, белсенділігі, мұғалімге ізгі ниетпен қарауы, оқылатын материалдың игерілу сапасы туралы дұрыс пайымдай білу біліктілігі мен қабілеті. (өз бетінше талдау жасау,бағалау)

Ал енді, математика сабағында оқушылардың бойына мынандай негіздерді сіңіре білуім керек.

1. Оқушыны біліммен қаруландыру.

2. Оқушылардың бойына жоспармен жұмыс жасай білуді қалыптастыру.

3. Оқушылардың қабілетін дамыту.

4. Оқушылардың сабаққа дайындықты дұрыс ұйымдастыру және көрнекіліктерді алдын ала іріктеп қоюын қалыптастыру.

5. Оқушыларды өзін-өзі бағалауга, өз бетінше ізденуге қалыптастыру.

6. Оқушының сарамандық жұмыс барысын дұрыс түсініп алып, оны ұқыпты мұқият орындауға дағдырландыру.

7. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыруымыз керек, оқушы үнемі кітапханалармен байланыста болуы керек.

8. Сабақты қорытындылауға негізгі мәселелерді алға қоя отырып, оқушы өз пікірін ашық айта білуін қалыптастыру.

9. Оқушылардың бір-бірін және өзін-өзі бағалай білуін қалыптастыру.

Оқушылардың танымпаздық іздемпаздығын қалыптастыру барысында мен мынадай жұмыстар жүргіздім. Әр тақырыпты өткенде әр түрлі ойын сабақтарын қолдандым. Сабақты түрлендіріп өту оқушылардың қызығушылығын арттырады және өткен тақырыпты есте сақтау қабілеті күшейеді, ең бастысы оқушылардың танымдық ізденімпаздығы қалыптасады. Қазіргі кезді елеулі мәселелердің жауабын жан-жақты іздеуге талпынады. Кез келген шытырманды құрастырып, оған қойылатын сұрақтарды күрделендіріп құрастырсаң, жауабын оқушылар өздері іздеп табады. "Еңбектің наны тәтті" дегендей естерінде ұзақ сақталып калады. Материалды терең меңгерту мақсатында оқушыларға оқулықтан басқа да қосымша әдебиеттер, диаграммалар, схемалық сызбалар, сөзжұмбақтар, анаграммалар, ребустар, шытырман шешу жолдарын табу және тест әдістерін қолданып жүрдім. Оқушылардың кез келген ахуалды мәселелерге ден қоюына және сол тұтқиылдан шығу жолдарын қарастыруға байланысты сұрақтар беріп отырдым. Мысалы, тест сұрақтарын пайдаланып жүргізу тиімділігі байқалады. Жалпы "тест" деген терминді ағылшын тілінен қазақшаға аударсақ - "сынақ, тексеру, бақылау" деген мағынаны білдіреді екен. Тестік жұмыс жүргізгенде өзімнің өткен тақырыптарыма байланыстырып жасаймын. Сонда оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тез аңғарасың. Тестке жаттыққан оқушының жауабы үнемі қысқа, нақты болады. Мысалы, бірнеше сұраулардың үлгісін көрсетейін:

1. an дәрежеде қанша көбейіткіш бар?

а) бір көбейіткіш бар

б) он көбейіткіш бар

в) n көбейіткіш бар

2. Кез келген оң санды дәрежеге шығарғанда қандай сан шығады?

а) оң сан шығады

б) теріс сан шығады

в) оң сан болады, немесе теріс сан болады

Міне осындай сұрақтар арқылы оқушылардың алған қорытынды білімін байқауға болады. Бақылау тестеріне мынандай көлемді сұрақтар беріледі. 5- 6 сыныптар үшін 15 сұрақ, 7-8 сыныптар үшін 20 сұрақ.

Бұл сұрақтар тоқсанды қорыту алдында және жалпы білімді байқауда беріледі. Оқушылардың білімін көтеруде оқушыларды жалпылама оқытумен қатар жетелеп 1,2,3 - деңгейге бөліп оқытудың көмегі көп тиеді.
Оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Олардың танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар,кроссворттар.

Сиқырлы шаршылар және баска да қызықты топтамалар.

(5сынып)

Сиқырлы шаршылар дегеніміз сандардан тұратын түрліше кестелер, олардың әр жолындағы көлденеңінен алсаң да, тігінен алсаң да цифрларының қосындысы бірдей сандар болады. Мұндай сиқырлы шаршылар туралы алғашқы мағлұматтар біздің жыл санауымызга дейінгі 4000-5000 жылдар шамасында жазылған, қытай жазбаларында кездеседі.




1

15

14

4

12

6

7

9

8

10

11

5

13

3

2

16

16

3

2

13

5

10

11

8

9

6

7

12

4

15

14

1



  • Диоганальдары бойымен

  • Әр бұрыштағы тор көздегі сандарды

  • Әр бағанның сандарын

  • Ортадағы тор көздегі сандарды

Іс жүзінде қосындысы 34 болатын төрт санды іріктеудің 86 нұсқасы бар.
Туған күндердің квадраты.


89

11

89

68

88

69

91

16

61

86

18

99

19

98

66

81

Сен осы сиқырлы квадратты 22-ден артық кез келген санды қоса алатындай етіп бейімдей аласың. Оның сыры мынадай: тек айрықша белгіленген сандарды ғана өзгерту керек. Дәл қазір сиқырлы қосынды 22-ні құрайды. Айталық, сенің оны 30-ға ауыстырғың келеді. 30 саны 22-ден 8-ге көп болғандықтан, 8-ді айырықша белгіленген сандарға жай қоса сал да, квадратты қайтадан сал. Бұл әрқашан іске асады.



8

11

2

1

1

2

7

12

3

4

9

6

10

5

4

3

Төңкерілген квадрат.
Мына ерекше квадраттағы сиқырлы қосындыны анықтап көр. Содан соң парақты жоғарыдан төмен аудар да, тағы да квадратқа қара. Әлі де іске аса ма?

Математикалық ребустар.
Математикалық ребустар дегеніміз - қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарына берілген есептер, мұнда көпшілік сандар әріп немесе жұлдызшалармен белгілегеді. Егер әріптермен берілсе, әр әріпке бір цифр сәйкес келуі керек. Егер жұлдызшалармен берілсе, онда әр белгі кез келген 0-ден 9-ға дейінгі цифрлардың біреуі бола алады. Сонда, бір цифр бірнеше рет қайталануы мүмкін, ал кейбір сан мүлде алынбауы да мүмкін.

Ребусты шешу - берілген есептің бастапқы түрін орнына келтіру.



Кроссворд. " Геометриялық фигура және олардың қасиеттері".

(7 сынып)
1. Көлденеңінен:

1. Геометриялық фигура

( бір нүктеден бірдей қашықтықта жататын жазықтықтағы нүктелер).

2. Адамның дене құрылысындағы мүше аты.

3. Тамақ аты.

4. Үшбұрыштың төбесін қарсы қабырғасының орта нүктесімен қосатын кесінді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет