IV. Пікірталас: «Ақыл парасаттылығы – мінез жарастығы». Мұгалім сөзі: «Адам ұят, ар, мейірім, әділдік, алдамау деген қасиеттерінен айырыла бастағалы екінші ғасыр. Оның орнына жауыздық, ашқарақтық, озбырлық, опасыздық, кісі өлтіру сияқты көне қалыптағы тағылық жаңа өнерлі түрін тауып, өрлеп барады», - деп ұлы жазушы Ғабит Мүсірепов айтқандай қазіргі заман мен бұрыңғы заман арасында үлкен айырмашылық бар.
Ел болашағы – жастар деп қарайтын заманымыздың кейде құлдырап бара жатқанын көреміз. Жастарымыздың бойынан жігерлік, адамгершілік, қайсарлық пен батылдық, шешендік, адалдық пен адамгершілік қасиеттерінің азайып бара жатқандығына куәміз.