Тақырыбы: Өз елім менің! Мақсаты



бет1/5
Дата06.12.2023
өлшемі23,54 Kb.
#195347
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
21-ғасыр көшбасшысы


Тақырыбы: Өз елім менің!
Мақсаты: Халқымыздың ұрпақ тәрбиелеуде сан ғасырлар бойы жинақтап өзіндік тарихи тағылымы,ой пікір,қорытындылары бар.Оқушылардың алған білімдерін географиялық ойындар арқылы Қазақстан туралы білімдерін жүйелеу,деңгейін,біліктілігін,іскерлігін арттыру. Оқушыларды өз елін сүйетін патриот,халқына адал қызмет көрсететін азамат етіп тәрбиелеу.Оқушылардың бойына ұлттық сана, ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер:интерактивті тақта, презентация
Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.
«Біз – қазақ деген елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Басымыздан құт береке қашпасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз,
Дәм – тұзды ақтай алған елміз».
Жүргізуші:Қазақстанның гимнін мақтанышпен айтуға дайын болайық.

Қайырлы күн қонақтар, ұстаздар, оқушылар.Бізде бүгін еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңына өткелі жатқан «Өз елім менің! » атты интеллектуалды ойынымызды тамашалауға қош келдіңіздер!


Жүргізуші:Оқушыларды бақылап, сараптап отыратын эксперттік комиссия мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1.
2.
3.

Біз бүгін сіздерді өз ақылдылығы мен шеберліктерін сынауға келген 7 сынып оқушыларымен таныстырғым келеді.Ендігі сөзді 7 сынып оқушыларына берелік


(7 - сынып оқушылары өздерін таныстырады,мақсаты,арманы)

Жүргізуші:Біздің ойынымыз 5 кезеңнен тұрады.
1 кезең: Көкпар
2 – кезеңПолиглот
3-кезең «Тікелей сұрақтар»
4- кезең «Сөзжұмбақты шеш »
5-кезең «Кім жылдам» 1.Географиялық координаталарды табу2. Сандарда сөйлейді

Сонымен 1 кезең: Көкпар.Бұл кезеңде әр оқушы 4 сұраққа жауап береді. (8 оқушы)


Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1. Қ.Р жер көлемі (2724,9 мың км кв)
2.Жердің неше қабығы бар(4)
3.Жердің ішкі құрылысы(жер қыртысы, мантия,ядро)
4.Еуропа мен Азияны бөліп тұрған тау (Орал)
5.Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылы?(1991 жылы)
6.Жердің үстіңгі қатты қабығы қалай аталады?(литосфера)
7.Дүние жүзіндегі ең биік тау (Гималай)
8.Жердің су қабығы қалай аталады?( гидросфера)
9.Жер шарындағы ең үлкен ойпат(Амазонка)
10.Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау (ключий шоқысы)
11.Қазақстандағы ең биік жер(Тянь – Шан тауынд.Хан тәңірі шыңы 6995)
12.Қазақтың тұңғыш географ - ғалымы (Ш.Уалиханов)
13.План дегеніміз не?(қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқа)
14.Алғаш рет жерді айналып шыққан саяхатшы(Ф.Магеллан)
15.Қазақстанда 1986 жылы қандай тарихи оқиға болды?(Қазақ жастарының көтерілісі)
16.География ғылымының атасы (Эратосфен)
17.Қазақстан неше елмен шектеседі?(5 Ресей,Қытай,Қырғызстан,Өзбекстан,Түркіменстан)
18.Абсолют биіктік дегеніміз не?(Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелетін биіктігі абсолюттік биіктік деп аталады)
19.Желтоқсан оқиғасының құрбандары? (Қ.Рысқұлбеков,Сабира Мұхамеджанова,Лаззат Асанова,Ербол Сыпатаев)
20.Масштабтың түрлерін ата ( 3 атаулы, сызықты, сандық)
21.География қай тілден енген( грек гео-жер, графо – жазу, жерді сипаттап жазу)
22. Тіл күні (22 қыркүйек)
23.Азимут дегеніміз не?( арабша ас-суммут –жол)
24.Жер бетінің ауданы (510млн км кв.)
25.Жер бедері дегеніміз не?(Жер қыртысының ойлы – қырлы жиынтығын жер бедері дейді)
26.Таулар нешеге бөлінеді?(3)
27.Жердің тіршілік қабаты (Биосфера)
28.Тау жыныстары тегіне қарай нешеге бөлінеді? (3 магмалық,шөгінді,метаморфтық)
29.Градус торы дегеніміз не?(Меридиандар мен параллель сызықтарының қиылысуынан пайда болатын тор градус торы деп аталады)
30.Астана қаласының ортасында ағып жатқан өзен(Есіл)
31.Тау дегеніміз не? (Жер бетінде оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген биік бөлікті тау дейді)
32.Д.Ж ең үлкен мұхит (Тынық 180 млн.км кв)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет