Тақырыбы: «Парасаттылық – мінез жарастығы» Мақсаты



бет3/5
Дата25.03.2022
өлшемі18,9 Kb.
#136693
1   2   3   4   5
Байланысты:
Документ

    Бұл бет үшін навигация:
  • Пайым
«Болашақ» тобы
Майсарахон: Ақыл — адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет. Ежелгі ойшылдар еңбектерінде ақылдың екі деңгейі болатыны айтылады. Ол — пайым және парасат. Пайым— ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны. Парасат — ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті. «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса - адамгершілік ұтады» - деп ұлы ғалым Әбу Нәсір әл-Фараби айтқандай мінез бен ақыл жарасса ғана адамгершілікке, сабырлылыққа қол жеткіземіз.
Мухамадали: Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты және маңғаздықты ерекше атаған жөн. Қазақ халқының әдеп-қалпы көшпенділер мәдениетінің, салт-дәстүрінің уақыт ілгері жылжыған сайын кезеңімен өзгерген, әр дәуірде, әр қоғамдық құрылымда өмір елегінде екшеліп, талғамына сай сұрыпталып, ұлттық сипатын сақтай отырып жетілдірілген мінез-құлықтың ақ адал үлгісі. Әрбір адамның жетістікке жетуі оның тек ақылымен жектелмейді, сондай-ақ оның мінезіне де байланысты. Үлкен істің басын алып жүру үшінде сол ақылды адамға көркем мінез де қажет. Ақыл мен мінез жарасса ғана адам көп жетістікке жетеді. 
Нафисабону: «Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады» - дана Абай. Мінездің түрі өте көп. Мінездің жақсы болып қалыптасуы тәрбиеге, жеке тұлғаның ақыл-санасына байланысты. Ақыл бар жерде көркем мінезде болуға тиіс, себебі бұл екі ұғым – егіз ұғым. Ақыл мен мінезді бөліп қарастыруымыз дұрыс емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет