2 – кезең. Полиглот Сіздерге сөздер оқылады.Сіздер соған 3 тілде жауап бересіздер.Толық жауапқа 30 ұпаймен бағаланады.Жалпы сұрақ.Толық жауаптарын білсеңіздер ғана жауап беріңіздер 1.Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең,
Адамзат, жан – жануар арасында,
Мәңгілік өсіп – өніп өмір сүрген(жер –земля-лэнд)
2.Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады(күн – солнце-дәй)
3.Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді(ауа-воздух-эйе)
4.Жүйрік өзі тұлпардан,
Ұшқыр өзі сұңқардан
Күні – түні жүйткиді
Кең далада бір тарлан (Жел-ветер - винд )
5.Жат жерге симайсың,
Басқаға қимайсың,
Жапырағын, тасын да,
Сағынасың, силайсың (Отан-родина-мазэлэнд)
6.Жолдың шаңын ұшырып,
Ағаштарды жұлқылап,
Бұтақтарды сындырып,
Көрінбей жүр зырқырап (боран –буран –Снов-сторн)
7.Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық (қар – снег – снов )
8.Қағазсыз – ақ, қаламсыз – ақ
Сурет салар адамға ұқсап (Аяз – мароз – фрост)
Ал, құрметті әділ қазылар мүшелері ойланып ұпайларыңды ойланып есептеп болғанша 6 – сынып оқушыларының орындауында-- «Көк тудың желбірегені» Өнерін тамашалаңыздар.
(Әділ қазылар ұпай санын айтады)
Ал енді ұпайы аз 2 оқушыны қошеметпен шығарып салайық(қол шапалақтау).
3-кезең «Тікелей сұрақтар» (6 оқушы)
Әр ұяшықтарда сұрақтар бар, бірінші болып ұпайы аз оқушы таңдайды.Алған, таңдаған сандары ұпай болып есептеледі.(Әр оқушы 3 сұраққа жауап береді)