Жиренов Ғайниден: Елім, жерім қорғайтын ерім болып,
Ер жеттім ен далада лықа байып.
Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен,
Бір кезде Еуропаңды тітіреткен.
Кіргені есік, шыққаны тесік болып,
Күнбатыс, Күншығысқа әмірі жеткен.
Қабылда Дильназ: «Туған жер»
Шықшы тауға қарашы, кең далаға,
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.
О шеті мен бұ шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?
Уа, дариға, алтын бесік – туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр.
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
Баймуханбетова Аида: «Отан туралы»
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Санах Құралай : Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Достарыңызбен бөлісу: |