Тақырыбы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту Астана қаласы №53 мектеп-лицейі Сихынбекова Меруерт Орынбасарқызы жоғарғы санатты математика пәнінің мұғалімі



бет2/2
Дата08.06.2018
өлшемі1,2 Mb.
#42112
1   2

Тігінен:

5. Түзудің шектелген бөлігі.



6. Бұрыш өлшемі.
2. Көлденеңінен:

1. Төрт орынды ең кіші натурал сан.

2. Уақыт өлшемі.

3. Бір орынды тақ сан.

4. Бір орынды тақ сан.

Тігінен: 1. Уақыт өлшемі.

3. Ең кіші натурал сан.



5. Математикалық амалдардың бірі .

Математикалық ойындар. (6 сынып)

Математикалық ойын арқылы оқушылар ойын тиянақтауға, өз бетімен ой қорыта білуге дағдыланады. Мұндай ойындарды ойнау кезінде жаңа ұғымдармен танысады. Түсінік қоры кеңейіп, өрісі дамиды. Математикадан білімі орташа оқушының өзі де ойын кезінде белсенділік білдіріп, қабілеттілігі арта түседі.

1. "Сүретшілер жарысы" ойыны. Тақтаға нүктелердің координаттары жазылады.

Мысалға: (0;0), (-1;1), (-3;1), (-2;3), (-4;6), (0;8), (2;5), (2;11), (6; 10), (3;9), (4;5), (3;0), (2;0), (1;7), (3;-8), (0;-8), (0;0).



Егер осы нүктелердің бәрінен кейін бірін ретімен кесінділер арқылы дұрыс қосса, нәтижесінде тиянақты бір нәрсенің бейнесі шығады. Балаларға мұндай ойындар өте ұнайды. Керісінше түрде: сынықтардан тұратын дененің суретін дәл келтіріп сызып, соның әр нүктесінің координатын жазуды оқушылардың өздеріне тапсыруға болады.

Бұл ойынды 6-сыныптың алгебра сабағында, "Функция", "Функцияның анықталу облысы", "у=kh+b функциясы және оның графигі" тақырыптарына өткенде пайдалануға болады.

2. Координаталық торда сурет бейнеленген. Оның координаталық нуктелерін анықтаңыз.



Логикалық есептер.

Оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыруүшін мектеп бағдарламасынан тыс логикалық есептерді шығарту арқылы оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жағдай жасалады. Логикалық есептерге құралған тестік тапсырмалар қысқа, түсінікті әрі қызықты болуы керек деп ойлаймын. Мұндай тестік тапсырмаларды математиканы тереңдете оқытатын сыныптарда әр тоқсанның соңында алуға болады

.Математика пәнінен 7 сынып оқушыларына арналған (логикалық есептерге) тест.

1. Ширек тәуліктің үштен бірінің жартысы неше сағат болады?



А. 1/3; В. 1/2; C. 1; D. 2; E.3,

2. Сүреттегі кубтың қыры 12 см. Құмырсқа кубтың бетімен А нүктесінен В нүктесіне дейін белгіленген сызық бойымен жорғалап барады. Құмырсқаның жүрген жолы нешеге тең?



А. 40см; В.48см; C.50 см; D.60см; E.анықтау мүмкін емес.

3. 2 қыз және 3 ұл барлығы 16 балмұздақ жеді. Әрбір ұлдың жеген балмұздағы 1 қыздың жегенінен 2 есе артық. Дәл осылай алғанда 3 қыз және 2 ұл неше балмұздақ жеді?



А.12; В.13; C.14; D.16; E.17.

4. АВС үшбұрышының А бұрышы В бұрышынан 3 есе үлкен, ал С бұрышының жартысына тең. А бұрышының шамасы қанша?



А.30; В.36; C.54; D.60; E.72.

Математика пәнін оқыту тиімділігін арттыруда жоғарыдағы қысқа түрдегі көрсетілген танымдық іс-әрекеттер түрлерінен бастап ,оқушылардан сабақта деңгейлік тапсырмаларды,үлестірме тапсырмаларын құрастырып сұрау тәсілі оқушыны ынталандыратыны сөзсіз.Қиынырақ шытырман есептің шешуін тапқан бала өзін бір жаңалық ашқандай сезінеді,алға талпынады. Сабақтан тыс жұмыстар- математикалық сайыстар, кештер ұйымдастыру әсіресе орта буын оқушыларына ұнайды .Тапсырма берсең ,мәліметтердің түр-түрін жинақтап әкелетін баланың танымдық қабілеті дамиды,ізденеді.



Қорытынды. Оқытудың дамыту функциясы арқылы оқушылардың әр түрлі топтарының қабілетіне сәйкес жұмыс түрлерін ұйымдастыра отырып ,жеке тұлғаны дамыту. Логикалық тапсырмаларды, олимпиадалық есептерді шығаратын дарынды оқушыны анықтау, қолдау және шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге оны бағалауға бағыттау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстанда дарынды балаларды анықтау, қолдау мен дамыту тұжырымдамасы (2004 ж.)

  2. Назарбаев Н.Ә. Мұғалімдердің республикалық ІІ съезінде съезінде сөйлеген сөзі. «Егемен Қазақстан Заңынан», 2001 ж.

  3. «Бәрі де сандар туралы».Д.Болль.

  4. «Қызықты математика».Г.Садыкова.

  5. Мектеп директорының орынбасары .3.2007.7-11беттер

«Дамыта оқыту-білім беру үрдісінің негізі».


Каталог: 2018
2018 -> Сабақ: Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері. Aқтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> «дизайн» бойынша Қалалық олимпиадасы
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың мақсаты: ден 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту тәсідерін қайталау. Апта күндерін ретімен меңгерту
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет