Тақырыбы: Өзін-өзі тану пәнінің ғылым ретіндегі жалпы түсінігі



бет10/10
Дата05.11.2016
өлшемі2,96 Mb.
#759
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзара әсер етудің жолдары мен құралдары әр түрлі. Өзіндік ерекшеліктерін және нақты жағдайды есепке ала отырып әр адам оның оптималды бірлігін қабылдайды. Релаксация – тыныштықтың жалпы жағдайы, қатты уайымнан кейінгі немесе дене еңбегінен кейінгі тыншу болмақ.

Өзін-өзі тану құралдарының қатарына өзінің психикалық жағдайын игеру де жатады, яғни өзін -өзі реттей білу. Оған әр түрлі тәсілдер, өзінің көңілін басқаға аудару, өзін-өзі тыншыту мен бұлшық еттерін босату (релаксация), сондай-ақ өзін-өзі сендіру, өзіне бұйрық беру, өзін бақылау мен өзін сендірулер т.б. жатады.

Интергалды ептілікті жетік меңгеру және педагогикалық тұрғыда ойлау мен әрекет ету байқағыштықты, алдын-ала көре білуді және өз әрекетін және тәрбиеленушілердің әрекетін шығармашылықты түрде жобалау мен дамытуға бағытталған арнайы жаттығуларсыз мүкін болмайды.

Соңғы кездері педагогакалық ғылымда студентті мектепте жұмыс істтеуге және басқа да білім беру мекемелерінде жұмыс істеуге дайындаудың жекелік-бағытталған технологиялары жасалып жатыр.

Осындай кәсіби түрде толықсудың авторлық бағдарламаның жалпы түрінде мұғалімнің болашағы былай ұсынылады:


  1. Жоғар оқу орындарының пәндерін игеру: а) міндетті; б) таңдау бойынша; в) ақылы – жалпы университеттік және профилді.

  2. Одан әрі олардың авторлық бағдарламаларын жекелендіру мақсатында біліктілік сипатталудың негізгі тарауларымен танысу.

  3. Өзінің кәсіби маңызды жекелік қасиеттерін (КМЖҚ) тестілеу және кемшілігі бар жерлерін толықтыруды белгілеп қою.

  4. Жеке қасиетерінің ішіндегі кемшілікті жерлерін жоюды және оны сараптауды белгілеп қою.

  5. Өінің кәсіби өміріне жекелікті түрде талаптар қою: денсаулығына, интелектуалды өсуіне т.б.

  6. Атақты мұғалімдердің жаңашылдық тәжірибесін зерттеу, оны өзінің болашақ жұмысында қолдану жолдарын ескеру.

  7. Авторлық бағдарламаның басқа да тараулары.

Педагогикалық қызметкерлердің негізгі талаптары тіркелген негізгі нормативтік құжаттарға, оның ішінде оқытушыларға да қатысты, маманның біліктілігін сипаттау болмақ.

Мұғалімнің біліктілігін саралауды көрсетеміз. Мұғалімнің лауазымдық міндетіне мыналар кіреді:



  • өз пәні бойынша оқытушыларға білім беруді жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде жүргізу

  • алған білімін тәжірибе түрінде қолдануда ептіліктер мен дағдыны қолдануды қалыптастырып отыру;

  • оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру және оны бақылап отыру;

  • тиісті пән бойынша оқу материалын жоспарлау оқу бағдарламасын орындауды қамтамасыз ету;

  • әдістемелік жұмыстарға қатысу;

  • оқушыларды тәрбиелеу, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу;

  • оқушылардың үлгрімін сараптау, олардың оқа пәнін қадағалауын қамтамасыз етіп отыру;

  • оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеу, ондай жұмыстарға ата-аналарын қатыстыру;

  • оқу құралдарын тасу барысында қауіпсіздік талаптарын және өндірістік санитария талаптарын сақтауды қадағалау.

Біліктілік талаптарын сәйкес мұғалім мыналарды білуі керек:

  • өз пәнін, оның мазмұнын және тәжірибе түрінде қолданылуын білуі керек;

  • білім беру жүйесндегі өз пәнінінң алатын орнын және оқушылардың ғылыми танымын қалыптастыруы; педагогика мен педагогикалық психологияны;

  • оқушыларды оқытудың формалары мен әдістерін;

  • еңбек заңнамасының негізін.

Оқытушының біліктілігі талаптарының ең маңыздысы жоғары және орта кәсіби-педагогикалық білімінің болуы.

Біліктілік сипаттаманы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітеді және ол педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждердің мазмұнының негізі болып табылады.

Осы көрсетілген ережелерге сәйкес студент өзінің жеке авторлық бағдарламасын жасайды, оған өзінің кәсіптік қалыптасуы барысындағы өзінің түзетулерін енгізеді.

Студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуі мен ерік жігеріне және мінезіне, әдеттеріне және ақыл ойының тәрбиесіне ерекше көңіл бөліну керек. Психология мен басқа да ғылымдардың бүгінгі күнгі жетістіктері осы жұмыстарды жоғары біліктілікпен құруға мүмкіндік береді.

Біз болашақ мұғалмдердің өздерінің педагогикалық кәсібиліктерін қалыптастырудағы өздігінен білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеу жүргізудегі жұмыстарының кейбір мәселелеріне ғана тоқталып өттік. Олар студенттерге өздері туралы ойлануға, өзінің педагогикалық білімі туралы ойлануға оны тәжірибеге айналдырудағы нақты варианттарды ескеруге мүмкіндік береді.

Негізгі әдебиеттер: 3,4,11,12.

Қосымша әдебиеттер: 2,3,5.

Сұрақтар:



  1. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің негізі дегенде қалай түсінесің?

  2. Өзін-өзі тәрбиелеуді ынталандырушы факторлар қандай?

№20-дәріс



Тақырып: Мұғалімнің педагогикалық стилінің жеке даралығы

  1. Қазіргі заманғы қоғамның мұғалімге қойылатын талаптары.

  2. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық қызметінің жеке даралық стилі.

  3. Жеке даралық стилінің негізін құраушы педагогтың компетенттігі.

  4. Педагогтың қасиеті ретіндегі рефлексия. Рефлексия түрлері.

  5. Педагогикалық әрекеттің жеке стилінің қалыптасу деңгейі.




  1. Қазіргі заманғы қоғамның мұғалімге қоятын талаптары.

Бүгінгі күні біздің қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық және рухани қайта жаңару жағдайында адамның жеке даралық дамуына көп көңіл бөлініп отыр, оның өзіндік бір қайталанбайтындығына, бірегейлігіне көп көңіл бөлініп отыр. Неғұрлым белсенді, шығырмашылығы көп, сауатты шешімдерді тез қабылдай алатын және оларды өз тәжірибесінде қолдана алатын адамдарға сұраныс артып отыр. Осындай жеке дара адамдарды тек қана бәсекелестігі жоғары, шығармашылықпен жұмыс істейтін жоспарлау мен болжау негіздерін білетін өз кәсібін меңгерген оны жетілдіріп отыратын кәсіби-педагог қана тәрбиелей алады.

Мұғілімнің миссиясы қоғамның әлеуметтік-педагогикалық саласын әлеуметтік мәдени түрге ауыстыру болмақ. Бұл жерде әлеуметік тұрғындардың қызметін атқарады, әлеуметтік адаптация мен қоғамның қалыптасуы мен онық құрылу процесін реттеуді іске асырады. Ол осы мәселенің ең басты ғаламдық деңгейі. Осы педагогикалық қоғамға деген талаптар барлық блім беру жүйесін реформалауға итермелейді, ең бірінші ол кәсібиліктің жоғары деңгейі талап етілетін педагогтың жеке тұлғасына көңіл бөледі. Себебі оқушының оқытушы ғана тәрбиелейді,сондықын әрбір оқушының нақты білімі әрбір мұғалімнің нақты білімі мен кәсіби шеберлігіне байланысты болады. Мұғалім білім беруді дамытудың міндеттерін шешетін негізгі субъект болып қала береді. Бұл осы мәселенің екінші бір жекелік деңгейі.

Бұл жерде педагогикалық біліктілікті арттыру жүйесін жаңарту нақты мұғілімнің жеке тұлғасының дамуына сұраныс туудан басталуы керек, ол педагогтың перспективті бағытталуына негізделген блуы керек.

Келесі қарама-қарсылықтардың туындауы байқалуда:

Педагогтың кәсіби қызметінің талаптарына өсіп отырған талаптар арасындағы және мұғалімнің жеке оқу бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ететін және әлеуметтік компетенцияларды құруға педагогтың кеңестікті құруға дайын болмауы;

Педагогтың кәсіби қалыптасқа қызметі мен модель ретінде құрылған дәстүрлі «білімділік» педагогикалық қызмет парадигмасына негізделген кәсіби білім беру арасындағы;

Білім беру процесіндегі субъектілерінің дамуындағы үзіліссіз ауысып отыратын талаптарға аяқ асты әсер ету мен педагогты даярлаудағы қалыптасқан жүйе арасындағы;

Жоғары компетентті маманға деген әлеуметтік тапсырыс пен осындай теріс құбылыстарды жоюға құрылған, бұрынғы педагогикалық критерилер сияқты механизмдердің жоқтығы арасындағы, педагогикалық көнеру, педагогтың кәсіби өсуінің кемуі мен тоқтауы сияқты.

Педагогикаық қызмет өзінің табиғаты жағынан әлеуметтік бола отырып жеке тұлғаның мүмкіндігіне байланысты оның өз кәсіби компетенттігін қаншалықты іске асыра алына байланысты болады. Б.М. Тепловтың айтуынша: «Қабілет деп жеке дара бір адамды екінші адамнан айырып көрсететін психологиялық ерекшелікті айтамыз.Қабілет қандай да болмасын жеке даралық ерекшелікті атауға болмайды, тк қана қандайда бір немесе бірнеше әрекеттерді жетістікпен атқара алатын ерекшелікті айтуға болады. Қабілет осы адамдағы қолдан құрылған білімге жатпайды».



Компетенттік – бұл адам бойындағы қандай да бір сала бойынша жинақталған білім мен тәірибе, яғни қызметке «өз ісін біле» кірісе алатын ептілікті жалпы бағалаушы термин. Әдетте ол нақты бір әлеуметтік-кәсіби статусы бар адамдарға қолданылады, оның түсінігінің, білімі мен ептілігінің өзі атқаратын міндеттердің күрделігіне және шешетін мәселесінің күрделігіне сәйкес келетін адамды айтамыз.

Негізгі компетенттікті айырып көрсету бірнеше себептерге байланысты:

Біріншіден, олар өз бойына білімді құрайтын интеллектуалды және дағдылықты жинақтаған;

Екіншіден, «компитенттіктің негізгі көрсеткіші» түсінігіне нәтижеден құрылатын білім беру мазмұнынын интерпретациялау идеясы кіреді;

Үшіншіден, негізгі компитенттік интегративтік түрде болады, оған мәдениет пен әрекеттің кең түрдегі саласына кіретін бірнеше ептіліктер мен білім кіреді (ақпараттық, құқықтық т.б.)


  1. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық қызметінің жеке даралық стилі.

Төменгі сынып мұғалімінің ПҚЖС (педагогтық қызметтің жеке дара стилі) оның қызметінің, қызметінің, ирархиялық құрылымының жүйесі ретінде мына сипатар арқылы ұсынылады.

Мазмұндық сипаттар: 1) болашақ оқытушының алғышартты бағыты: а) оқу процесіне; б) оқу нәтижесі мен процесіне; в) білім беру нәтижесіне; 2) адекваттық – адекваттық емес түрде оқу-тәрбие процесін жоспарлау; 3) оперативтік- педагогикалық қызмет түрлері мен құралдарын қолдану барысындағы консервативтік; 4) рефлективтік –интуитивтік.

Динамикалық сипаттама: 1) икемділік – дәстүрлілік; 2) импульстық- сақтық: 3) тұрақтылық - өзгеріп отыратын жағдайларға деген тұрақсыздық; 4) оқушыларға деген бір қалыпты эмоционалды-дұрыс қарым-қатынас – тұрақсыз эмоционлды қарым-қатынас; 5) жеке басының алаңдаушылығы – жеке басының алаңдаушылығының болмауы; 6) қолайсыз жағдайда рефлексияны өзіне бағыттау – жағдайға бағыттау-басқа адамдарға бағыттау.

Нәтижелі сипаттар: 1) бірегейлік – оқушылардың білімінің бірегейсіздігі (белгілі бір уақыттағы); 2) Тұрақтылық – оқушылардың білім деңгейінің бірегей еместігі; 3) пәнді оқуға деген жоғары –ортаңғы – төмен деңгейдегі қызығушылықар.

Жоғарыда айтылғандар болашақ төменгі сынып оқытушыларының педагогикалық әрекеттің стилінің интегрирленгендігін көрсетеді.

Жекелік стилдің интегрирленген сипатына басқа мұғалімдер қалай қарайды.



3.Жеке даралық стилінің негізін құраушы педагогтың компетенттігі.

Педагогикалық қызметтегі жеке дара стилді құру үшін педагогтың мына компетенттері маңызды болап саналады.:



Жеке тұлғаның құндылықты-мағналық бағыт алуы.

  • өзінің ісіндегі өз рөлін сезіну

  • өзін-өзі көрсетуге деген қажеттілік

  • өмірін және кәсіби қызметін қызығушылықпен құру

Коммуникативтік компетенция:

  • әр тілде ауызша және жазбаша түрде сөйлеудің технологиясын білу

  • оның ішінде компьютерлік бағдарламаны, Интернет арқылы сөйлесу жолдарын білу

Ақпараттық компитенция:

  • өз бетімен іздену, сараптау және қажетті ақпаратты таңдай білу;

  • педагогикалық қызметті нормативті-құқықтық түрде қамтамасыз ету;

  • ақпараттық технологияны меңгеру

Жалпы мәдени компетенттік:

  • ұлттық, жалпы адамдық мәдениетті білу;

  • өзіндік жеке аксиологиялық жүйені рефлектирлей білу;

  • әр түрлі этномәдениетке деген толеранттық.

Өзіндік дамудың компетенциясы:

Танымдылық-шығармашылықтық компетенция:

  • мақсатты анықтай білу, жоспарлау, оқу-танымдылық қызмет рефекциясын білу;

  • шығармашылық ептілігін дамыту;

  • өз бетімен жаңа білімдер алуға деген ептілік

Әлеуметтік-еңбек компетенттігі:

  • өзіне жауапкершілік ала білу;

  • қоғамның талабы мен өзінің қажеттілігін ұштасуын көрсету;

  • кәсіби қызметті өз бетімен орындауға деген дайындығы.

Педагогтың кәсіби компетенттігі:

  • белсенді өмір сүру;

  • кәсіби білім мен ептілік;

  • кәсіби жекелік қасиеттер;

  • шығармашылықтық ептіліктер.

Бұл жерде жалпы мәдени коптетенттік жалпы негізде болады.


  1. Педагогтың қасиеті ретінде рефлексия. Рефлексия түрлері.

Жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде педагог оқушыларды тани отырып, оларға өздерін шығармашылықты жеке тұлға ретінде тани отыруға шықыра отырып олдармен қарым-қатынас жасау жүйесін құрады педагогикалық қызметті әрбір оқушының жекелік негізін дамытуға қарай бағыттайды және өзін жеке тұлға ретінде және кәсіби тұлға ретінде дамытады. Бұл үрдіс педагог өзіне-өзі рефлексияны қолданған кезінде ғана мүмкін болады.

Рефлексия – ол өзіне өзі бағытталу, өзін объекті ретінде басқара білу, өзінің спецификалық білімін игеру - өзін-өзі тану ептілігі. Бұл жерде педагогикалық қызметтің рефлексиясын педагогикалық қызметті атқарып жүргендердің барлығына тән қасиет ретінде қарау керек. Рефлексия мен ептілігі жоғары болған сайын, мәдени педагогикалық қызметтің де жалпы мәдениеті жоғары болады.

Педагогикалық рефлексияның келесі деңгейлерін ерекше атауға болады:

Репродуктивті– педагог өзінің педагогикалық әрекеттерінің нәтижесн қарапайым тұрмыстық тілде жеткізіп бере алады. Бұл жерде педагог педагогикалық мәселенің актуалдығын және күрделілігін бағалай алмайды; қандай болмасын педагогикалық міндет тез шешіледі деп санайды; оқушылардың өздерін ұстауы мен интеллектуалдығын субъективті тіүрде бағалайды (ұнайды-ұнамайды);

Аналитикалық – педагог өзінің педагогикалық қызметін осы мезетте игеріп алған алгоритмдермен сәйкестендіріп шеше алады. Бұл жерде неғұрлым таныс психологиялық-педагоикалық ғылымды қолданады, мақсатты педагогикалық бақылау жүргізеді, тәжірибесі бар жұмыс ұйымдастырады; оқу-бағдарламалық құжатты түзете алады (жобалайды); оқушылардың әрекетін нәтиже бойынша бағалай алады;

Болжамды – педагог педагогикалық мәселені мұғалім өз бетімен құрып сараптай алады, оның өзектілігі мен күрделілігін бағалай алады; өзіне белгілі педагогикалық процестердің ішінен педагогикалық процесті сараптау әдісін таңдап ала алады; педагогикалық және білім беру қызметін сараптау үшін жалпы ғылыми әдістерді жүйелі түрде қарап, таңдап ала алады.

Жүргізлген сараптау негізінде педагогикалық әсер ету жолдарын белгілейді. Ал жалпы ғылыми әдістерді қолдану осы әсердің нәтижесін көп немесе кем дәлдікпен әсер еткенін болжауға мүмкіндік береді.

Философиялық-конструктивтік – педагог өз қызметінің әлеуметтік, жалпы адамзаттық мағынасын анықтайды.




  1. Педагогикалық әрекеттің жекелік стилінің қалыптасу деңгейі.

Педагогикалық қызмет ғылым мен өнердің тоғысуы бола отырып үнемі шығармашылықты меңзейді, мәселені шешуге стандартты емес жағдайда келуді меңзейд; жаңа әдістер құруды, әдістер мен құралдар формаларын жәнебірегей үйлесімдіктер құруды меңзейді; қолда бар тәжірибені тиімді қолдануды; белгілі әдістерді жаңа міндеттерге сәйкестендіре отырып модернизациялау мен жетілдіруді; нақты білім мен компетенттік есепті сәтті импровизациялауды; қандай да бір мәселені шешуде «варианттардың бастысын» көре білуді; әдістемелік ұсыныстарды, нақты бір педагогикалық әрекетке айналдыра білуді т.б. көрсетеді. Сондықтан жеке дара стилдің негізгі көрсеткіштік деңгейі– креативтік көрсеткіш, белсенді түрде атқарушылық пен қате құрылған әрекетке технологиялық даярлылық.

Педагогикалық қызметтің жекелік стилі бірнеше қалыптасу деңгейінде болады:



Адаптивті деңгей педагогтың педагогтық шынайылықққа тұрақсыз түрде қарауы, нақты педагогтық қызметтің міндеті мен мақсаты олардың жалпы түрімен анықталған жағдайда олар қызеттің бағытталуы мен критериі болады. Кәсіби-педагогикалық қызметті педагог алдын ала құрылған алгоритмім болып кеткен кесте бойынша жасайды шығармашылық оған тән емес.

Репродуктивті деңгейдегі педагог педагогикалқ шынайылыққа құндылықты түрде тұрақты қарауға бейім, педагогикалық процеске қатысушылар арасында субъективті-субъективтлік қарым-қатынастар құрады, оған педагогикалық қызметтің қанағаттанарлығының жоғары индексі тән. Шығармашылықтық белсенділік қызмет ету шектерімен шектелген, алайда жаңа шешімдер іздеу элементтері туындап отырады. Қажеттіліктің педагогикалық бағыттары, қызығушылығы, бейімділіктері қалыптасады; ойша репродуктивтік формадан ізденіс фомасына ауысу байқалады.

Креативтік деңгей – көбіне мақсатты бағытпен сипатталған, кәсіби қызметтің тұрақтылығы мен жолдары және әдістері арқылы сипатталады. Педагогтың оқушылармен, әріптестермен, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынасыкөрініп тұрған гуманитаклық бағыт арқылы ерекшеленеді. Педагогикалық ойлаудың құрылымында педагогикалық рефлексия, эмпатия маңызды орынға ие ол тәрбиеленушінің жеке даралығын толық түсінуді қамтамасыз етеді, оның әрекеттері мен қылықтарын толық түсінуді қамтамасыз етеді.

Креативтік деңгей педагогикалық қызметтің жоғары деңгеймен, психологиялық-педагогикалық біліммен, қызметтестік қарым-қатынасқа деген және оқушылар мен әріптестеріне деген қарым-қатынастарын бекітумен ерекшеленеді.

Сонымен Жеке тұлғаның құрылымында ғылыми және педагогикалық қызығушылықтар және қажеттіліктер үйлесмді түрде беректерелген; дамыған педагогатық рефлексия мен шығармашылықтық өзінділік жеке-психологиялық тиімді түрде өзін-өзі көрсетуге жағдай жасайды жеке тұлғаның интеллектуалдық мүмкіндіктерін көрсетеді.

Негізгі әдебиет: 1,3,4,8,9.

Қосымша әдебиет: 3,4,5,7,9.

Сұрақтар:



  1. Қазіргі заманғы қоғамның мұғалімге қойылатын талаптары қандай?

  1. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық қызметінің жеке даралық стилі қандай?

3. Рефлексия дегеніміз не?

№21-дәріс



Тақырыбы: Өзін-өзі тану мұғалімінің портфолиосы және оқушының портфолиосы

Портфолионың мақсаты: педагогтың және оқушының жеке кәсіби жетістіктері мен жұмыстарының нәтижелігін ұсыну.

Мұғалімнің портфолиосы – бұл педагогтың жұмысын бағалаудың баламалы формасы ретінде қарастырыла алатын педагогтың жеке жетістіктерінің жиынтығынан тұратын құжаттар жинағы.



Портфолионың міндеті:

  1. Педагогтың кәсіби-тұлғалық сипаттамасын қалыптастыру;

  2. Кәсіби өзін-өзі ұйымдастыруды, негізгі құзыреттіліктерді дамыту;

  3. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелігін арттыру;

  4. Мұғалімнің педагогикалық шығармашылығына көмектесу.

Портфолионың құрылымы:

1. жалпы мәліметтер:

    • фотосурет (қызықты, отбасымен, балалармен түскен фотосуреттер де жарайды);

    • аты-жөні, тегі;

    • туған жылы;

    • жұмыс орны;

    • білімі (дипломның көшірмесі);

    • гтүрлі саладағы жетістіктері;

    • грамоталар, дипломдардың, құрметті атағы мен деңгейлерінің болуын растайтын құжаттардың көшірмесі;

    • біліктілікті арттыру куәлігінің көшірмесі.

2. Өзін-өзі презентациялау (өзі туралы мәліметтер).

Еркін формада, қызықты түрде, әрбір блок бойынша диагностикалық материалдар мен нәтижелерді беру, сондай-ақ жеке өсуінің даму болашағы туралы өзінің пікірін жазу.



    • Мен – адаммын (табиғи қасиеттер, сырт бейнесі, жеке-даралығы т.б.).

    • Мен – тұлғамын (мінезі, қалауы, жарқын бейнесі т.б.).

    • Мен және менің отбасым (еркін түрде).

    • Мен – кәсіби маман (қызығушылығы, қажеттілігі, жетістігі, «Өзін-өзі тану» пәтуралы).

    • Мен және қоғам (Мен әлемнің ішінде, әлем менің ішімде, менің ерекше қасиеттерім).

    • Өз-өзімен әңгімелесу, өзіне өзі туралы айту (өзінің мақсаты туралы, өмірдік мәні туралы, тағдыры туралы, қарым-қатынастар туралы, жетістіктері туралы, талдау, бағалау, болжам, рефлексия т.б.).

    • Менің өмірлік ұстанымым (ол туралы әңгімелеу, талқылау және негіздеу т.б.

    • Менің бағдарым және идеалым (өмірлік, маңызды).

3. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелері.

Аталған бөлім адамгершілік-рухани тәрбие беру бойынша педагогикалық іс-әрекеттердің нәтижелер қарқынын көрсететін материалдардан тұрады.



  • Балалардың білім бағдарламаларын меңгеру нәтижелері бар және олардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуы туралы материалдар.

  • Үш жылғы іс-әрекет туралы салыстырмалы талдау (диагностиканың нәтижелері).

  • Балалардың - олимпиадалар, фестивальдер, жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарының тізімі.

4. Ғылыми-әдістемелік іс-әрекет.

Бұл бөлім педагогтың кәсібилігі туралы куәлік беретін материалдардан тұрады.



  • «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды таңдау негізделетін материалдар.

  • Пән бойынша өткізілген шеберлік сыныптарының, семинарлардың тізімі.

  • Конференциялар мен педагогикалық кеңестердегі баяндамалар.

  • Сайыстарға қатысу.

  • Жарияланымдар тізімі.

  • Адамгершілік-рухани тәрбие беру бойынша үздік сабақтардың, шаралардың материалдар (бейнематериалдар).

  • Өздігінен білім алу бағдарламасы.

  • Басқа құжаттар.

5. Сабақтан тыс іс-әрекет.

  • Өзін-өзі тану мәселелері бойынша ата-аналармен, әріптестермен өзара әрекеттесу.

  • Өткізілген шаралар бойынша материалдар

6. Оқу-материалдық база.

Бөлімде пән бойынша білім үрдісінің оқу-әдістемелік және техникалық жабдықталуын растайтын құжаттар болады.



  • Кабинеттегі анықтама және энциклопедиялық әдебиеттердің тізімі.

  • Оқытудың техникалық құралдарының болуы.

  • Көрнекілік құралдардың тізімі.

  • Оқу үрдісін қамтамасыз ететін тәрбие беру технологияларының, ойындардың т.б. құжаттардың тізімі.

Портфолионы рәсімдеу

Өзін-өзі тану мұғалімінің портфолиосы аталған мектепте қабылданған форма және құрылымға сәйкес жинақтау папкасында рәсімделеді.

Педагогтың папкаға өзінің даралығын сипаттайтын материалдарды, қосымша бөлімдерді қосуға құқығы бар (өзінің қалауы бойынша).

Портфолионың материалдарына айы, күні жазылуы керек.

Директордың орынбасары немесе тәжірибелі әдіскер мұғалім педагогтарға жинақтау папкасын әзірлеу бойынша көмек көрсетеді.

Портфолионың презентациясы

Портфолионың презентациясы шығармашылық топтың отырыстарында, семинарларда өткізіледі. Презентация көрме, слайд-шоу, баяндама түрінде өткізілуі мүмкін. Презентацияның мақсаты – қысқа уақытта педагогтың нақты кезеңдегі іс-әрекетінің негізгі нәтижелерін ұсыну.
Оқушының портфолиосы

Портфолионы құру бойынша ұсыныстар

Адам жетіле түсу үшін кез-келген іс-әрекет бағалауды қажет етеді.

Бағалау – өте көлемді ұғым: ол үрдістен және жұмыс нәтижесінен тұрады. Сонымен қатар бағалау әртүрлі іске асырылуы мүмкін:


  1. Сандық көрсеткіш түрінде:

  • баға;

  • балл;

  1. Сапалық көрсеткіш түрінде:

  • жұмыс үрдісі мен оның нәтижесі туралы ауызша баға беру;

  • эмоционалды реакция.

Осылайша, бағалау тек баға қоюмен шектелмейді. Қазіргі білім беру барынша дараланған, дифференцияцияланған бола түсуде және оқушылардың білім нәтижелерін бағалауда жаңа әдістерді талап етеді. Сондықтан портфолионы енгізу осы мәселені шешуде қажетті жағдай болып табылады.

Портфолио (франц. porter - баяндау, айту, folio - бет, парақ) - жетістіктердің жиынтығы, досье.

«Портфолио» ұғымы бізге Батыс Еуропадан XV-XVI ғасырлары келген. Қайта жаңғыру дәуірінде сәулетшілер «портфолио» деп аталатын ерекше папкадағы өздерінің құрылыс жобаларының әзірлемелері мен дайын жұмыстарын тапсырыс берушілерге ұсынған. Қазіргі уақытта бизнес саласында портфолио фирманың жетістіктерін көрсету үшін қолданылады, ал фотосуретшілер мен фотомодельдер арасында фотосуреттер альбомы ретінде пайдаланылады.

Білім беру саласында портфолионы пайдалану идеясы АКШ-та 80-жылдардың ортасында пайда болды. Өткен ғасырдың аяғында мектептерде портфолионы пайдалану бүкіл әлемде әйгілі болды.

Портфолио – бұл оқушылардың жеке жетістіктерін белгілеу, жинақтау және бағалау тәсілі, ол бағалау үрдісіне ғана емес, өзін-өзі бағалау үрдісіне де бағытталған [1].

Портфолионың негізгі мақсаты - оқушыларға өздерінің іс-әрекеттерін талдай алу қабілеттерін дамытуда көмек көрсету, оны жалпы қабылданған стандарттармен салыстыру және оның негізінде өзінің энергиясын қайта қарастыру, жетілдіру, қайт бағыттау, жетістікке жету үшін бастаманы қолға алу.

Портфолио бағалаудың қазіргі тиімді түрі ғана емес, сондай-ақ маңызды педагогикалық міндеттерді шешуге көмектеседі:



  • оқушылардың жоғарғы оқу мотивациясын қолдау,

  • олардың белсенділіктерін және дербестіктерін ынталандыру, оқыту және өзін-өзі оқыту мүмкіндіктерін кеңейту;

  • оқушылардың рефлексивті және бағалау (өзін-өзі бағалау) іс-әрекеттерінің дағдыларын дамыту;

  • оқу, мақсат қою, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру іскерлігін қалыптастыру;

  • оқушыларға білім беруді жеке-дараландыруға ықпал ету;

  • тиімді әлеуметтену үшін қосымша алғышарттар мен мүмкіндіктердің негізін қалау.

Бағалаудың аталған түрі тек негізіг мектептеде ғана емес, сондай-ақ бастауыш сыныптарда және мектепке дейінгі мекемелерде пайдаланылады [3].
Портфолионың мәні:

  1. оқу, жеке жетістіктерді және бағалауды кіріктіреді;

  2. алуан түрлі іс-әрекеттердің нәтижелерін талдау арқылы оқушылардың қабілеттерін, олардың тұлғалық қасиеттерін сандық және сапалық бағалауын біріктіреді;

  3. бағалауды, өзін-өзі бағалауды, өзара бағалауды, өзін-өзі талдауды және өзін-өзі бақылауды ынталандырады;

  4. педагог пен оқушыны әріптестікке бағыттайды;

  5. үздіксіз білім беру үрдісінде үздіксіз бағалауды құрады.


Портфолионы құру кезіндегі ұсыныстар

  1. Портфолионы рәсімдеу және материалдарды жинақтау кезінде тек «еріктік» (ең алдымен, баланың көзқарасы бойынша) ұстанымы пайдаланылуы керек. Өзінің портфолиосына материалдар жинақтайтын оқушы жеке жетістіктер папкасына қандай құжаттар мен материалдарды салатынын өзі шешеді.

  2. Портфолионы рәсімдеу және материалдарды жинақтау кезінде ата-аналардың және басқа үлкендердің көмегі мен қолдау қажет, алайда бұл үрдісте баланың орнын толық басуға болмайды. Баланың өзі белгілі бір күш-жігер салу керек, өйткені портфолионы жинақтау кезінде тек ақырғы нәтиже ғана маңызды емес, сондай-ақ оқушы өзінің жетістіктерін ұғынуы, қол жеткізген нәтижелеріне жеке қарым-қатынасын қалыптастыруы қажет. Бұл балаға өзінің мүмкіндіктерін ұғынуға көмектесетін маңызды педагогикалық талап.

  3. Оқушы өзінің портфолиосының материалдарымен өз бетінше жұмыс істеуі керек, алайда үлкендер белсенді көмек көрсеткені жөн. Ең алдымен, портфолио үшін материалдарды жинақтау мен жүйелеудің қажеттілігі туралы есіне түсіріп отыру арқылы. Оқушыға өзінің жетістіктерін көрсетудің түрлі әдістерін пайдалануға кеңес беруге, оқушылардың ғылыми конференцияларына баяндама немесе хабарлама дайындаудың мүмкіндігі және орындылығын көрсетуге болады. Осындай жұмыстарды кез-келген педагог, өзінің пікіріне мәжбүрлемей, атқара алады, сонымен қатар бағалау оқушылардың белсенділіктерін ынталандырады. Мысалы, оқушыға қызықты әлеуметтік жобамен айналысатын топтың жұмысына қосылуға кеңес беру.

Осылайша, оқушының портфолиоға материалдар жинақтау туралы мәселені өз бетінше шешу құқығынан айыруға болмайды, сондай-ақ оны қажетті психологиялық және практикалық қолдаусыз да қалдырмау керек.

  1. Портфолионы әзірлеу кезінде қосымша және кәсіби білім беру ұйымдарына, балалардың қоғамдық ұйымдарына жиі бару керек, оқушыны олар өткізетін шараларға қатысуға ынталандыру қажет. Бұл мектептер ұсынатын олимпиадалар, сайыстар және викториналардың тар шеңберінен шығуға мүмкіндік береді. Өйткені бұл шараларға пәндерге деген қызығушылықтары бар болса да, әрбір оқушы қатыса алмайды. Сондықтан аталған әлеуметтік орталарға бару оқушының портфолиосы үшін материалдарды джинақтау мен жеке жетістіктерін көрсетуде мүмкіншіліктерін кеңейтеді.

  2. Портфолионы әзірлеу кезінде материалдарды көптеп жинақтаумен және басқа оқушылармен «ал менде екі пікірге артық» деген ұстаным бойынша жарысумен елігуге болмайды. Портфолио үшін құжаттар мен материалдарды жинақтауға барынша мұқият болу керек. Өйткені олардың саны емес, сапасы маңыздырақ.



Портфолионың құрылымы

  1. Алғашқы бет (түсқабы);

  2. мазмұны;

  3. бірінші бөлім: «Менің портретім»;

  4. екінші бөлім: «Құжаттар портфолиосы»;

  5. үшінші бөлім: «Жұмыстар портфолиосы»;

  6. үшінші бөлім «Пікірлер портфолиосы»;

  7. бесінші бөлім: «Жинақ сандықша» (жадынамалар, нұсқаулар, пайдалы ақпараттар).

Бөлімдер


  1. Менің портретім - жеке мәліметтерден, автобиографиядан және балаға мінезін, қабілеттерін талдауға, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тану, өзін-өзі талдау әдістерін, мақсат қоюды білуге, осы мақсатқа қол жеткізу жолдарын айқындауға көмектесетін психологиялық диагностиканың нәтижелерінен тұрады.

  2. Құжаттар портфолиосы – сертификатталған (құжатталған) жеке жетістіктердің жинағы. Құжаттардың көшірмесін беруге болады.

  3. Жұмыстар портфолиосы – түрлі шығармашылық, зерттеу жұмыстарының, рефераттардың, жобалардың (пайдаланылған әдебиеттері көрсетілген), қысқаша сипаттамасы бар модельдер мен макеттердің, тізімі көрсетілген шығармашылық жұмыстардың жинағы, сондай-ақ ғылыми конференцияларға, оқу семинарларына, мектептік мейрамдарға, шараларға қатысу.

  4. Пікірлер мен ұсыныстардың портфолисы – оқушының мұғалім ұсынған іс-әрекеттің әлуан түріне қарым-қатынасының сипаттамасы, оқушының өзінің нақты іс-әрекеті мен оның нәтижелеріне жазбаша өзіндік талдауы. Бөлім оқушының адамдарға, оқиғаларға, іс-әрекеттің түрлеріне қарым-қатынасының сипаттамасынан тұрады (БАҚ мақалалары, мақалаға пікір, мұғалімнен, ата-ананың, достарының пікірлері).


Назар аударыңыз!

  1. Портфолио бағдарламасын іске асыру бірнеше жылдарға есептелген, бұл маңызды білім нәтижелерінің траекториясын құруға мүмкіндік береді, баланың жеке дамуын бақылауды қамтамасыз етеді, алған білім, білік, дағдыларын тәжірибе жүзінде пайдалана ару қабілеттерін көрсетеді.

  2. Портфолиомен жұмыс істеу технологияны пайдалануды (іскери ойындар, тренингтер, топтың іс-әрекеттер), баланың өз бетінше жұмыс істеуі мен педагогпен жеке өзара әрекеттестігін қарастырады.

  3. Портфолиомен жұмыс істеуге ата-аналар, пән мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтары, психологтар тартылады. Жұмысқа сынып жетекшісі жетекшілік етеді.

Әдебиеттер



  1. Гайтукаева И.Ю., Юдина И.Г. Тірі бағалау: «Мектептегі портфолио» бағдарламасы. - Панорама , 2006.

  2. Жайтапова А.А. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің кәсіби өсуі. – Алматы, 2006.

  3. Новикова Т.Г. Портфолионың түрлі модельдерін құрастыру. // Әдіскер. – 2005. - №3.

  4. Мектептегі тәрбие беру үрдісін басқару. // Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының ғылыми-әдістемелік журналы. – 2005. - №5





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет