Тақырыбы: «Парасаттылық – мінез жарастығы» Мақсаты



бет1/5
Дата25.03.2022
өлшемі18,9 Kb.
#136693
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Документ

    Бұл бет үшін навигация:
  • Әдісі



Тақырыбы: «Парасаттылық – мінез жарастығы»
Мақсаты:

  • Адам бойындағы асыл қасиеттер мен мінез-құлықтың дұрыс қалыптастыруына негіз болу. 

  • Оқушылардың өз ойын еркін айтуға және шығармашылықпен жұмыстануын дамыту. 

  • Оқушыны ақылдылыққа, адамгершілікке, сабырлылыққа, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Әдісі: пікірталас.
Көрнекілігі: ұлы ғалымдардың, жазушылардың нақыл сөздері, слайд.
Жүрісі:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Іс-шараның мақсатын түсіндіру.
III. Топтарды таныстыру.
IV. Алғы сөз. Мұғалім сөзі: Адам құдіреттілігіне ой жете бермейтін, саналылығының, даналығының, қабілеттілігінің шегі, теңі мен телісі жоқ, киелі де қасиетті, аса күрделі жаратылыс. Әлемдік кеңістікте жасампаз тіршілік иесі – адамзат, биоәлеуметтік шеңберде жеке тұлға. Сезімтал, пайымды, болжамды. Амалы мен тәсілі мың сан. Бүгінгісін ертең қанағат тұтпайтын талғампаз, ізденімпаз, талапты, қажетін таңдай білетін, жоғын таба, барын жаңарта, жасандыра, жетілдіре беретін жаһандағы баламасыз, ішкі жан-дүниесінің тылсымды рухани күші мен сыры әлі түгел ашылып үлгерілмеген жер жүзіндегі кемел кемеңгер.
Адамның дүние-өмір танымдық қуат көзі, нағыз адамдықтың негізі нәзік болмыс –ақыл, ес, ой – өріс, жад, түйсік және сезім. Мінез-саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. Ақыл мен мінез кісіліктің парқын, парасаттылығы мен бітім-келбетін, өмірге жарасымдылығы мен қабілеттілігін анықтаушы, сондай-ақ бірін-бірі толықтырушы, жетілдіруші саналық категория.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет