V. Ойланайық, пікірлесейік!!! «Парасат» тобына:
Жақсы мінез, жылы сөз-жан дәруі,
Жігіттің керек мұны аңғаруы.
Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның
Тіптен оңай адасып, сандалуы.
Мінездер бар жақсы-жаман, әр алуан,
Әдептілік әділдіктен нәр алған.
Кең болғанның кем болғанын көрмедім,
Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.
Қ.Нақысбеков
?! Қ. Нақысбековтың өлең жолдарын оқи отырып, «Мінез-адам көрсеткіші» болады деп ойлайсыздар ма?
«Болашақ» тобына:
Ойға түстім, толғандым,
Өз мінімді қолға алдым,
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым.
Өзіме-өзім жақпадым,
Енді қайда сыя алдым?
Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес.
Жүрегімді байқасам,
Инедейін таза емес.
Аршып алып тастауға,
Аспандағы саз емес.
Бәрі болды өзімнен,
Тәңірім салғмн наз емес.
Осыншама ақымақ болғаным
Көрінгенге қызықтым.
Ғаділетті жүректің
Әділетін бұзыппын.
Ақыл мене білімнен
Әбден үміт үзіппін;
Айла менен амалды
Меруерттей тізіппін;
Жалмауыздай жалаңдап,
Ар, ұяттан күсіппін;
Қулық пенен сұмдыққа
Құладындай ұщыппын;
«Сіз білесіз» дегенде
Күнге күйіп, пісіппін;
Мақтанбасқа мақтанып,
Деп жүріппін «пысықпын».
?! - Абай айтқандай адам бойындағы міндердің бүгінгі күндегі көріністері қандай? - Өз бойыңыздағы мініңіз туралы ойланып көрдіңіз бе? VI. Қорытынды. Мұғалім сөзі: Мінез - саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. Сондықтан ақыл парасаттылығы – мінез жарастығы деп айтуымызға толық негіз болады.
Түйін: «Адамның мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім»
Абай.
VII. Марапаттау.