Тақырыбы: Пайымдау мәтіні 1 Білімділік мақсаты



Дата28.06.2017
өлшемі54,15 Kb.
#20301
Тақырыбы: Пайымдау мәтіні

1) Білімділік мақсаты: Оқушылардың 2 - ші сыныпта пайымдау мәтіні туралы

алған білімдеріне сүйене отырып, түсініктерін кеңейте

түсу; мәтінді талдауға, негізгі ойды табуға,ойларын

қорытуға машықтандыру; мәтінді өз ойынан

жалғастыруға дағдыландыру; мәтінге жоспар құруға

үйрету.

2) Дамытушылық мақсаты: Балалардың ой-өрісін, дүниетанымын дамыту;

талдау, қорытындылау қабілеттерін жетілдіру; сөздік

қорын молайту; шығармашылыққа жетелеу.

3) Тәрбиелік мақсаты: Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу; табиғатты танып

білуге,оны қорғауға баулу; сақтық ережелеріне үйрету.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу, музыка, көшеде жүру

тәртібі.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Заманауи ақпараттық технологияны пайдалану,СТО

стратегиялары бойынша дамыта оқыту. Ойын арқылы белсенділігін арттыру әдісі.

Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар,суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру :

( Психологиялық дайындық»)

- Балалар, бүгін біздер «Ғажайыптар еліне» саяхат жасаймыз. Ол үшін сендер сабаққа белсенді, ықыласпен қатысуларың қажет.



«Дидар – ғажайып»

-Балалар,өздеріңмен дидарласып,сабақ өткізгелі отырғаныма өте қуаныштымын.



(Балалармен танысу)

Кіріспе:

-Қазір жылдың қай мезгілі,балалар?(Балалардың жауабы)

- Күз дегенде ойларыңызға не келеді? (астық, жемістер піседі, жапырақтар сарғайып, түседі)

- Дұрыс айтасыңдар, бұл-күз мезгілінде болатын құбылыстар.

- Сендер мына жапырақтардың ішінен ұнатқан түсіңізді таңдап алып, сол бойынша топқа бөлінесіңдер.(Үш топқа бөліну)

Алтын сары,қызыл,көк...

Алуан- алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

- Ал, қане, алтын түсті сары жапырақтарды кім сайлады?

- Әдемі, қызғылт түсті жапырақтарды кім таңдады?

- Бұл мезгіл- күздің басы, қара күз әлі де түсе қойған жоқ. Сондықтан әлі сарғайып үлгермеген, жасыл жапырақтарды кім таңдады?



ІІ. «Білім-ғажайып»

(СТО стратегиясы: сұрақ-жауап арқылы топтастыру,өткенді пысықтау)

1. Мәтін неден құралады?

2. Мәтінді қандай белгісі арқылы анықтауға болады?

3. Мәтінге атты қалай қояды?

4. Мәтіннің тақырыбы деген не?

5. Мәтіндегі негізгі ой нені білдіреді?

6. Мәтіннің қандай түрлерін білесің?

ІІІ. «Ой-ғажайып»

Жаңа сабақ

Нені оқимыз?

Қалай оқимыз?

Не үшін оқимыз?

27-жаттығу. (Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу)

Мәтінді бөліктерге бөліп оқу,талдау, жоспар құру.

Бірінші бөлім. І топ.

Екінші бөлім. ІІ топ.

Үшінші бөлім. ІІІ топ.

- Ал енді, назар аударайық! Мұқият тыңдайық!



(Төртінші бөлімді оқу. Сұрақ қою арқылы талдау, тұжырым жасату.)

- Неліктен талай алмайды?

- Себебі, Көксерек зіңгіттей көк шолақ қасқыр болып шықты. Сондықтан қарала төбет талай алмайды.

Жаттығуды қорытындылау.

а)Пайымдау мәтіні туралы ережені тиянақтау.



Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және не үшін? сұрағына жауап береді.

ә)Мәтіннің идеясы:



Табиғат пен адам арасындағы байланыс.

б)Мәтіндегі негізгі ой:



Түз тағысы қолға үйренбейді. Табиғатқа залал келтірме.

в) Автор туралы не білеміз?

г)Әдебиеттік оқу сабағында М.Әуезовтың қандай шығармаларымен таныстық? («Әбілмансұр», «Әке арманы»).

ІV.Дәптермен жұмыс:

Жоспар:


1. Қасқыр күшігі.

2. Құрмаш пен Көксерек.

3. Көксеректің көрген қорлығы.

4. Көк шолақ қасқыр.

V.«Ұшқыр ой» стратегиясы

Әңгімені әрі қарай өзің жалғастырып көр.



.«Таңғажайып»

(Қосымша ақпарат беру.)

«Көксерек» фильмі туралы қызықты деректер:



Фильмге хайуанаттар бағынан жас қасқырлар алынған. Көксерек болып екі қасқыр ойнаған, екеуін де фильмге түсіру үшін Мәскеу қаласынан арнайы әкелген.

«Қойға қасқыр шабу» көрінісіне түскен қылшық жүнді, теген құйрықты қойлар мал шаруашылығы институтының тәжірибе отарынан алынған.

Фильм Қырғыз тауларының баурайында, Ыстықкөл жағалауында түсірілген.

VІІ.«Табиғат-ғажайып»

28-жаттығу (Пәнаралық байланыс: дүниетану)

а)Талқыла, ойыңмен бөліс, ортаға сал, дәлелде.

б)Мәтінді оқу, талдау, түрлеріне ажырату.

І топ. Бірінші мәтін.

-Бұл мәтіннің қай түріне жатады? (сипаттау)

Себебі, лашынды сипаттайды. /Қандай?/

ІІ топ. Екінші мәтін.

-Бұл мәтіннің қай түріне жатады? ( пайымдау)

Себебі, лашынның біздің елімізде неліктен қорғауға алынғандығы түсіндірілген. /Не үшін? Неліктен?/

ІІІ топ. Үшінші мәтін.

-Бұл мәтіннің қай түрі? (әңгімелеу)

Себебі, болған оқиғаны баяндайды. /Не істеді?/

Жаттығуды қорытындылау

а)Электрондық оқулықтағы тапсырманы орындау.



(Мәтін түрлерін бағытпен сәйкестендіру)

VIII. «Күй-ғажайып»

Сергіту сәті (Пәнаралық байланыс: музыка)



IX. «Қиял-ғажайып»

29-жаттығу (СТО стратегиясы: Не көріп тұрсың? Не айта аласың?)



Суретпен жұмыс:

Шағын мәтін құрап жазу, ат қою, түріне ажырату.

І топ. Бірінші сурет.

ІІ топ. Екінші сурет.

ІІІ топ. Үшінші сурет.

Әр топтан бір оқушы құрған мәтінін қорғайды.



X. «Ойын-ғажайып»

«Жалғасын жаз» ойыны.

І топ. Мен Отанымды сүйемін. Себебі, ...

ІІ топ. Білім-өмір шырағы. Сондықтан, ...

ІІІ топ. Табиғатты қорғау керек. Өйткені, ...

Жауаптарын пайдаланып, постер дайындау.

Сабақты қорытындылау: Рефлексия

Нені оқыдық?

Қалай оқыдық?

Не үшін оқыдық?



Балаларды бағалау, мадақтау.

Үй тапсырмасы: 30-жаттығу. (тапсырманы түсіндіру)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет