Тақырыбы: «Патриотизм ұлттық рухтың асқақ белгісі» Мақсаты



бет1/6
Дата19.12.2021
өлшемі26 Kb.
#103427
  1   2   3   4   5   6

Тақырыбы: «Патриотизм - ұлттық рухтың асқақ белгісі»

Мақсаты: Елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Жас ұрпақты сүйіспеншілікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға – апалардың ерлігін үлгі ету.

1-жүргізуші: Армысыздар! Құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын өз еліміздің яғни Қазақстанымыздың әнұранымен бастамақпыз. Қандай бір халық болмасын Отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай Отанын, жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу, көне заманнан өзімен бірге дамып келеді.



2-жүргізуші: Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Өз бойымызда және бабаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек». Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады», - деген сөзінің өзі «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзі дәлме – дәл келгендей.

1-жүргізуші: Қазақстандық патриотизмнің негізі – ежелгі ұлттық, салт – дәстүр, әдет – ғұрып, аңыз – ертегілер, жырлар, кеңестік ортақ дәуір, Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – Қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады. Осыған орай бүгінгі кешімізді үш кезеңге бөліп отырмыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың кезеңдері:

1. Ежелгі ұлттық салт – дәстүр, әдет – ғұрып, аңыз – ертегілер, жырлар сыр шертеді (сұрақ – жауап).

2. Әдеби монтаж.

3. Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – Қазақстандық батырлардың ерліктері.



1 кезең. Ежелгі ұлттық салт – дәстүр, әдет – ғұрып, аңыз – ертегілер, жырлар сыр шертеді (сұрақ – жауап). Сұрақтарға гүлдерді таңдау арқылы жауап береді.

1.«Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген» өлеңінің авторы кім? (Ж. Молдағалиев) Міне керемет, бұл өлеңнің тарихы өте жақсы қазақтың қазақ

екенін білдіреді. Олай болса барлығымыз осы өлеңнің бірер шумағын қайталап көрейік.

2. Қазағымыздың әйгілі үш данасын кім біледі? (Абай, Шоқан, Ыбырай)

3. Қазақтың ұлттық ойындарын ата (ханталапай, қыз қуу, бәйге, күрес, көкпар, тоғызқұмалақ, асық)

4. Қасиетті киіз үйдің құрылысы (шаңырақ, уық, кереге, иіні, түндік, туырлық)

5. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата (домбыра, қобыз, сазсырнай, дауылпаз, жетіген).

1-жүргізуші: Иә, дұрыс оқушылар, соның ішіндегі домбыра – сан ғасырлардан бері қазақтың сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар.

2-жүргізуші: Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра демекші, Қабылда Дильназ, Асылбек Майдос, Жиренов Ғайниден ұл – қыздарыңыздың қолынан қасиетті домбыраның үнін тыңдайық. Күй «Сарыарқа».

6. Туған жер, отан, еңбек туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер? ( «Туған жердің тауы ыстық», «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі».

7. Батырлар туралы қандай жырларды білесіңдер? (Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Қамбар батыр).

8. Қазақ халқының салт – дәстүрлерін атаңыз (беташар, жар-жар, шілдехана, тілашар, бесік той, сүндет той, қыз ұзату, сыңсу, тұсаукесер, асар, шаңырақ көтеру).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет